Ресми

Халықаралық мүгедектер күніне дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспары

1. Жоғары сынып оқушыларының қарттар мен мүгедектердің үйлерінде көмек көрсету акциясы, 1-10 қазан, тұрғылықты мекенжайы бойынша.

2. Мүгедектерді құттықтау және азық-түлік жиынтықтарын беру, 1-10 қазан, тұрғылықты мекенжайы бойынша.

3. «Шектеулі мүмкіндік — шектеусіз ақпарат» ақпарат күні, кездесу, 3 қазан сағат 15.00, Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы.

4. Мүмкіндіктері шектеулі азаматтарға арналған қайырымдылық түскі астар (шақыру билеттері бойынша), 4-9 қазан аралығында, қаланың мейрамханалары мен кафелері.

5. Қазақ-орыс Халықаралық университетінің ұйымдастыруымен «Жан жылуы» қайырымдылық концерт, 7 қазан сағат 15.00, облыстық қарттар және мүгедектер интернат үйі.

6. «Сыңғырласын әрқашан балалықтың күлкісі». Мерекелік-концерттік бағдарлама,

8 қазан сағат 15.00, №7 арнайы түзету мектебі.

7. Қурайлы ауылдық округінің мүмкіндігі шектеулі тұрғындарына азық-түлік жиынтықтарын үйлестіру, 8 қазан, күні бойы, Қурайлы ауылдық округі.

8. «Мы дарим вам волшебный квиллинг». Мүгедек балаларға арналған квиллингтен шеберлік класс, 9 қазан сағат 15.00, Ақтөбе қалалық сал ауруына шалдыққан азаматтарды қолдау орталығы.

9. Медициналық  көмек қажет ететін мүгедектерге кеңес беру, 10 қазан сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, денсаулық сақтау мекемелері.

10. Мүгедектерге үйлерінде қалалық денсаулық сақтау мекемелерінің әлеуметтік жұмысшыларымен психологиялық консультациялар беру, 10 қазан сағат 10.00-ден 18.00-ге дейін, тұрғылықты мекенжайы бойынша.

11. Благодар ауылдық округінің мүмкіндігі шектеулі тұрғындарына азық-түлік жиынтықтарын үйлестіру, 10 қазан, күні бойы, Благодар ауылдық округі.

12. «Пейілі кең, жүрегі дархан асыл жандар». Мерекелік концерт, спорттық сайыстар, 10 қазан сағат 10.00, облыстық қарттар және мүгедектер интернат үйі.

13. «Я все могу, я все умею». Техникалық және қолданбалы шығармашылық көрме, 10 қазан сағат 10.00, қалалық техникалық шығармашылық орталығы,

Новаторов көшесі, 7.

14. «Жүректен жүрекке». Мүгедек балалар үшін қайырымдылық акция,  10 қазан сағат 10.00, қалалық көркемсурет лицейі.

15. «Шын жүректен». Ақтөбе көлік, коммуникациялар және жаңа технология колледжі оқушыларының ұйымдастыруымен қарттар мен мүгедектердің үйлерінде көмек көрсету акциясы, 10 қазан сағат 11.00, тұрғылықты мекенжайы бойынша.

16. «Қол ұшын берейік». Концерттік бағдарлама, 10 қазан сағат 11.00, қалалық жас туристер станциясы.

17. «Я такой же как и ты». Танымдылық шара, 10 қазан сағат 11.00, қалалық балалар және жасөспірімдер шығармашылық үйі.

18. Б.Шергиннің «Ванька Доброй» атты спектаклі, 10 қазан сағат 11.00, облыстық «Алақай» қуыршақ театры.

 

 

19. Тоғызқұмалақ, шахматтан спорттық сайыс, 10 қазан сағат 11.00, қалалық жас натуралистер стансасы.

20. «Калейдоскоп». Асия Ойнарованың жеке көрмесі, 10 қазан сағат 11.00, облыстық өнер музейі.

21. «Бәрі де қолымыздан келеді». Тақырыптық көрме, 10 қазан сағат 11.00, Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі.

22. «Мейірімділік жүректен». Концерттік бағдарлама, 10 қазан сағат 11.00, Ақтөбе гуманитарлық колледжі.

 

23. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония солистерінің қатысуымен Ардагерлер үйінің мүгедектер қоғамына арналған концерт, 10 қазан сағат 11.00,

ардагерлер үйі.

24. Жеңіл атлетикадан мүгедектер арасында жекелей қала біріншілігі, 10 қазан сағат 12.00, №7 ЖШСМ.

25. «Балаларға игілікті іс». Облыстық арнаулы мектеп-интернатының балалары үшін қайырымдылық акция, 10 қазан сағат 14.00, облыстық планетарий, Жұлдызды бөлме.

26. «Мейрімділік шуағы». Қайырымдылық шара, 10 қазан сағат 15.00, Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі.

27. «Мейірімділік шуағы». Шапағат күні, 10 қазан сағат 15.00, «Ғажап» мүмкіндігі шектеулі балалар қоғамдық бірлестігі.

28. «Сезім нұры». Мерекелік бағдарлама, 10 қазан сағат 16.00, қалалық зағиптар мәдениет үйі.

29. А.Курейчиктің «Осторожно женщины» қойылымы, 10 қазан сағат 17.00, Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button