Ресми

«Тілге құрмет – елге құрмет» республикалық байқауы туралы ЕРЕЖЕ

1.      Жалпы ережелер

  1. Осы  Ереже    Қазақстан   Республикасы   Халқының   тілдері   күнін  мерекелеу

аясында «Нұр Отан» ХДП өткізетін  «Тілге  құрмет  –  елге  құрмет» байқауының  (бұдан  әрі – Байқау) өткізілу тәртібі мен шарттарын анықтайды.

  1. Байқаудың мақсаты:

мемлекеттік   тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметтерін  дамыту және нығайту,  оның  қолданылу  аясын кеңейту, қоғамдағы оның біріктіруші рөлін насихаттау;

мемлекеттік тілді оқыту сапасы мен деңгейін арттыру, мемлекеттік тілді дамыту проблемасына қалың көпшілік пен бұқаралық ақпарат құралдарының (бұдан әрі – БАҚ) назарын аударту және азаматтардың шығармашылық белсенділігін арттыру.

  1. Байқаудың негізгі міндеттері:

1)     мемлекеттік  тілдің қолданылу аясын кеңейту,  мемлекеттік   тілді одан әрі

дамытуды насихаттау;

2)     мемлекеттік тілді оқытудың жаңа әдістері мен технологияларын қолдану;

3)     мемлекеттік тілді  оқыту  бойынша қолданылып жүрген әдістердің сапасын

арттыру.

4)     мемлекеттік тілді дамыту Қазақстан болашағымен тығыз байланысты

екендігін барлық қазақстандықтар санасына жеткізу;

5)     мемлекеттік тілді насихаттаумен және  дамытумен белсенді  айналысатын түрлі

тұлғалардың, ұйымдар мен БАҚ-тың одан арғы табысты қызметіне қолдау көрсету және мотивациялау.

 

2. Байқауды өткізу тәртібі

  1. Байқауды    дайындау     және     өткізу     үшін    «Нұр Отан»    ХДП    аймақтық

филиалдарында ұйымдастыру комитеттері құрылады.

  1. Ұйымдастыру комитеті

1)     Байқауды өткізу тәртібін анықтайды;

2)     Байқауға қажетті құжаттарды дайындайды;

3)     Байқаудың басталғандығы жөнінде БАҚ-қа хабарлама дайындайды;

4)     Байқауға қатысушы үміткерлерден материалдар жинақтайды;

5)     Келіп түскен материалдарды байқау комиссиясының қарауына ұсынады.

  1. Ұйымдастыру комитетінің құқықтары:

Осы ереженің   талаптары  мен  шарттарына  сәйкес  болмағаны  үшін  үміткерді

байқауға қатыстырмау.

1)     Ұйымдастыру комитетінің міндеттері:

2)     Байқаудың барлық қатысушылары үшін тең жағдай жасау;

3)     Байқаудың  нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария етілуіне

жол бермеу.

 

  1. 3.      Байқауға келіп түскен материалдарды қарау жөніндегі комиссия
  1. Байқауға   келіп  түскен  материалдарды қарау жөніндегі  комиссия (бұдан әрі –

Байқау комиссиясы) партияның Орталық аппаратында құрылады.

Байқау комиссиясы мыналарды қамтамасыз етеді:

1)     Байқауға ұсынылған материалдарды бағалау, іріктеу және жалпылау;

2)     Байқау жеңімпаздарының ең үздік жұмыстарын анықтауға;

3)     Байқаудың нәтижелері туралы мәліметтердің уақытынан бұрын жария

етілуіне жол бермеуді.

 

  1. 4.      Байқауға қатысудың шарттары
  1. Байқауға қызметі мемлекеттік тілді дамытуды көздейтін кез келген жеке  және

заңды тұлға қатыса алады.

  1. Байқауға қатысуға мемлекеттік  тілді дамытуға үлестерін қосып  жүрген

Республикалық және жергілікті деңгейдегі барлық бұқаралық ақпарат  құралдары, мекемелер және жоба авторлары шақырылады.

 

  1. 5.      Байқауға қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

10. Байқауға қатысушылар мыналарды іске асыруға құқылы:

Байқаудың өту шарттарымен және тәртібімен танысу;

ұйымдастыру комитетінен осы Ереженің жекелей тармақтарын түсіндіруді сұрау;

байқауға қатысу үшін материалдар жолдау.

11. Байқауға қатысушылар:

байқаудың талаптары мен шарттарын зерттеуге;

осы Ереженің талаптарына сәйкес рәсімделген материалдарды уақытылы

ұсынуға;

осы Ережеде қарастырылған талаптар мен процедураларды сақтауға міндетті.

 

  1. 6.      Байқаудың өту кезеңдері

13. Алғашқы кезең

Бұқаралық ақпарат құралдарында байқаудың басталуы және өту шарттары туралы хабарландыру жарияланады.

14. Байқаудың негізгі өту кезеңі:

1) «Нұр Отан» ХДП аймақтық филиалдарының материалдарды қабылдауы;

2) барлық материалдарды Ұйымдастыру комитетіне жолдау;

3) Байқау комиссиясының материалдарды қарауы;

4) Байқау жеңімпаздарын анықтау;

5) Байқау жеңімпаздарын марапаттау.

15. Байқау номинациялары мен сыйақы қоры.

Байқау келесі номинациялар бойынша жарияланады:

1)     «Қазақ тіліндегі БАҚ-та мемлекеттік тілді тарату және насихаттауға арналған үздік мақала, телебағдарлама».

