Спорт

Жерлесіміздің жүлдесі

Бокс

Жақында Талдықорған қаласында бокстан жасөспірімдер арасында халықаралық турнир өтті.

Жарысқа Қырғызстан, Тәжікстан елдерінен және Қазақстанның 14 облысынан барлығы 146 спортшы қатысты. Облысымыздың намысын қорғаған жас боксшымыз Қанағат Қартбаев 60 келі салмақ дәрежесінде күміс медальді жеңіп алды.

— Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Қанағат 4 жекпе-жек өткізіп, ақтық сында Шығыс Қазақстан облысының спортшысына есе жіберіп, 2-орынды иеленді, — дейді жас боксшының жаттықтырушысы Тағыберген Қазиханов. — Қанағат болашағынан зор үміт күттіретін жас спортшылардың бірі. Бұған дейінгі бірнеше жарыстарда да топ жарып, жүлделерге ие болды.

 

Қалдыгүл МЫРЗАТАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button