Спорт

Қарсаңда

Наурыз айы — футбол жанкүйерлерін қайта оятатын шақ.

9 наурыз күні еліміздің Премьер-лига командалары арасындағы ХХІІ чемпионат жалау көтереді.

Биыл теңбіл доп бәсекесі екі кезеңде өтеді.

Бірінші кезеңде әдеттегіше 22 тур өткізіледі, яғни әр команда жасыл алаңға қарсыласымен екі рет шығады.

Ал екінші кезеңде командалар екі топқа бөлінеді де, тағы да екі айналымдық кездесулер өткізеді. Алғашқы алты орында келе жатқан командалар 1-6 орын үшін таласады да, бұлардан төмен нәтиже көрсеткен екінші топ 7-12 орындарды таразыға салады.

Бір ескеретін жайт, бұл ретте командалардың бірінші кезеңде жинаған ұпайлары сақталады. Бірақ сол ұпайлар тура екіге бөлінеді де, егер тақ сан пайда болса, бір сан қосылып, жұп санға айналдырылады.

Қазақстан футболына оң қадам тілей отырып, біз, әрине, биылғы қадамын жаңа бас бапкер Владимир Никитенкомен бастағалы отырған өзіміздің «Ақтөбемізге» ерекше бүйрегіміз бұратынын жасыра алмаймыз. Төрт рет ел чемпионы (2005, 2007, 2008, 2009) атанған, екі рет күміс жүлдеге (2006, 2010), екі рет қола жүлдеге (2011, 2012) ие болған, сөйтіп соңғы сегіз жыл бойы алғашқы үштіктен көрініп, өзіндік  рекорд жасаған, оған қоса 2008 жылы Қазақстан кубогын, 2008, 2010 жылдары Суперкубокты жеңіп алған «Ақтөбе» бұл құрметке лайық екені де даусыз.

«Ақтөбе» алғашқы кездесуін сырт алаңда, Өскеменде өткізеді. Өскемендік «Восток» 2010 жылы ең аз ұпаймен бірінші лигаға түсіп қалып, мықтылар тобына биыл қайта оралды. Сол себепті олардың өз жанкүйерлерін алғашқы турда-ақ қуантуға аса ықыласты болатыны түсінікті жайт. «Ақтөбе» де жаңа бас бапкердің абыройына биіктетуге барынша тырысатыны және анық.  

 

Премьер-лига

 

ЧЕМПИОНАТ КҮНТІЗБЕСІ

 

БІРІНШІ КЕЗЕҢ. БІРІНШІ АЙНАЛЫМ

 

І ТУР

9 наурыз, сенбі

 

Ақжайық (Орал) — Шахтер (Қарағанды)

Восток (Өскемен) — Ақтөбе (Ақтөбе)

Ордабасы (Шымкент) — Ертіс (Павлодар)

Қайрат (Алматы) — Жетісу (Талдықорған)

Тобыл (Қостанай) — Астана (Астана)

Тараз (Тараз) — Атырау (Атырау)

 

ІІ ТУР

15 наурыз, жұма

 

Тараз — Ақжайық

Атырау — Тобыл

Астана — Қайрат

Жетісу — Ордабсы

Ертіс — Восток

Ақтөбе — Шахтер

 

ІІІ ТУР

30 наурыз, сенбі

 

Ақжайық — Ақтөбе

Шахтер — Ертіс

Восток — Жетісу

Ордабасы — Астана

Қайрат — Атырау

Тобыл — Тараз

 

ІV ТУР

6 сәуір, сенбі

 

Тобыл — Ақжайық

Тараз — Қайрат

Атырау — Ордабасы

Астана — Восток

Жетісу — Шахтер

Ертіс — Ақтөбе

 

V ТУР

14 сәуір, жексенбі

 

Ақжайық — Ертіс

Ақтөбе — Жетісу

Шахтер — Астана

Восток — Атырау

Ордабасы — Тараз

Қайрат — Тобыл

 

VІ ТУР

20 сәуір, сенбі

 

