Әлеумет

Жеті айдың жетістіктері

Статистика

2012 жылы қаңтар-шілдеде  Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының  қысқаша қорытындылары

Жылдың, міне, сегізінші айын орталап қалдық. Ал өткен жеті айдың көрсеткіштері қандай?

Облыстық статистика департаментінің деректері көңіл қуантады.

 

Өнеркәсіп

2012 жылы қаңтар-шілдеде өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағалар бойынша 733,3 млрд. теңге болды. Нақты көлемінің индексі 2011 жылғы қаңтар-шілдеге қарағанда105 пайыз құрады.

Кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді қазуда (5,9 пайыз), өңдеу өнеркәсібінде (4,0 пайыз), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (3,8 пайыз) өндіріс өсімі белгіленді.

Сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және таратылуын бақылауда (51,5 пайыз) өндіріс өсімі байқалды.

 

Ауыл шаруашылығы

Биылғы қаңтар-шілдеде ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің көлемі ағымдағы бағалармен 48,7 млрд. теңге болды. Нақты көлем индексі 2011 жылғы қаңтар-шілдеге 101,9 пайыз құрады.

Инвестиция

Үстіміздегі жылғы қаңтар-шілдеде негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 199,9 млрд. теңгеге жетті. Нақты көлем индексі өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 108,5 пайыз құрады.

 

Жүк айналымы

2012 жылғы қаңтар-шілдеде жүк айналымының көлемі 2495,4 млн. тонна-километр (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын көліктік емес ұйымдар мен кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемінің бағалауы есебімен) құрап, 2011 жылғы тиісті кезеңімен салыстырғанда 32,1пайызға өсті.

 

Сауда

Есепті кезеңде бөлшек сауда тауар айналымының көлемі (қоғамдық тамақтандыру айналымынсыз) 164693,3 млн. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 19,0 пайызға өсті.

Көтерме сауда тауар айналымының көлемі есепті кезеңде 142476,5 млн. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 1,7 пайызға артты.

Есепті кезеңде тамақ өнімдері мен сусындарды ұсыну бойынша қызметтер көлемі есепті кезеңде 4340,9 млн. теңгені құрап, 2011 жылғы қаңтар-шілдемен салыстырғанда 4,5 пайызға өсті.

Тұтыну баға индексі 2012 жылғы шілдеде 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 102,6 пайыз құрады. Азық-түлік тауарларына бағалар — 2,4 пайыз, азық-түлік емес тауарлар — 1,3 пайыз, ақылы қызметтер көрсетуге – 4,3 пайыз артты.

Өнеркәсіп өнімін өндіруші кәсіпорындар бағалары 2012 жылғы шілдеде 2011 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 7,9 пайыз төмендеді.

 

Табыс

2012 жылғы маусымда халықтың орташа жан басына атаулы ақшалай табыстары бағалау бойынша 54351 теңгені құрады. Өсім 2011 жылғы маусыммен салыстырғанда атаулы ақшалай табыстар үшін — 26,7 пайыз,  нақты ақшалай табыстар үшін – 21,1 пайыз құрады.

Қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 2012 жылғы маусымда 92 848 теңгені құрады. 2011 жылғы маусыммен салыстырғанда 19,2 пайыз өсті. Нақты жалақы индексі 2011 жылғы маусымға 114,0 пайыз құрады.

2012 жылғы шілденің аяғына жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 1,1 мың адамды құрады, бұл — экономикалық белсенді халық санына шаққанда 0,3 пайыз. Жасырын жұмыссыздық деңгейі  бағалау бойынша экономикалық белсенді халық санына 0,03 пайыз құрады.

                                                                           

Жұмыс

Тіркелген заңды тұлғалар саны 2012 жылғы 1 тамызға 12580 бірлікті құрап, өткен жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 3,5 пайызға артты. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалар саны 8448 немесе тіркелгендер санына қатысты 67,2 пайыз құрады. Жұмыспен қамтылғандардың саны 50 адамнан кем заңды тұлғалардың үлесі тіркелгендердің санына 94,1 пайыз және жұмыс істеп тұрғандардың санына қатысты 91,3 пайыз құрады. Облыстағы шағын бизнес субъектілерінің (заңды тұлғалар) саны 8845 бірлікті құрап, өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 4,3 пайыз артты.

 

Облыстық статистика басқармасының материалдары бойынша әзірледі.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button