Сыйлықтың жүлде қоры — 1, 2, 3 орындарына сәйкес 200, 150, 100 мың теңге.

Сыйлық мемлекеттік тіл, оны дамытуға және енгізу, қоғамның қазақ тіліне деген сыйластық көзқарасын қалыптастыру және қызығушылығын ынталандыру мәселелеріне арналған қазақ тіліндегі БАҚ-та жарық көрген жарияланымдар мен телебағдарламалар үшін тағайындалады.

2)     «Орыс тіліндегі БАҚ-та мемлекеттік тілді тарату және  насихаттауға

арналған үздік мақала, телебағдарлама».

Сыйлықтың жүлделі қоры — сәйкесінше 1, 2, 3 орындар үшін 200, 150, 100 мың теңге.

Сыйлық мемлекеттік тіл, оны дамытуға және енгізу, қоғамның қазақ тіліне деген сыйластық көзқарасын қалыптастыру және қызығушылығын ынталандыру мәселелеріне арналған орыс тіліндегі БАҚ-та жарық көрген жарияланымдар мен телебағдарламалар үшін тағайындалады.

3)     «Мемлекеттік тілдегі ең үздік интернет жоба».

Сыйлықтың жүлде қоры — сәйкесінше 1, 2, 3 орындар үшін 300, 250, 200 мың теңге.

Сыйлық мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге, оны көпшілікке интернет-ресурстар арқылы таратуға ықпал ететін қазақ тіліндегі ең үздік сайттар, порталдар және басқа да интернет жобалар үшін тағайындалады.

4)     «Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі үздік жоба».

Сыйлықтың жүлде қоры — сәйкесінше 1, 2, 3 орындар үшін 300, 250, 200 мың теңге.

Сыйлық қазақ тілін көтеруге, оны көпшілікке таратып, насихаттауға бағытталған деректі және танымдық фильмдер, роликтер, кітаптар, оқулықтар, көрнекі оқу материалдары, мәдени-көпшілік және басқа да жобалар үшін тағайындалады.

5)      «Мемлекеттік тілге қолдау көрсетуге және насихаттау ісіне үлес қосқан

үздік ұйым».

Сыйлықтың жүлде қоры — 1, 2, 3 орындарына сәйкес 300 мың теңгеден.

Сыйлықтар ұйымда іс жүргізуді мемлекеттік тілде жүргізу, өз қызметкерлерін мемлекеттік тіл қурстарында оқыту және ұйым жұмысына мемлекеттік тілді енгізуге жағдай жасайтын басқа да жолдар арқылы мемлекеттік тілге қолдау көрсету ісіне үлес қосқан ұйымдарға, сондай-ақ тілді Қазақстан мәдениеті мен салт-дәстүрлерін елден тыс жерлерде танытып, насихаттаумен айналысатын ұйымдарға тағайындалады.

 

  1. 7.      Байқауға материалдар берудің шарттары

16. Байқауға жоғарыда  аталған номинацияларға  сәйкес  материалдар  байқауға

қатысу үшін материалдар ұсынып  отырған  автордың немесе ұйымның (аты-жөні/ атауы, мекенжайы, телефоны) мәліметтері көрсетіле отырып ұсынылады;

17. Телевизиялық материалдар DVD дискілерінде қабылданады.

18. Ұсынылатын   материалдардың   маңыздылығына  байланысты  мемлекеттік

тілді дамыту жобалары қағаз және электронды түрде қабылданады;

  1. 19.  Ұсынылатын ақпараттардың безендірілген фотографиялары мен слайдтары

А4 форматындағы түрлі-түсті баспада қоса беріледі;

  1. 20.  Байқаудың өту уақыты мен құжаттарды қабылдау бекеттері:

1)     материалдарды «Нұр Отан» ХДП   филиалдары    жанындағы    аймақтық

ұйымдастыру комитеттері қабылдайды. Материалдар байқауға электронды пошта арқылы қабылданбайды. Байқау материалдарын қабылдаудың мерзімі – 2012 жылғы 26 шілде мен 1 қыркүйек аралығында. Аймақтық ұйымдастыру комитеті жинаған барлық материалдар Байқау номинациясының қарауына  2012 жылғы 1 қыркүйектен кешіктірілмей ұсынылады. Байқау комиссиясы қарауға келіп түскен материалдарды 1-15 қыркүйек аралығында қарастырады;

2)     байқау  жеңімпаздарын  ресми марапаттау  2012  жылғы 20 қыркүйектен

кешіктірілмей өткізіледі;

3)     жұмыстардың барлығы  Байқаудың ұйымдастыру  комитетіне  және Байқау

комиссиясы қарауына мерзімінен кешіктірілмей ұсынылады;

4)     мазмұны  бойынша  Байқау мақсаттары мен  талаптарына  сәйкес  емес,

сондай-ақ ұсыну мерзімі аяқталғаннан кейін келіп түскен жұмыстар Байқауға қатысуға жіберілмейді;

5)     байқауға қатысу үшін ұсынылған материалдар қайтарылып берілмейді.

 

  1. 8.      Жеңімпаздарды марапаттау

21. Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі партияның Орталық аппаратында өтеді.

22. Байқаудың жеңімпаздары туралы хабарлама партияның сайтында және БАҚ-та жарияланады.

 

  1. 9.      Байқау ұйымдастырушылары туралы ақпарат

23. Байқауды ұйымдастырушылардың мекенжайы мен байланыс телефондары: 030020, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86, тел.: 56-07-32, факс 54-93-45.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button