Спорт

Үшінші рет күміспен күптелдік!

«Ақтөбе» футбол клубы ең соңғы турдағы жеңіс арқылы екінші орынға шықты

2005, 2007, 2008, 2009, 2013 — Қазақстан чемпионы.

2006, 2010, 2014 — Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері.

2011 және 2012 — Қазақстан чемпионатының қола жүлдегері.

2008 — Қазақстан Кубогы жеңімпазы.

2008, 2010, 2014 — Қазақстан Суперкубогы жеңімпазы.

Қазақстан чемпионаттарының қорытындысында «Ақтөбе» осымен қатарынан оныншы рет алғашқы үштіктен көрініп отыр. Бұл — рекорд. Бұған дейін чемпионаттарда жыл сайын қатарынан  «Тобыл» 7 рет, «Ертіс» 5 рет осындай жүлдегерлер сапына іліккен екен.

Бас бапкер Владимир Газзаев.

 

*   *   *

 

Алғаш рет чемпион атанған «Астана» келер жылы УЕФА Чемпиондар лигасында өнер көрсетпекші.

Ал «Ақтөбе», «Қайрат» және «Ордабасы» УЕФА Еуропа лигасында бақ сынайды.

Биыл мықтылар қатарына 9 жылдан соң қайта қосылған семейлік «Спартак» бәскелестікке төтеп бара алмай, келер маусымда қайтадан бірінші лигада ойнайтын болды.

Ал чемпионатты 11-орынмен аяқтаған «Тараз» командасы бірінші лигада екінші орын алған шымкенттік «Қыранмен» Премьер-Лигаға берілетін жолдама үшін таласқа түседі.

 

 

Қазақстанның ХХІІІ чемпионаты

қорытынды кесте

 

1-6 орындар

 

Командалар           О         Ұ          Т         Ж        Д         Ұп

 

1 Астана          32   18       10       4          63-26  45 

2 Ақтөбе      32       17       10       5          52-31  40

3 Қайрат      32       18       5          9          58-31  38

4 Ордабасы 32       13       5          14       34-44  27

4 Қайсар       32       10       13       9          30-34  27

6 Шахтер       32       11                   15       41-49  21

 

7-12 орындар

 

7 Тобыл         32       10       12       10       35-35  26

8 Жетісу        32       10       8          14       21-31  25

9 Атырау       32       10       7          15       30-42  25

10 Ертіс        32       9          10       13       39-44  25

11 Тараз       32       9          7          16       32-45  25

12 Спартак   32       7          7          18       29-52  21

 

*О — ойын, Ұ — ұтыс, Т — тең, Ж — жеңіліс, Д — доп айырмашылығы, Ұп — ұпай.

 

Кездесулер статистикасы

 

Алаң иелері мен қонақтар

 

Барлығы 192 кездесу өткізілді.

Чемпионат барысында 31-турдағы бір кездесудің есебі жойылды, яғни «Ақтөбемен» өткізілген ойында легионерлерді алаңға артық мөлшерде шығарғаны үшін «Қайрат» командасына 0:3 есебімен техникалық жеңіліс жазылды. Дегенмен онсыз да «Қайрат» бұл кездесуде 0:1 есебімен жеңілген болатын.

101 кездесуде алаң иелері жеңді.

41 рет қонақтар басым түсті.

50 ойын тең есептермен аяқталды.

 

Гол!

 

Барлық кездесулерде 464 гол соғылды.

Әр ойында орта есеппен 2,43 гол соғылды.

Алаң иелері соққан гол — 295.

Қонақтардың үлесі — 169.

 

Ең көп қайталанған есептер

 

1:0 — 45 рет;

2:1 — 26 рет;

1:1 — 24 рет.

 

Бір рет қана тіркелген есептер

 

7:1; 5:3; 5:2; 4:3; 3:3; 4:2.

 

Гол ең көп соғылған тур

 

26 гол — 7-тур, 19 сәуір:

«Тараз»-«Атырау» — 3:3; «Спартак»-«Жетісу» — 1:1; «Шахтер»-«Ордабасы» — 3:1; «Ақтөбе»-«Қайсар» — 3:0; «Ертіс»-«Астана» — 3:4; «Тобыл»-«Қайрат» — 2:2.

