Ресми

«Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер»

Құрметті ақтөбеліктер!

 

Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру, азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру, олардың, соның ішінде электронды нұсқадағы сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сол сияқты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласының әкімдігі облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттеріндегі «Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер» тұрақты айдаршасы аясында қалалық мемлекеттік мекемелер тұрғындарға көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақтөбеліктерді хабардар ететін болады.

 

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі.

«Жетім балаға (жетім балаларға) және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға), соттың шешімімен іс-әрекетке қабілетсіз деп танылған кәмелетке толмаған балаға (балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу»

 

Кім көрсетеді?

 

 «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ. 

 

Нені қамтиды?

Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесінде ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаға (балаларға) және жетім балаға (жетім балаларға) қамқоршылық немесе қорғаншылық белгілеу туралы Ақтөбе қаласы әкімдігінің қаулысы беріледі.

Жеке тұлғаларға мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

Қалай алады?

 

Көрсетілетін қызметті алушы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесі:

-Ақтөбе қаласыны білім бөлімі басшысының атына өзінің қорғаншы (қамқоршы) болуға ниеті туралы өтініші;

– егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, неке қию туралы куәлігінің көшірмесі;

-егер қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған болса, жұбайының (зайыбының) нотариалды расталған келісімі;

– қорғаншы (қамқоршы) болуға ниет білдірген адам некеде тұрған жағдайда, жұбайының (зайыбының) денсаулық жағдайы туралы медициналық қорытынды;

-егер көрсетілетін қызметті алушы некеде тұрмаған болса, нотариалды расталған анықтама;

-көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген мінездеме;

– көрсетілетін қызметті алушыға жұмыс орнынан берілген айлық табысы туралы анықтама;

– көрсетілетін қызметті алушының және зайыбының сотталмағандығы туралы анықтама;

– мекенжайы туралы анықтамасы;

– қорғаншылық (қамқоршылық) тағайындалатын баланың туу туралы  куәлігінің көшірмесі;

-баланың денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама және баланың даму тарихынан үзінді;

-баланың оқу орнынан анықтама;

– 10 жастан асқан баланың келісім арызы;

– аға-інілері мен апа-қарындастары және олардың тұрғылықты жері туралы мәлімет.

Салыстырып тексеру үшін құжаттар түпнұсқада ұсынылады, кейін түпнұсқалары көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.

 

 

Жұмыс кестесі және мекенжайы

 

     Мемлекеттік қызметті алу үшін мына мекенжайға хабарласыңыздар: Ақтөбе қаласы, Ы.Алтынсарин көшесі, 2, 63-бөлме, «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» ММ. Қабылдау күндері: сәрсенбі және жұма, сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін, түскі үзіліс 12.30-дан 14.00-ге дейін.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button