Қайрат — Ақжайық

Тобыл — Ордабасы

Тараз — Восток

Атырау — Шахтер

Астана — Ақтөбе

Жетісу — Ертіс

 

VІІ ТУР

24 сәуір, сәрсенбі

 

Ақжайық — Жетісу

Ертіс — Астана

Ақтөбе — Атырау

Шахтер — Тараз

Восток — Тобыл

Ордабасы — Қайрат

 

VІІІ ТУР

28 сәуір, жексенбі

 

Ордабасы — Ақжайық

Қайрат — Восток

Тобыл — Шахтер

Тараз — Ақтөбе

Атырау — Ертіс

Астана — Жетісу

 

ІХ ТУР

5 мамыр, жексенбі

 

Ақжайық — Астана

Жетісу — Атырау

Ертіс — Тараз

Ақтөбе — Тобыл

Шахтер — Қайрат

Восток — Ордабасы

 

Х ТУР

11 мамыр, сенбі

 

Восток — Ақжайық

Ордабасы — Шахтер

Қайрат — Ақтөбе

Тобыл — Ертіс

Тараз — Жетісу

Атырау — Астана

 

ХІ ТУР

18 мамыр, сенбі

 

Ақжайық — Атырау

Астана — Тараз

Жетісу — Тобыл

Ертіс — Қайрат

Ақтөбе — Ордабасы

Шахтер — Восток

 

БІРІНШІ КЕЗЕҢ. ЕКІНШІ АЙНАЛЫМ

 

ХІІ ТУР

22 мамыр, сәрсенбі

 

Ақжайық — Тараз

Тобыл — Атырау

Қайрат — Астана

Ордабасы — Жетісу

Восток — Ертіс

Шахтер — Ақтөбе

 

ХІІІ ТУР

26 мамыр, жексенбі

 

Ақтөбе — Ақжайық

Ертіс — Шахтер

Жетісу — Восток

Астана — Ордабасы

Атырау — Қайрат

Тараз — Тобыл

 

ХІV ТУР

30 мамыр, бейсенбі

 

Ақжайық — Тобыл

Қайрат — Тараз

Ордабасы — Атырау

Восток — Астана

Шахтер — Жетісу

Ақтөбе — Ертіс

 

ХV ТУР

14 маусым, жұма

 

Ертіс — Ақжайық

Жетісу — Ақтөбе

Астана — Шахтер

Атырау — Восток

Тараз — Ордабасы

Тобыл — Қайрат

 

ХVІ ТУР

23 маусым, жексенбі

 

Ақжайық — Қайрат

Ордабасы — Тобыл

Восток — Тараз

Шахтер — Атырау

Ақтөбе — Астана

Ертіс — Жетісу

 

ХVІІ ТУР

29 маусым, сенбі

 

Жетісу — Ақжайық

Астана — Ертіс

Атырау — Ақтөбе

Тараз — Шахтер

Тобыл — Восток

Қайрат — Ордабасы

 

ХVІІІ ТУР

6 шілде, сенбі

 

Шахтер — Тобыл

Ақжайық — Ордабасы

Восток — Қайрат

 

7 шілде, жексенбі

 

Ақтөбе — Тараз

Ертіс — Атырау

Жетісу — Астана

 

ХІХ ТУР

13 шілде, сенбі

 

Атырау — Жетісу

Қайрат — Шахтер

Ордабасы — Восток

 

14 шілде, жексенбі

 

Астана — Ақжайық

Тараз — Ертіс

Тобыл — Ақтөбе

 

ХХ ТУР

20 шілде, сенбі

 

Ақжайық — Восток

Шахтер — Ордабасы

Жетісу — Тараз

 

21 шілде, жексенбі

 

Ақтөбе — Қайрат

Астана — Атырау

Ертіс — Тобыл

 

ХХІ ТУР

27 шілде, сенбі

 

Атырау — Ақжайық

Тобыл — Жетісу

Восток — Шахтер

 

28 шілде, жексенбі

 

Ордабасы — Ақтөбе

Қайрат — Ертіс

Тараз — Астана

 

ХХІІ ТУР

4 тамыз, жексенбі

 

Шахтер — Ақжайық

Жетісу — Қайрат

Атырау — Тараз

Ақтөбе — Восток

Астана — Тобыл

Ертіс — Ордабасы

 

Ақпандағы сабақтар

 

«Ақтөбе» Түркияда қорытынды оқу-жаттығу жиынын өткізді.

