Ресми

«Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер»

Құрметті ақтөбеліктер!

Тұрғындардың құқықтық сауаттылығын көтеру, азаматтарға мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібін түсіндіру, олардың, соның ішінде электронды нұсқадағы сапасын арттыру және қолжетімділігін қамтамасыз ету, сол сияқты сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алу мақсатында Ақтөбе қаласының әкімдігі облыстық «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттеріндегі «Тұрғындарға мемлекеттік қызметтер» тұрақты айдаршасы аясында қалалық мемлекеттік мекемелер тұрғындарға көрсететін мемлекеттік қызметтер туралы ақтөбеліктерді хабардар ететін болады.

Ақтөбе қаласы әкімінің баспасөз қызметі

________________________

 

«Әлеуметтік жәрдем қалалық орталығы» ММ

«Үйде күтім көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге құжаттар ресімдеу»

Қызмет көрсетуші

«Әлеуметтік жәрдем қалалық орталығы» ММ. Мемлекеттік қызмет тұрғылықты жері бойынша  келесі топтарға көрсетіледі:  психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларға;  тірек-қимыл аппараты бұзылған мүгедек балаларға;  психоневрологиялық аурулары бар он сегіз жастан асқан мүгедектерге;  бірінші және екінші топтағы мүгедектерге, егде жасына байланысты өзіне қызмет көрсетуге мүмкіндігі жоқ адамдарға.

 

Қызмет түрі

Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі. Әлеуметтік қызметкер аптасына екі реттен кем емес, күндізгі уақытта,  бөгде адамдардың көмегіне мұқтаж  жалғызбасты қарттарға, мүгедектерге және мүгедек балаларға келесі кепілді әлеуметтік қызмет түрлерін көрсетеді: үй немесе пәтер жинау, тамақ пісіруге көмектесу, азық-түлік, дәрі-дәрмек сатып әкеліп беру, коммуналдық төлемдерді төлеу, тұрғын үй жәрдемақысын рәсімдеу, зейнетақы төлеу орталығынан, банктерден, коммуналдық мекемелерден қажетті анықтамалар алу, хат жазу, жеделхаттар жіберу,  қызмет алушыны емхана мен ауруханаға ертіп бару, нотариусқа еріп бару немесе  үйге шақыру; бұрынғы жұмыс орнына, мәдени шараларға ертіп бару және тағы басқа.                .

 

Қызметті қалай алуға болады

Мемлекеттік қызмет көрсетуге алу үшін  қажетті құжаттардың тізбесі:
1)  қызметті алушы немесе сенімхат бойынша оның өкілінің жазбаша өтініші;

2) жергілікті атқарушы органның арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету туралы  шешімі;
3) баланың тууы туралы куәлігінің немесе жеке куәлігінің көшірмесі;
4) тұрғылықты жері бойынша тіркелгенін растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі);
5) мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі (қарттар үшін талап етілмейді);
6) сәйкес нысан бойынша медициналық карта;
7) мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасынан үзінді көшірме (қарттар үшін талап етілмейді);
8) зейнеткерлік жастағы адамдар үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;
9) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген адамдар үшін – Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегі және оларға теңестірілген адам мәртебесін растайтын куәліктің көшірмесі.

Заңға сәйкес, бұл мемлекеттік қызмет туберкулезбен, бірқатар психикалық аурулармен ауыратын және нашаға тәуелділерге көрсетілмейді

Құжаттардың көшірмелері түпнұсқаларымен қоса ұсынылады, салыстырып тексерілгеннен кейін көрсетілетін қызметті алушыға қайтарылады.
Мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздеме:
ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәйексіз болуы.

Арнаулы әлеуметтік қызметтерді алушылар болып табылатын бірінші және екінші топтағы мүгедектерге және егде жасына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсетуге қабілетсіз адамдарға үйде күтім көрсету жағдайларында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуге құжаттарды ресімдеуді  көрсетілетін қызметті берушінің әлеуметтік қызметкерін жәрдемдесуге  сенім телефоны арқылы шақырып жүзеге асыруға болады.

Жұмыс кестесі және мекенжайы:

«Әлеуметтік жәрдем қалалық орталығы» ММ

Қабылдау күндері: күн сайын  сағат  8.30-дан 18.00-ге дейін, демалыс күндері (сенбі, жексенбі) мен мейрам күндерінен басқа

түскі үзіліс 12.30-дан14.00-ге дейін

Мекенжайы: 030000, Ақтөбе қаласы, Ағайынды Жұбановтар, 289«а»

Телефон: 51-54-14, 95-09-45

Электронды пошта: ter_centr@mail.ru

 

 

«Мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету үшін құжаттарды рәсімдеу»

 

Қызмет көрсетуші

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ  Ақтөбе қаласы

 

Кімге тиесілі

Мемлекеттік қызметтің бұл түрі, жеке оңалту бағдарламасына сәйкес сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдарға мұқтаж Қазақстан Республикасының мүгедек азаматтарына беріледі. Жеке оңалту бағдарламасын Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі, 101-үй мекенжайында орналасқан медициналық-әлеуметтік эксперттік комиссиясы жасақтайды.

 

Қызметті қалай алуға болады?

Мемлекеттік қызметті алу үшін қызмет алушы келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

сурдотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:

1) бекітілген үлгі бойынша өтініші;

2) қызмет алушының және /немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;

4) мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының үзіндісі;

5) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері үшін – белгіленген үлгідегі куәлік;

6) Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдар үшін жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша – жеңілдікке құқығы туралы белгісі бар зейнеткерлік куәлігі;

7) бірінші, екінші, үшінші топтағы мүгедектер үшін – зейнеткерлік куәлігінің көшірмесі;

8) жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін, жұмыс беруші – жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлғаның таратылған жағдайларда – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат;

тифлотехникалық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:

1)     қызмет алушының және / немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

2) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;

3) мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының үзіндісі;

4) жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін, жұмыс беруші – жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлғаның таратылған жағдайларда – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат;

міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету бойынша:

1) бекітілген үлгі бойынша өтініші;

2) қызмет алушының және /немесе оның заңды өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

3) кәмелеттік жасқа толмаған мүгедек балалар үшін – баланың туу туралы куәлігі;

4) мүгедектің жеке оңалту бағдарламасының үзіндісі;

5) жұмыс берушінің кінәсінен еңбек жарақатын алған немесе кәсіптік ауруға шалдыққан мүгедектер үшін, жұмыс беруші – жеке кәсіпкердің қызметін тоқтатқан немесе заңды тұлғаның таратылған жағдайларда – жазатайым оқиға туралы акті және жұмыс беруші – жеке кәсіпкер қызметін тоқтатқаны немесе заңды тұлға таратылғаны туралы құжат;

6) мүгедектігі туралы анықтама.

Құжаттар, салыстыру үшін түпнұсқалары мен көшірмелері ұсынылады, содан кейін құжаттардың түпнұсқалары қызмет алушыға қайтарылады.

Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі құжаттарды қабылдағаннан кейін мүгедектерді сурдо-тифлотехникалық және міндетті гигиеналық құралдармен қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізеді.

Қызмет ұсынушының жұмыс кестесі және мекенжайы

«Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ, Ақтөбе қаласы, Ағ.Жұбановтар көшесі, 289 «а». Жұмыс уақыты сағат 8.30-дан -18.00-ге дейін. Аталған сұрақ бойынша мүгедектер және ардагерлермен  жұмыс секторына хабарласуға болады. (№20 кабинет).

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button