Ресми

«АЛТЫН ҚАЛАМ» НОМИНАЦИЯСЫ БОЙЫНША «БӘРІМІЗ БІРДЕЙМІЗ – КЕМСІТУДІ БІЛМЕЙМІЗ» АТТЫ АЛҒАШҚЫ ОБЛЫСТЫҚ КОНКУРС ТУРАЛЫ ҚАҒИДАЛАР

 

1. Жалпы ережелер

 1. Осы Қағидалар мүгедектердің қоғамдық ұйымдары мен мүмкіндіктері шектеулі адамдар, балалардың, жастардың, мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктердің (бұдан әрі – мүмкіндіктері шектеулі адамдар) арасында республикалық конкурсты ұйымдастыру және өткізу тәртібін регламенттейді.

2. Негізгі мақсаты – мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және өзін-өзі танытуға жәрдемдесу, қоғамға мүгедектерді етене араластырудың тиімді тәжірибесін қолдану.

3. Міндеттері:

3.1. Жас дарындарды анықтау, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың шығармашылық әлеуетін қолдау, олардың әлеуметтік бейімделуіне жәрдемдесу, әлеуметтік белсенді тұлға қалыптастыру.

3.2. Шығармашылық қабілетін іске асыруға, мүмкіндіктері шектеулі адамдардың бойында креативтілікті дамытуға, ой-өрісін кеңейтуге, шығармашылық байланысты қалыптастыруға жағдай жасау.

3.3. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың әлеуеті туралы қоғамды ақпараттандыру және қоғамның мүгедектер проблемаларына оң қарым-қатынасын қалыптастыру.

3.4. Мүмкіндіктері шектеулі адамдардың өзін-өзі көрсету мен өзін-өзі таныту құралы ретінде жасампаздық-шығармашылық қызметіне қоғамдық назарды аудару, олардың дарындылығы мен қабілетін қоғамдық тану.

3.5. Қоғамға мүгедектерді тиімді кіріктіру бойынша әлеуметтік бағдарланған ұйымдардың тәжірибесін қолдану. Қамқоршылық пен қайырымдылықты мадақтау.

 

2. Конкурсты ұйымдастырушы

 

4. Конкурсты ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі болып табылады. Конкурстық рәсімдерді дайындау мен өткізуді мүгедектер құрған қоғамдық бірлестіктерді тарта отырып облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы жүзеге асырады.

 

3. Конкурсты Ұйымдастыру комитеті

 

5. Конкурсты дайындау және өткізу кезеңінде ұйымдастыру және шығармашылық қызметті үйлестіру үшін облыстық Ұйымдастыру комитеті құрылады.

Орталық деңгейде конкурсты дайындау және өткізу жөніндегі жұмысты үйлестіру үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұйымдастыру комитетін құрады. Өңірлік деңгейде іріктеу турын өткізу үшін жергілікті атқарушы органдар Ұйымдастыру комитетін құрады.

6. Ұйымдастыру комитетінің құрамын Конкурсты ұйымдастырушы бекітеді.

7. Ұйымдастыру комитеті барлық конкурстық рәсімдер толықтай аяқталғанға дейін жұмысын жалғастырады.

8. Ұйымдастыру комитеті конкурс номинацияларын, конкурстық рәсімдерді өткізу мерзімдерін, орны мен тәртібін, қазылар алқасының құрамын бекітеді, конкурсқа қатысуға өтінімдерді іріктеуді жүргізеді, конкурстың барлық кезеңдерін дайындау мен өткізуді, оны ақпараттық сүйемелдеуді қамтамасыз етеді.

9. Ұйымдастыру комитетінің бастамашылығы бойынша Конкурс туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізеді, сондай-ақ форс-мажорлық мән-жайлар туындаған жағдайда іс-шараны тоқтату туралы құрылтайшыға ұсыныс енгізеді.

 

4. Конкурсты өткізу тәртібі

 

10. Конкурс 2 турдан тұрады:

10.1. Бірінші тур (іріктеу) а.ж. маусым және қыркүйек айлары аралығында өтеді.

10.2. Екінші тур (ақтық) а.ж. қыркүйек және қазан айлары аралығында өтеді.

Іріктеу және ақтық турларды өткізетін күнді турларды ұйымдастырушылар өз бетінше анықтайды.

11. Іріктеу турын ұйымдастырушы жергілікті атқарушы орган болып табылады, олар конкурсты өңірлерде өткізеді және осы Ереженің талаптарын сақтай отырып, ақтық турға қатысушыларды іріктейді.

12. Ақтық турды ұйымдастырушы Министрлік, ол конкурстың жеңімпаздары мен лауреаттарын марапаттау рәсімімен конкурсты республикалық деңгейде өткізеді. Өткізілетін уақыты мен орны ақтық турды өткізу басталғанға дейін бір ай бұрын жергілікті атқарушы органдарға хабарланады.

13. Номинацияға даму мүмкіндіктері шектеулі әдеби шығармашылықпен айналысатын, өз шығарылымдары, басылымдары бар адамдар қатысады.

Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер мыналарды ұсынады:

1) 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш;

2) 2-қосымшаға сәйкес белгіленген нысан бойынша портфолио.

Ұйымдастыру комитеті отбасыларды іріктеп, конкурсқа қатысу үшін шақырады.

