Ресми

Тағайындаулар

«Ақтөбе ӘКК» ҰК» АҚ-ның бірден-бір акционерінің (Ақтөбе облыстық қаржы басқармасы) 2014 жылғы 1 қазандағы шешімімен Әлімжан Ержанұлы Үсенғалиев «Ақтөбе ӘКК» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметіне тағайындалды.

 

Әлімжан Ержанұлы ҮСЕНҒАЛИЕВ

 

1975 жылы дүниеге келген. Қазақ көлік және коммуникациялар академиясын хабарлау жолдарының инженері-құрылысшы, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін тау кен инженері-мұнайшы мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Алғашқы еңбек жолын 1997 жылы Ақтөбе теміржол колледжінде оқытушыдан бастап, кейін деканнның орынбасары қызметін атқарған.

Әр жылдары Ақтөбе қаласы әкімдігінің аппаратында бас маман, «Запказнедра» ММ  бөлім бастығы, «ҚР минералды ресурстар мен геология ақпараттық-талдау орталығы» РМК Ақтөбе филиалында директор,  «Батыс» ӘКК» ҰК» АҚ жер қойнауы департаментінде директор, Алға ауданы Қарақұдық ауылдық округінің әкімі қызметін атқарды.

2011 жылғы тамыз айынан бастап — облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы.

 

Балғали Құрманғалиұлы Ордабаев «Ақтөбе ӘКК» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы қызметінен өз өтініші негізінде босатылды.

 

*****

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2014 жылғы 7 қазандағы өкімі бойынша Мұхтар Сабырұлы Жұмағазиев Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды.

 

Мұхтар Сабырұлы ЖҰМАҒАЗИЕВ

 

1956 жылы дүниеге келген. Алматы мал дәрігерлік институтын зооинженер  және  Алматы экономика және статистика академиясын экономист мамандығы бойынша аяқтаған.

Еңбек жолын 1980 жылы Ақтөбе облысы Қобда ауданының «Қобда» совхозында зоотехник қызметінен бастаған.

Қобда ауданындағы Ильич атындағы колхоздың партком хатшысы, Қобда аудандық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі, Қобда аудандық ауылшаруашылық басқармасы бастығының бірінші орынбасары,  Қобда ауданындағы  «Серп и молот» колхозының басқарма төрағасы, Ақтөбе облысындағы Исатай, Қобда, Қарғалы, Ойыл  аудандарының әкімі, Ақтөбе облыстық жолаушылар көлігі және автомобилдер жолдары басқармасының басшысы қызметін атқарған.

2011 жылдың қаңтар айынан бастап — Ақтөбе облыстық ауылшаруашылығы басқармасының басшысы қызметін атқарып келді.

Мұхтар Жұмағазиев ауылшаруашылығы және агроөнеркәсіп кешенін дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, әскери жұмылдыру жұмыстары және азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардың алдын-алу және жою, қылмысқа қарсы күрес және т.б. мәселелерге жетекшілік етеді.

 

Бұрын осы лауызымды атқарған Тағымов Марат Мырзағалиұлы 2014 жылғы 1 қазан күні Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды.

 

****

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы » Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің 2014 жылғы 7 қазандағы өкімі бойынша Нұржан Байдәулетұлы Аққұл аудару тәртібімен «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы болып тағайындалды.

 

 

Нұржан Байдәулетұлы АҚҚҰЛ

 

1961 жылы туған. Алматы халық шаруашылығы институтын экономист мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1982 жылы Байғанин аудандық қаржы бөлімінде аға экономист ретінде бастап, кейінірек кіріс бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Әр жылдарда Крупская атындағы кеңшардың бас бухгалтері болды, Байғанин аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінде жұмыс жасады.

Байғанин, Мұғалжар аудандарында салық комитетінің төрағасы, кейін Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары болды.

 

2013 жылдың маусым айынан бастап — Ақтөбе облысы Байғанин ауданының әкімі.

 

****

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 19 мамырдағы №86 «Облыстық маңызы бар қалалар мен облыстар аудандарының, облыстық маңызы бар қалалардағы аудандардың, республикалық маңызы бар қала мен астанадағы аудандардың әкімдерін қызметке тағайындау, өкілеттігін тоқтату және қызметтен босату тәртібі туралы» Жарлығына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 10 наурыздағы №357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы Ережені бекіту туралы» Жарлығына сәйкес, Ақтөбе облысының әкімі А.Б.Мұхамбетовтің  2014 жылғы 7 қазандағы өкімі бойынша Мамырғали Досқұлұлы Аққағазов Байғанин аудандық мәслихатының келісімімен және 2014 жылғы 7 қазандағы еңбек шарты негізінде Байғанин ауданының әкімі болып тағайындалды.

 

Мамырғали Досқұлұлы АҚҚАҒАЗОВ

 

1964 жылы дүниеге келген. Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын инженер-механик мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1986 жылы инженер, кейін Алға ауданының «Париж коммунасы» ұжымшарында бас инженер қызметінен бастаған.

Әр жылдары «Париж коммунасы» ұжымшарын, «Ақай» өндірістік кооперативін, Алға ауданындағы «Дәурен» шаруа қожалығын басқарған.

Алға қалалық округінің әкімі, «Алға-жылу» КМК директоры, Ильинка ауылдық округінің әкімі, Алға ауданы әкімінің, Байғанин ауданы әкімінің орынбасары, кейін Байғанин ауданының әкімі қызметтерін атқарды.

2013 жылдың мамыр айынан бастап — Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының басшысы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button