Мәдениет

Көңіл күнделігіне үңілді

Ақтөбе қалалық орталықтандырылған кітапхана жүйесіне қарасты №2 А.Пушкин атындағы қалалық кітапхана филиалының оқу залында ақын Мұхтар Құрманалиннің 85 жылдығына арналған «Көңіл күнделігі» атты жыр кеші өтті.

Жыр кешіне көпсалалы «Болашақ» колледжінің «Бастауыш білім беру» мамандығының 103-топ оқушылары және қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы Нұржан Кенжеғазин қатысты.

Оқушылар ақын шығармашылығынан өлең-жырлар оқып, көркемсөз бен поэзияның құдіреттілігін танытты. Айтар болсақ, Мөлдір Әбдібаева ақынның өз туған жеріне арнаған «Қарабұтақ» өлеңін мәнерлеп жатқа айтса, Әділбек Бірімғалиев ақын Ертай Ашықбаевтың «Ақынды көру» арнау өлеңін оқыды. Оқытушы Нұржан Кенжеғазин «Жыр тарланбозы» атты баяндамасын көпшілік қауымға таныстырды. Сондай-ақ ақынның басқа да өлеңдері оқылды. Әсіресе, «Ұстазға хат», «Абай», «Майдангер», «Жүздесу» секілді өлеңдері кешті көркемдей түсті. «Жырмен өрнектелген өмір» атты кітап көрмесіне де библиографиялық шолу жасалды.

Айзат ӘЖІБАЕВА,

кітапханашы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button