Үміткерлердің іріктеу қорытындысы екі кезеңнен тұрады:

1) «Таныстыру (визитка)» конкурсы;

2) «Кім шапшаң…..» конкурсы (белгілі бір уақытта қатысушы белгіленген тақырып бойынша өлең, әңгіме, мақала және т.б. шығаруы қажет);

3) «Үй тапсырмасы» конкурсы.

Номинант өткізілген конкурс нәтижесі бойынша анықталады.

 

5. Конкурсты өткізу шарттары

 

14. Іріктеу турларына қатысушылар дамуында мүмкіндіктері шектеулі 6 жастан 35 жасқа дейінгі адамдар қатысуға жіберіледі. Қатысушының конкурсқа қатысу үшін өтінім берген кездегі жасы есепке алынады.

15. Ақтық турдың қатысушылары іріктеу турлары номинацияларының жеңімпаздары болып табылады.

16. Іріктеу турына қатысуға өтінім белгіленген нысанға сәйкес іріктеу турын өткізу басталғандығы туралы хабарландырылған сәттен бастап ұсынылады. Өтінімдерді қабылдау іріктеу турдың соңғы күніне 15 күн қалғанда аяқталады.

17. Конкурсқа қатысу үшін үміткерлер өтінімге қоса қатысуға талап етілетін құжаттарды (таңдалған номинацияға сәйкес) береді.

18. Құжаттар Ұйымдастыру комитетінің конкурсты өткізу туралы хабарламасында көрсетілген электрондық немесе пошталық мекенжайға жіберілуі мүмкін, немесе қолма-қол ұсынылады. Құжаттар толық жиынтықта болған және оларды беру мерзімі сақталған жағдайда қарауға қабылданады.

19. Іріктеу турына шақыру – хабарлама алған адам конкурсқа қатысушы болып танылады.

20. Конкурсқа ұсынылған жұмыстар Ұйымдастыру комитетіне жүгінгеніне қарай оны өткізгеннен кейін қатысушыларға қайтарылады.

 

6. Конкурсқа қатысушыларды іріктеудің өлшемшарттары

 

21. Әрбір номинация бойынша арнайы іріктеу өлшемшарттарын осы Ережеде номинацияларға қойылған талаптарды ескере отырып, Ұйымдастыру комитеті айқындайды.

22. Барлық номинациялар үшін ортақ өлшемшарттар: жаңалық, сапалық, шығармашылық даралық, сонылық, заманауилық, шеберлік, номинация тақырыбына сәйкестік, кәсібилік, техника, идеяны аша білу.

 

7. Конкурсқа қатысушыларды марапаттау

 

23. Марапаттау рәсімі конкурсты өткізудің қорытынды кезеңі  болып табылады.

24. Конкурс жеңімпаздарына конкурс символикасы бар диплом мен сыйлық беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бәріміз бірдейміз –

кемсітуді білмейміз» атты

алғашқы облыстық

конкурстың қағидаларына

1-қосымша

 

Конкурсқа қатысуға өтінім

 

1.

Қатысушының Т.А.Ә.

 

2.

Қатысушының заңды өкілінің Т.А.Ә.

 

3.

Қатысушының туған күні

 

4.

Мекенжайы

 

5.

Байланыс ақпараты

(телефон, факс, сайт)

 

6.

Қатысушының әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат (мүгедектік туралы анықтама, ПМПК қорытындысы)

 

 

7.

Байланысатын адамның Т.А.Ә.,

телефоны, e-mail

 

8.

Қатысқысы келетін номинацияның атауы

 

9.

Өтінім берген күні

 

 

Өтінімге мынадай құжаттар қоса беріледі:

– тууы туралы куәліктің көшірмесі (16 толмаған қатысушылар үшін) немесе жеке куәлік;

– мүгедектік туралы анықтаманың көшірмесі;

– қатысушының jpg, tiff, png немесе gif форматындағы екі дана түрлі-түсті фотосуреті.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бәріміз бірдейміз –

кемсітуді білмейміз» атты

алғашқы облыстық

конкурстың қағидаларына

2-қосымша

 

Портфолионы құрастыруға қойылатын талаптар*

 

1.  Қатысушының Т.А.Ә.

2.  Туған күні

3.  Жұмыс орны мен кәсібінің түрі

4.  Мекенжайы

5.  Отбасы, ата-анасы туралы мәліметтер

6.  Өзі туралы қысқа эссе

7.  Жеке қызығушылықтары, хоббиі

8.  Жасаған жұмыстарының  фотосуреттері

9.  Жеткен жетістіктері мен дәрежелерін растайтын құжаттардың көшірмелері:

       марапаттары, құрмет грамоталары, алғыс хаттары, дипломдары  және т.б.

      ұсыным хаттар, іске асырылған жобалары туралы пікірлер;

      газет, журнал беттерінен өзі және өзінің қызығушылықтары туралы үзінді материалдар;

      БАҚ-тағы мақалалары.

 

Конкурсқа қатысуға үміткердің қол жеткізген табыстары мен жетістіктерін дәлелдейтін басқа да қосымша құжаттарды беруге болады.

 

  • Портфолио ағылшын тілінен аударғанда portfolio – портфель немесе құжаттарға арналған папка. Портфолионың мақсаты – кәсібилік пен біліктілігін көрсету.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button