Ресми

Жеке ұйғарым

Сот тараптар арасындағы туындаған дау-дамайларды шешумен ғана шектелмейді, сондай-ақ, заңдылықтар принципін бұзу жағдайларына назар аударатын мемлекеттік орган да болып табылады. Жеке ұйғарым азаматтық істер бойынша сот әділдігін шығаруда сот ұйғарымының бір түрі болып табылады.

Жеке ұйғарым  —  қылмыстық сот ісін жүргізу құқығында — анықтау, алдын ала тергеу кезінде немесе төменгі сатыдағы соттың істі қарауы кезінде жол берілген, қылмыстың жасалуына жағдай жасаған заңның бұзылуы, себептер мен жағдайлардың, азаматтардың құқығының бұзылуы мен заңның басқаша бұзылуының айғақтық жайлары бойынша шығарылатын жеке ұйғарым. Іс материалдары бойынша сот, егер оны қажет деп тапса, басқа жағдайларда да жеке ұйғарым шығаруға құқықты.

Жеке ұйғарым азаматтық сот өндірісі қатысушылары тұрғысынан да, сондай-ақ, сот қарап отырған азаматтық іске қатыспаушы үшін де шығарыла алады. Мұндай актіде сот тиісті ұйымдар мен лауазымды тұлғалардың назарын өздері анықтаған заңды бұзу деректеріне аударады қажетті шаралар қабылдауды талап етеді. Сот ұйғарымын алған ұйым жетекшілері мен басқа да лауазым иелері онда көрсетілген заңбұзушылықтарды жойып, қабылданған шаралар туралы бір ай мерзім ішінде сотқа хабарлауы тиіс. Бұл айлық мерзім тиісті тұлғаның жеке ұйғарымды алған сәтінен басталады.

Бір ескеретін жайт, Ақтөбе облысындағы мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты қарауындағы мемлекеттік сатып алушылар арасындағы арам пиғылды жеткізушілерді тану туралы мемлекеттік мекемелердің талап арыздарына байланысты азаматтық істер саны ұлғайғандығы байқалады.

2013 жылы істің аталған категориясын қарауда ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 11-бабының 4-пунктінде қаралған сотқа талап арыз беру мерзімін тапсырыс берушінің бұзуы орын алды.

Егер 2012 жылы экономикалық сотта 24 жеке ұйғарым жасалса, 2013 жылы оның саны 27-ге жетті. Мұның өзі бізде мұндай шараның қолданылуына әлі де негіз барлығын білдіреді.

 

Л.БИСЕНОВА,

облыстық мамандандырылған

ауданаралық экономикалық сотының судьясы.

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button