 

Гол ең аз соғылған тур

 

4 гол — 2-тур, 22 наурыз:

«Ордабасы»-Астана» — 0:1; «Спартак»-«Ертіс» — 0:0; «Шахтер»-«Ақтөбе» — 1:1; «Қайсар»-«Тараз» — 0:0; «Атырау»-Тобыл» — 0:0; «Жетісу»-«Қайрат» — 1:0.

 

Ең ірі есептер

 

7:1 — 1 рет;

6:1 — 2 рет;

5:0 — 3 рет;

4:0 — 2 рет;

5:1 — 3 рет.

 

Ең нәтижелі кездесулер

 

7:1 — 1 рет;

5:3 —1 рет.

 

Ірі есеп ең көп тіркелген тур

 

11-тур, 10 мамыр

«Спартак»-«Қайрат» —2:5;

«Шахтер»-«Тобыл» — 4:1;

«Ақтөбе»-«Ертіс» — 3:0.

 

Ең көп (ең аз) жеңістер

 

Өз алаңында ең көп жеңіске ие болған командалар — «Астана» мен «Ақтөбе»: 12 жеңіс.

Ең аз жеңіс иесі — «Қайсар»: 6 жеңіс.

Сырт алаңда ең көп жеңіске ие болған команда — «Қайрат»: 7 жеңіс.

«Спартак» чемпионат бойына сырт алаңда бірде-бір жеңіске жете алмады.

 

Ең көп (ең аз) ұтылыстар

 

Өз алаңында «Ақтөбе» бірде-бір рет жеңілген жоқ.

Ең көп ұтылған команда — «Тараз», 6 рет жеңіліп қалды.

Сырт алаңда ең көп жеңілген команда — «Спартак», 14 рет ұтылды.

Ал «Астана» сырт алаңда 3 рет қана жеңілді.

 

Тең текетірестер

 

Өз алаңында ең көп тең ойнаған команда — «Қайсар», 7 рет итжығыс түсті.

Сырт алаңда ең көп тең ойнаған команда — «Астана», бұлар да алаң иелерімен 7 рет «тату» тарқасты.

 

Көп. Аз.

 

Өз алаңында ең көп гол соққан команда — «Астана»: 45 гол.

Өз алаңында ең көп гол соққан команда — «Қайрат»: 21 гол.

Өз алаңында қақпасына ең аз гол енгізген команда — «Ақтөбе»: 5 гол.

Сырт алаңда ең аз гол енгізген команда — «Астана»: 16 гол.

 

Бірде-бір рет…

 

«Ақтөбе» өз алаңында бірде-бір рет жеңілген жоқ.

«Спартак» сырт алаңда бірде-бір рет ұтысқа ие болған жоқ.

«Шахтер» сырт алаңда бірде-бір рет тең ойнаған жоқ.

 

Алғашқы ондық. Үш ақтөбелік

 

1. Фокси Кетевоама («Астана») — 16 гол;

2. Милош Трифунович («Атырау») — 13 (6 доп — 11 метрлік айып добы));

3. Жерар Гоу («Қайрат») — 12;

4. Константин Дудченко («Ертіс»)  — 11 (1);

5. Патрик Твумаси («Астана») — 10;

6. Михрет Топчагич («Шахтер») — 10 (1);

7. Марат Хайруллин («Ақтөбе») — 9 (1);

8. Алексей Антонов («Ақтөбе») — 8;

9. Маркос Пиззелли («Ақтөбе») — 8,

10. Римо Хунт («Қайсар») — 8.

 

Біздің кездесулеріміз

 

Бірінші кезең. Бірінші айналым

 

1-тур. «Тараз»-«Ақтөбе» — 0:2

2-тур. «Шахтер»-«Ақтөбе» — 1:1.

3-тур. «Ақтөбе»-«Спартак» — 3:0.

4-тур. «Атырау»-«Ақтөбе» — 0:0.

5-тур. «Ақтөбе»-«Жетісу»  — 1:0.

6-тур. «Ордабасы»-«Ақтөбе» — 1:0.

7 тур. «Ақтөбе»-«Қайсар» — 3:0.

8-тур. «Астана»-«Ақтөбе» — 1:2.

9-тур. «Ақтөбе»-«Қайрат» — 1:0.

