Мереке

Қымбатты аналар, қадірлі қыз-келіншектер!

Сіздерді 8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Алғашқы көктем мерекесінің біздер үшін қымбатты жандарға — қамқор аналарға, біздің өміріміздің сенімді серіктеріне, аяулы қыздарымызға арналғаны сондай жарасымды. Сіздер тіршілігімізді гүлдендіріп, айналаны өз жүрек жылуларыңызбен сәулелендіріп, әсемдік пен әдемілік шуағын шашасыздар — сол үшін де сіздерді айрықша бағалаймыз.

Әйел қай кезде шаңырақтың ұйытқысы саналады, оның айрықша ақыл-ойы, төзімі мен түсіністігі нәтижесінде отбасы, ана мейірімі секілді мәңгілік құндылықтар ешқашанда көнермейді.

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев «Қазақстан-2050» стратегиясы — қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты өзінің Жолдауында қазіргі заманғы қазақстандық әйелдердің отбасының ғана емес, мемлекеттің де тірегі екенін айтып, жоғары баға берді. Бұл еліміздің экономикалық, саяси және қоғамдық өмірінде қыз-келіншектердің маңызды рөл атқара отырып, отбасы мен жақын-жуықтарына деген қамқорлықты кәсіби және қоғамдық қызметпен табысты байланыстыратынын өте дәл сипаттайды.

 

Аяулы қыз-келіншектер!

 

Сіздер мәдениет пен рухани өмірдің, білім беру мен денсаулық сақтаудың дамуына елеулі үлес қоса отырып, біздің аймағымыздың экономикалық жағынан қуаты бұрынғыдан да нығаюына адал еңбектеріңізбен үлес қосып келесіздер. Еңбек ете жүріп өздеріңіздің табиғат сыйлаған нәзіктік, сұлулық, жанашырлық секілді жақсы қасиеттеріңізбен айналаға жүрек жылуын ұсынасыздар.

Осы тамаша мереке тұсында сіздерге мықты денсаулық, махаббат пен мейірім, ізгіліктер мен игіліктер, отбасыларыңызға қуаныш тілеймін. Балаларыңыздың бақытына бөленіп, әсем де әдемі күйлеріңізде ұзақ ғұмыр кешіңіздер!

Ақтөбе облысының әкімі                          Архимед МҰХАМБЕТОВ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button