Ресми

Он ай: оңды өзгерістер

Статистика

2012 жылғы қаңтар-қазанда Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының  қысқаша қорытындылары

 

Өнеркәсіп өндірісінің өсімі

 

2012 жылғы қаңтар-қазанда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 1075,9 миллиард теңгені құрады. Сөйтіп, нақты көлемінің индексі 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 106,4 пайызға жетті.

Ал бұл өндіріс өсімінің қанша пайыз артқаны былайша тармақталады:

кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 7,9 пайыз;

өңдеу өнеркәсібі — 2,8 пайыз;

сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау — 27 пайыз.

Ал электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау көрсеткіші 3,3 пайыз кеміді.

 

Ауыл шаруашылығы

Биылғы қаңтар-қазанда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 93,7 миллиард теңгені құрап, нақты көлемінің индексі 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 92,8 пайыз болды.

 

Инвестиция

 

Үстіміздегі жылғы қаңтар-қазанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 328,8 миллиард теңге болып, нақты көлемінің индексі 2011 жылғы қаңтар-қазанға қарағанда 113,1 пайыз құрады.

 

Жүк тасу ұлғайды

2012 жылғы қаңтар-қазанда жүк айналымының көлемі 3877,1 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2011 жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 23,8 пайызға өсті.

Сауда. Баға

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 235,4 миллиард теңгеге жетіп, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 16,4 пайызға өсті.

Көтерме сауда тауар айналымының көлемі жыл басынан бері 223,8 миллиард теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 5,4 пайызға артты.

Есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі 6169,3 миллион теңге болып, 2011 жылғы қаңтар-қазанмен салыстырғанда 6,3 пайызға өсті.

Тұтыну баға индексі 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 104,2 пайыз құрады.

Бағалар азық-түлік тауарларына — 3,8 пайыз, азық-түлік емес тауарларға — 3,8 пайыз, ақылы қызметтер көрсетуге 5,1 пайызға артты.

Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы қазанда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 0,9 пайызға төмендеді.

 

Ақшалай табыс. Орташа айлық

2012 жылғы қыркүйекте халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 53 397 теңгені құрады.

Өсім 2011 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін — 12,1 пайыз, нақты ақшалай табыстар үшін  7,2 пайыз құрады.

Биылғы қыркүйекте қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 88 586 теңгені құрап, 2011 жылғы қыркүйекпен салыстырғанда 9,7% өсті. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы қыркүйекке 104,9 пайыз құрады.

Жұмыс. Заңды тұлғалар

2012 жылғы қазанның аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санының 0,2 пайызы. Ал жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының  0,03 пайызын құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2012 жылғы 1 қарашаға 12 682 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,7 пайызға артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8 474 немесе тіркелгендер санына қатысты 66,8 пайыз құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына 94,2 пайыз және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 91,4 пайыз құрады.

Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 8 936 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,6 пайызға артты.

Облыстық статистика департаментінің деректері бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button