10-тур. «Тобыл»-«Ақтөбе» — 0:2.

11-тур. «Ақтөбе»-«Ертіс» — 3:0.

 

Бірінші кезең. Екінші айналым

 

12-тур. «Ақтөбе»-«Шахтер» — 4:0.

13-тур. «Спартак»-«Ақтөбе» — 0:1.

14-тур. «Ақтөбе»-«Атырау» — 0:0.

15-тур. «Жетісу»-«Ақтөбе» — 1:0.

16-тур. «Ақтөбе»-«Ордабасы» — 1:1.

17-тур. «Қайсар»-«Ақтөбе» — 2:2.

18-тур. «Ақтөбе»-«Астана» — 1:1.

19-тур. «Қайрат»-«Ақтөбе» — 7:1.

20-тур. «Ақтөбе»-«Тобыл» — 3:1.

21-тур. «Ертіс»-«Ақтөбе» — 1:1.

22-тур. «Ақтөбе»-«Тараз» — 2:0.

 

Екінші кезең. Бірінші айналым

 

23-тур. «Ақтөбе»-«Ордабасы» — 4:1.

24-тур. «Ақтөбе»-«Астана» — 3:0.

25-тур. «Шахтер»-«Ақтөбе» — 1:1.

26-тур. «Ақтөбе»-«Қайсар» — 0:0.

27-тур. «Қайрат»-«Ақтөбе» — 2:0.

 

Екінші кезең. Екінші айналым

 

28-тур. «Астана»-«Ақтөбе» — 6:1.

29-тур. «Ақтөбе»-«Шахтер» — 3:1.

30-тур. «Қайсар»-«Ақтөбе» — 2:2.

31-тур. «Ақтөбе»-«Қайрат» — 1:0.

32-тур. «Ордабасы»-«Ақтөбе» — 1:3.

 

Біздің мергендеріміз

 

Марат Хайруллин (жартылай қорғаушы) — 9 доп (1-еуі пенальтиден соғылды);

Алексей Антонов (шабуылшы), Маркос Пиззелли (жартылай қорғаушы) — 8;

Игорь Зенькович (шабуылшы) — 6 доп (2-еуі пенальтиден);

Данило Неко (шабуылшы) — 5;

Александр Гейнрих (шабуылшы) — 3 (1);

Дмитрий Мирошниченко (қорғаушы), Юрий Логвиненко (қорғаушы), Валерий Коробкин (жартылай қорғаушы) — 2;

Павел Шабалин (шабуылшы), Тимур Кападзе (жартылай қорғаушы), Андерсон Сантана (қорғаушы), Роберт Арзуманян (қорғаушы), Асхат Тағыберген (жартылай қорғаушы), Дидар Жалмұқан (жартылай қорғаушы) — 1;

1 допты Сигурни Банджар («Тараз») өз қақпасына соғып алды.

 

*   *   *

«Ақтөбе» командасының негізгі құрамындағы және басқа да футболшылар:

Қақпашылар Андрей Сидельников, Алмат Бекбаев, Станислав Павлов.

Қорғаушылар Алексей Мулдаров, Петр Бадло, Роберт Примус.

Жартылай қорғаушылар Андрей Харабара, Тарас Царикаев, Евгений Дяденко, Евгений Левин.

Шабуылшы Абат Айымбетов.

 

Легионерлер

 

Роберт Примус (Тринидад), Роберт Арзуманян (Армения), Андерсон Сантана (Бразилия), Тарас Царикаев (Ресей), Маркос Пиззелли (Армения), Тимур Кападзе (Өзбекстан), Данило Неко (Бразилия), Игорь Зенькович (Беларусь), Алексей Антонов (Украина).

 

Жеке көрсеткіш

 

«Ақтөбе» өз алаңында 16 кездесу өткізді: 12 рет жеңіп, 4 рет тең ойнады, ұтылған жоқ. 35 гол соқты, өз қақпасына 5 гол енгізді.

Сырт алаңда 16 кездесу өткізіп, 5 рет ұтып, 6 рет тең түсті, 5 рет жеңілді. Қарсыластар қақпасына 19 гол соғып, өз қақпасына 26 доп жіберіп алды.

