Ресми

Сегіз айдың серпіні

Статитика

 2012 жылғы қаңтар-тамызда  Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының  қысқаша қорытындылары

Өнеркәсіптегі өсімдер

2012 жылғы қаңтар-тамызда өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалармен 847 миллиард теңгені құрады.

Нақты көлемінің индексі 2011 жылғы қаңтар-тамызға 105,4 пайызға жетті.

Төмендегідей өндіріс өсімі байқалды:

кен өндіру өнеркәсібі және карьерлерді қазу — 6,7 пайыз;

өңдеу өнеркәсібі — 0,5 пайыз;

электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптау — 2,1 пайыз;

сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтарды жинау және бөлуді бақылау — 58,2 пайыз.

Ауыл шаруашылығы

Үстіміздегі жылғы қаңтар-тамызда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 61,27 миллиард теңгені құрады.

Нақты көлем индексі 2011 жылғы қаңтар-тамызға 97,4 пайыз болды.

Инвестицияларды игеру

 

Биылғы  жылғы қаңтар-тамызда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 251,3 миллиард теңге болды.

Нақты көлем индексі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 114,8 пайыз құрады.

 

Жүк көбейді

2012 жылғы қаңтар-тамызда жүк айналымының көлемі 2943,2 миллион тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрып, 2011 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 30,4 пайыз өсті.

 

Сауда. Баға

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 190869,4 миллон теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 18,2 пайыз өсті.

Осы кезеңде көтерме сауда тауар айналымының көлемі 168472,5 миллон теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 2,5 пайыз артты.

Тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі есепті кезең ішінде 4998,6 миллон теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-тамызбен салыстырғанда 5,0 пайыз өсті.

Тұтыну баға индексі 2012 жылғы тамызда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,4 пайыз құрады. Бағалар азық-түлік тауарларына — 2,6 пайыз, азық-түлік емес тауарларға — 3,3 пайыз, ақылы қызметтер көрсетуге – 4,5 пайыз артты. Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы тамызда 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 3,5 пайыз төмендеді.

Табыс. Жалақы

2012 жылғы шілдеде халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 55467 теңгені құрады.

Өсім 2011 жылғы шілдемен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін — 18,7 пайыз, нақты ақшалай табыстар үшін – 14,2 пайыз болды.

Үстіміздегі жылғы шілдеде қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 96052 теңгені құрап, 2011 жылғы шілдеге қарағанда 16,9 пайыз өсті.

Нақты жалақы индексі 2011 жылғы шілдемен салыстырғанда 112,5 пайыз құрады.

 

Жұмыс. Заңды тұлғалар

2012 жылғы тамыздың аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1,0 мың адамды құрады немесе экономикалық белсенді халық санының 0,2 пайызы болды. Жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санының  0,03 пайызын құрады.

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2012 жылғы 1 қыркүйекке 12595 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,5 пайыз артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8451 немесе тіркелгендер санына қатысты 67,1 пайыз құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамнан кем  заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына 94,2 пайыз және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 91,3 пайыз құрады. Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 8866 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,4 пайыз артты.

Облыстық статистика департаменінің материалдары бойынша әзірленді.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button