Денсаулық

Аллергия мазаламасын десеңіз

Ағаштар бүршік жара бастайтын қазіргідей кезде ел ішінде жөтеліп,түшкіріп, тынысы тарылып,көзі жасаурайтындар көбейе түседі. Бұл — көктемгі аллергия.

Аллергия — организмнің қоршаған ортаның кейбір әсерлеріне әдеттегіден тыс сезімталдығы.

Аллергия инфекция емес, ол бір адамнан екінші адамға берілмейді. Дегенмен аллергиясы бар адамдардың балалары да осы кеселге бейім келеді, яғни дерт тұқым қуалайды, өрши түседі.

Бір өкініштісі, аллергия жыл аралатып мазалай береді. Мұндай кезде адамдар өзіне-өзі диагноз қойып, дәріханадан дәрі-дәрмекті нұсқаусыз алып, пайдалана береді. Осы жай да кеселдің кеңге қанат жаюына себеп.

Аллергия мазаламау үшін не істеуге болады? Ең алдымен витаминге бай тағамдармен тамақтану керек. Тағам түрлеріне аллергиясы бар адамда гиппоаллергендік диета сақтауы тиіс. Ал шаң-тозаң иісі сезілсе түшкіретіндер өсімдіктің гүлденетін кезеңінде қасына жолмау керек. Сондай-ақ далада таңғы  6-дан 10-ға дейін жүрмеңіз. Себебі ол уақытта өсімдіктер тозаңды көп бөледі.

Үйде жұмсақ ойыншықтар ұстамаңыздар, жерге ковралан, кілем, палас төсемеңіздер. Жалпы тозаң түсетін заттарды ұстамауға тырысыңыз. Шаңсорғышпен жұмыс істегенде дәкеден жасалған ылғалды маска таққан дұрыс. Үй жануарларын ұстамаңыз. Бөлмеңіз құрғақ әрі күн түсетін болуы керек, оны жиі желдендіріп тұрыңыз. Егер сізде аллергия белгісі байқалса, міндетті түрде аллерголог-дәрігерге қаралыңыз. Аллергияны жеңіл-желпі дерт көрмеңіз!

Жанар ТӨРЕМҰРАТОВА,

№1 қалалық емхананың медбикесі.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button