  • 20 ақпан күні жерлестеріміз Румынияның бірінші лигадағы «Фарул» (Констанца) командасымен кездесіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті. Гол авторлары: Марат Хайруллин, Антон Землянухин, Евгений Дяденко.

«Ақтөбе» бірінші таймда мына құрамда ойнады: Станислав Павлов, Роберт Арзуманян, Алексей Мулдаров, Дмитрий Мирошниченко, Петр Бадло, Юрий Логвиненко, Тимур Кападзе, Марат Хайруллин, Дидар Сыдықбек, Антон Землянухин, Марат Бикмаев. Жаттықтырушылар екінші таймда алаңға жиынға келген барлық жас ойыншыларды шығарды.

  • 22 ақпан күнгі кездесу де ақтөбеліктердің жеңісімен аяқталды. «Ақтөбе» бұл жолы Словакияның жоғары лигадағы «Татран» (Прешов) командасын 2:1 есебімен жеңді. Гол соққан жерлестеріміз: Антон Землянухин, Марат Бикмаев.

«Ақтөбенің» құрамы: Андрей Сидельников, Андрей Харабара, Алексей Мулдаров, Роберт Арзуманян, Дмитрий Мирошниченко, Юрий Логвиненко, Антон Землянухин, Марат Бикмаев, Тимур Кападзе, Марат Хайруллин, Александр Гейнрих. Екінші таймда алаңға Евгений Дяденко, Санат Шалекенов, Асхат Тағыберген, Роберт Примус және жарақатынан жазылып келе жатқан Эмиль Кенжисариев шықты.

  • 25 ақпандағы кездесу тең аяқталды: 1:1. Бұл күні америкалық бірінші лиганың

«Сан-Диего Соккерс» командасымен ойынға тек қана жастар шығарылды.

  • 26 ақпандағы кездесуде де жерлестеріміз қарсыластарынан үстем түсті: 1:0.

Мәскеулік «Торпедо» командасының қақпасына Александр Гейнрих гол енгізді.

«Ақтөбенің» бұл жолғы құрамы: Жасұр Нарзиқұлов, Алексей Мулдаров, Роберт Арзуманян, Петр Бадло, Дмитрий Мирошниченко, Юрий Логвиненко, Тимур Кападзе, Марат Хайруллин, Марат Бикмаев, Антон Землянухин, Александр Гейнрих. Екінші таймда Кападзені Сергей Ковальчук, Землянухинді Асхат Тағыберген алмастырды.

  • Бүгін, 28 ақпан күні жерлестеріміз Хабаровскінің «СКА-Энергия» командасымен ойнап, 1 наурыз күні Ақтөбеге оралады да, өз алаңымызда иек астындағы жаңа маусымға дайындыққа кіріседі.

 

ҚР СУПЕРКУБОГЫ

3 наурыз, жексенбі

 

Шахтер — Астана

 

Бұл кездесу Астана қаласындағы «Астана-Арена» стадионында Астана уақытымен сағат 17.00-де өтеді. Кіру тегін.

 

ҚР КУБОГЫ

 

Алғашқы кезең

10 сәуір, сәрсенбі

 

1/8 финал

1 мамыр, сәрсенбі

 

Ширек финал

19 маусым, сәрсенбі

 

Жартылай финал, бірінші кездесулер

25-26 қыркүйек, сәрсенбі, бейсенбі

 

Жартылай финал, қарымта кездесулер

30 қазан, сәрсенбі

 

Финал

10 қараша, жексенбі

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button