Ресми

Маңызды мәселелер — басты назарда

Облыс әкімінің 2012 жылғы 1 наурыздағы есепті кездесуі тұсында түскен ұсыныстар мен мәселелерді іске асыруға қатысты іс-шаралар туралы

2012 жылғы 1 наурыздағы облыс әкімінің тұрғындармен есепті кездесуінде көтерілген проблемалық мәселелерді іске асыру бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан мақсатты бағытталған жұмыстар жүргізілуде.

Жиырма бес ең маңызды проблемаларға қатысты тиісті іс-шаралар жоспары әзірленді және іске асырылуда.

Жиырма төрт мәселе бойынша жалпы сомасы 3403,8 млн. теңгеге қаржыландыру мәселесі шешілді, оның ішінде республикалық бюджеттен — 2003,8 млн. теңге және облыстық бюджеттен — 1400,0 млн. теңге қарастырылды.

Әйтеке би, Алға, Қарғалы, Мәртөк, Мұғалжар, Ойыл, Шалқар аудандарында және Ақтөбе қаласында білім беру нысандары құрылысын жүргізу және жөндеу, Әйтеке би және Хромтау аудандарының ауылдарын, Мұғалжар ауданының Жем қаласын және Ақтөбе қаласының Белогорка ауылын газдандыруға, Алға, Байғанин, Ырғыз, Қобда, Темір және Мұғалжар аудандарында су құбыры және кәріз желілері мен құрылғылардың құрылысына, сонымен бірге Қарғалы ауданындағы Қосестек өзені арнасын тазартуға қаражат көзделді.

Жиырма бір нысанда құрылыс-монтаж жұмыстары жүргізілуде.

Алға ауданы Маржанбұлақ ауылы, Байғанин ауданы Бұлақтыкөл ауылы және Темір ауданы Темір қаласының сумен жабдықтау нысандары бойынша құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізуге республикалық бюджеттен қаржы бөлу үшін бюджеттік бағдарлама әкімшісі — салалық Министрлікке 2013-2014 жылдар аралығында іске асыруға ұсыныс берілді.

Республикалық бюджеттен 2013 жылдан бастап қаржыландыру және басымды инвестициялық жобалар тізбесіне қосу мақсатында Ырғыз ауданы Қыл және Қожа мекендерінде су реттегіш шлюздарының құрылысы жобасының бастамашысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы тарапынан Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныс берілді.

Қобда ауданы Қобда ауылының көшелеріне күрделі жөндеу өткізу мәселесі шешілуде, оны іске асыруға облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы жобалық-сметалық құжаттамаларды дайындауға қаржы бөлу туралы алдағы облыстық бюджеттік комиссияға ұсыныстар дайындауда.

Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button