Ресми

Байқауға қатыс, бақ сына!

 

Жастардың шығармашылық қабілеттерін ашып, фотоөнерге бейімдеу, фотоөнерді ізгі мақсаттарға қолдануға шақыру мақсатында www.kalaisyn.kz  жастар порталы «Фотолавка»  мамандандырылған сандық  фототехника дүкенімен бірігіп 1 маусым — балаларды қорғау күні қарсаңында «Бақытты балалық» атты қазақстандық кәсіби және әуесқой фотографтар арасында фотобайқау ұйымдастырмақшы.

Фотобайқауды Балаларды қорғау күніне арнаудың да өзіндік сыры бар. Сәбидің риясыз күлкісі — ол бейбітшіліктің нышаны, ол — бақыттың нышаны. Сол бақытты сәтті шеберлікпен көрсете білу — бақыт пен қуанышты көпшілікпен бөлісу.  Порталға суреттер 2013 жылдың 20 мамырына дейін қабылданады. Келіп түскен суреттер іріктеліп, мамырдың 20-сы мен 30-ы аралығында дауысқа түседі.  Маусым — балаларды қорғау күні жеңімпаз анықталады.

І орын – Epson L800 принтері

ІІ орын – Compact Flash Transcend 32 Гб

ІІІ орын – фотоаппаратқа арналған Vanguard сөмкесі.

Бақытты сәттермен бөлісіп, бақ сынап көріңіздер.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button