 

200-ші кездесу. 60 гол

 

26 жастағы Юрий Логвиненко «Ордабасымен» өткен кездесуде Қазақстан чемпионаттарындағы 200-ші ойынын өткізді. 17 жасында «Ақтөбенің» негізгі құрамына алынған ол 21 жасында үш рет Қазақстан чемпионы болды. Қазір төрт дүркін чемпиондар қатарында жүр.

Қазақстан чемпионаттарында ақтөбеліктерден бұдан көп ойнаған футболшы біреу ғана.

Марат Хайруллин 204 кездесуге қатысты. «Астана» командасымен болған кездесуде М.Хайруллин Қазақстан чемпионаттарындағы 60-шы голын қақпаға енгізгенін еске сала кетпекпіз.

 

Салтанатты сәт

 

«Ақтөбе» футболшыларын марапаттау рәсімі 23 қараша күні Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театрында өткізілгелі отыр.

Қазақстан Кубогы үшін өткізілетін финалдық ойынның келесі күні, 23 қарашада 17.00-де театрда күміс жүлде иелеріне лайықты құрмет көрсетіледі. Еске сала кетейік, 22 қараша күні «Қайрат» пен «Ақтөбе» арасында Қазақстан Кубогының финалдық кездесуі өтеді.

Бұдан соң ойыншылар демалуға кіріспекші.

 

Жаңғырық

 

Өткен 2013 жыл қалай аяқталып еді?

 

1-6 орындар

 

1. «Ақтөбе» — 43 ұпай

2. «Астана» — 42

3. «Қайрат» — 33

4. «Шахтер» — 26

5. «Ордабасы» — 26

6. «Ертіс» — 24

 

7-12 орындар

 

7. «Тобыл» — 35 ұпай

8. «Атырау» — 28

9. «Жетісу» — 22

10. «Тараз» — 21

11. «Восток» — 20

12. «Ақжайық» — 19

 

«Ақтөбе» және еуропа командалары

 

Биылғы маусымда Еурокубоктар үшін болған додада «Ақтөбе» 6 кездесу өткізді: 2 ұтыс, 1 тең ойын, 3 жеңіліс.

Бұл көрсеткіштерді төмендегіше тарқатуға болады.

УЕФА Чемпиондар лигасы. Екінші іріктеу кезеңі.

16 шілде. «Динамо» (Тбилиси, Грузия)-«Ақтөбе» — 0:1.

Гол авторы Данило Неко.

23 шілде. «Ақтөбе»-«Динамо» (Тбилиси, Грузия) — 3:0.

Гол авторлары: Алексей Антонов, Игорь Зенькович, Абат Айымбетов.

УЕФА Чемпиондар лигасы. Үшінші іріктеу кезеңі

30 шілде. «Ақтөбе»-«Стяуа» (Бухарест, Румыния) — 2:2.

Біздің командадан гол соққандар: Валерий Коробкин, Роберт Арзуманян.

6 тамыз. «Стяуа» (Бухарест, Румыния)-«Ақтөбе» — 2:1.

Біздің командадан Тимур Кападзе гол соқты.

УЕФА Еуропа лигасы. Плей-офф кезеңі.

21 тамыз. «Ақтөбе»-«Легия» (Варшава, Польша) — 0:1.

28 тамыз. «Легия» (Варшава, Польша)-«Ақтөбе» — 2:0.

Осылайша, «Ақтөбе» алты ойында қарсыластар қақпасына 7 гол енгізіп, өз қақпамызға да дәл сондай 7 доп кіргізіп алды.

Ал «Легия» қақпасына екі кездесуде де бірде-бір доп соға алмауы — «Ақтөбенің» Еуропа кубоктарына қатыса бастаған 2006 жылдан бергі алғашқы «антирекорды».

 

Әзірлеген Ертай АШЫҚБАЕВ.

 

Тоғызыншы рет

 

«Ақтөбе» Қазақстан чемпионаттарында жанкүйерлері көптігі жөнінен тоғызыншы рет ілгері шықты.

Биыл «Ақтөбе» ойындарын 185 700 жанкүйер тамашалады. Әр кездесуге орта есеппен 5 803 жанкүйер келді.

Екінші орында «Қайрат» — 180 650 жанкүйер, үшінші орын иесі «Астана» — 133 600 жанкүйер.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button