Басты жаңалықтар

КІТАПХАНАШЫЛАР ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Семинар

Жуырда Ақтөбе қаласындағы №65 орта мектепте «Кітапхана және оқырман» тақырыбында мектеп кітапханашыларына арналған қалалық семинар өтті.

Іс-шараның мақсаты — кітапханашылардың кәсіби біліктілігін арттыру, кітап пен оқырман арасындағы байланысты нығайту, оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және заманауи кітапхананың қызмет көрсету тәсілдерімен таныстыру.

Семинарға «BILIM QAZYNA» мекемесінің әдіскері М.Даулетиярова, мектеп директоры С.Сүндетбаева, сондай-ақ қала мектептерінің кітапхана меңгерушілері қатысты.

Семинар барысында мектеп психологі Н.Сатыбалдина «Өзім – көршіме» тақырыбында тренинг өткізді. Мектеп кітапханасының меңгерушісі М.Жұмабаева «Кітапхана және оқырман» тақырыбында коучинг ұйымдастырса, №12 К.Нокин атындағы мектеп кітапханасының меңгерушісі Ж.Садық «Кітап триллер» әдісімен тәжірибесімен бөлісті.

Сонымен қатар қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қ.Отарбаева «Жасанды интеллектіні  кітап оқытуда қолдану» тақырыбында баяндама жасады. Пригородтағы №9 модульдік кітапхананың меңгерушісі Л.Лесова «Әдеби диалог» тақырыбын таныстырды. Ал бастауыш сынып мұғалімі А.Баймаханова «Кітапхана — ұлттық құндылықтар ордасы» тақырыбында ой бөлісті.

Семинар «Padlet» платформасында қорытындыланып, қатысушылар өзара пікір алмасып, ұйымдастырушыларға ризашылық білдірді.

 

Бекбол ҚАЙНАДИН,

№65 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button