Спорт

«Астана» — ел чемпионы!

Футбол

 31 қазанда 31-тур матчында «Астана» өз алаңында «Қайсарды» 3:0 есебімен ұтып, чемпиондық тәжге бір қадам жақындап алды. Алайда басты мәселе өзін өкшелеп келе жатқан «Қайраттың» Ақтөбедегі ойынына байланысты болды. Астаналықтардың қуанышына орай, «Ақтөбе» алматылықтарды 1:0 есебімен жеңіп, «Қайраттың» алтын медальдан үмітін үзіп тастады. Сонымен «Астана» чемпион атанды.  

 

Дидардың алғашқы голы

Алтынның ауылын алыстатып алып, күміске ғана дәмелі болып қалған жерлестеріміз өз алаңында әлі де чемпиондықтан үмітін үзе қоймаған «Қайратты» қабылдады. 18 жастағы жас футболшы Дидар Жалмұқан Премьер-лигадағы алғашқы голын соғып, жеңіс сыйлады.

Қобыланды батыр атындағы орталық стадионға жиналған сегіз мың жанкүйер «Ақтөбе» футболшыларынан тек жеңіс күткен болатын. Өйткені бұдан бұрын Алматыда ойсырай ұтылғанында барша ақтөбеліктердің ренжіп қалғаны белгілі.

Ойын өте тартысты өтті. Алтын тәжден үміткер алматылықтар барын салды. Кездесу басталысымен қонақтар Андрей Сидельников қорғаған қақпаға қауіп төндірумен болды. Риера мен Исаэль Андрейдің қақпасын дәл көздеуге мүмкіндігі болды. Бірақ біздің қақпашы позицияны дұрыс ұстап, голдан аман алып қалды.

Ақтөбеліктер де жиі шабуыл жасады. Алайда алматылықтардың қақпашысы Сергей Ткачук үнемі өз орнынан табылды. Екі жақтың алма-кезек шабуылы нәтижесін бермей жатты. Тек 75-минутта Ақтөбе футболының түлегі Абат Айымбетовты алмастырған тағы бір жас өрен Дидар Жалмұқан шыққанда ойын қыза түсті. Биылғы жылы негізгі құрамға алынып, екінші рет қана алаңға шыққан Дидар жастығына қарамастан, қарсыластардың қорғаушыларын бірнеше рет алдап өтіп, әбден састырды. Дидардың гол соқсам деген тілегі 83-минутта орындалды. Маркос Пиззелли бұрыштама орындап, допты қарсыластардың айып алаңына асырды. Допты «Қайраттың» қорғаушысы кері тепті. Кейін қайтқан допты Тарас Царикаев қақпаға бағыттады. Бірақ жерлетіп тебілген доп Дидардың аяғына келе қалды. Осы сәтте жас футболшы ойланбастан допты Ткачук қорғаған қақпаның оң жақ «тоғыздығынан» бір-ақ шығарды. Гол!

Кездесуден кейін болған баспасөз мәслихатында қонақтардың бас жаттықтырушысы Владимир Вайс екі қақпашының жанкештілігін атап өтті. Алдағы турда күміс медаль және Қазақстан Кубогы үшін күресе беретінін де қадап айтты.

Ал Владимир Газзаев Мирошниченко, Логвиненко, Тағыберген секілді негізгі футболшылардың ойнамағанын, бірақ Абат Айымбетов пен Дидар Жалмұқан сынды жастардың көңілінен шыққанын айтты.

«Ақтөбе» – «Қайрат» — 1:0 (0:0)
Гол: Жалмұқан, 83
Ескерту алды: Мулдаров, 62; Арзуманян, 63; Хайруллин, 63; Жалмұқан, 83; Едигарян, 25; Дарабаев, 42; Қуат, 42, Михалик, 63.
«Ақтөбе»: Сидельников, Арзуманян, Мулдаров, Сантана, Коробкин, Пиззелли, Хайруллин (к), Царикаев, Айымбетов (Жалмұқан, 75), Антонов (Зенькович, 89), Неко (Шабалин, 90+2).
«Қайрат»: Ткачук, Гурман, Михалик, Рудосельский (Маркович, 69), Дарабаев, Едигарян, Исаэль, Исламхан (к), Қуат (Ли, 87), Лунин (Гоу, 83), Риера.
31-тур мәліметтері
«Ордабасы» – «Шахтер» — 3:2 (2:1).

Гол: Нұрғалиев, 18 (1:0); Касьянов, 27 (2:0); Муртазаев, 41 (2:1); Тәжімбетов, 65 (3:1); Ғабышев, 82 (3:2).
Ескерту алды: Нұрғалиев, 44 — Байжанов, 50; Муртазаев, 76.
«Тобыл» – «Жетісу» — 2:0 (1:0)
Гол: Сүлей, 31 (1:0); Жұмасқалиев, 78 (2:0).
Ескерту алды: Шливич, 28 — Шаихов, 86.
«Спартак» – «Атырау» — 3:1 (1:0).
Гол: Нұрлыбаев, 5 (1:0); Генев автогол, 64 (1:1); Дюлгеров, 84 (2:1); Сәкенов, 90+2 (3:1).
Ескерту алды: Рудик, 31; Обрадович, 35 — Шакин, 34.
«Тараз» – «Ертіс» 0:3 (0:1).
Гол: Валеев, 34 (0:1); Бегалин, 67 (0:2); Иванов 77 (0:3).
Ескерту алды: Недашковский, 14; Сергиенко, 26; Досмағамбетов, 81; Башлай, 81 — Булгару, 26; Иванов, 60; Валеев, 74; Бурзанович 82.
Алаңнан қуылды: Сергиенко, 35.
«Астана» – «Қайсар» — 3:0 (1:0).
Гол: Твумаси, 13 (1:0); Шомко, 71 (2:0); Кетевоама, 78 (3:0).
Ескерту алды: Фурдуй, 27; Розыбакиев, 40; Калинин, 48; Яблан, 77.

 

Бердібай КЕМАЛ.

 

Турнир кестесі

(1-6 орын)

Орын Команда Ойын Жеңіс Тең Жеңіліс Доп Ұпай
1 «Астана» 30 17 10 3 60 – 21 42
2 «Қайрат» 31 18 5 8 56 – 28 38
3 «Ақтөбе» 30 15 10 5 46 – 30 34
4 «Ордабасы» 31 13 5 13 33 – 41 27
5 «Қайсар» 31 9 13 9 28 – 33 24
6 «Шахтер» 31 11 6 14 40 – 47 21

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button