КӘСІПОРЫН ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ МАРАПАТТАЛДЫ

Еңбек адамы
Әйтеке би ауданында өңір экономикасын жақсартуға айрықша үлес қосып келе жатқан «Беңқала» тау-кен компаниясының қызметкерлері марапатталды.
Аталған тау-кен компаниясы былтыр Әйтеке би ауданының аумағында ресми түрде тіркелді. Аудан бюджетіне салық түсе бастады, 2025 жылдың аяғында кәсіпорын қызметкерлеріне сыйақы төленді және 1 қаңтардан бастап жұмысшылардың айлығы 12 пайыз өсті. Бүгінгі таңда кәсіпорында 200-ге жуық адам жұмыс істейді. Соның 50 пайызға жуығы аудан тұрғындары.
Кәсіпорын темір кенін ашық тәсілмен өндіру және өңдеу бағытында табысты жұмыс істеп келеді. Компания жергілікті тұрғындар үшін сенімді табыс көзіне айналған.
Заманауи технологиямен жабдықталған өндіріс орны жылына 2 миллион тоннаға дейін темір кенін өңдейтін құрғақ магниттік сепарациялау кешенімен қамтамасыз етілген. Аудан әкімі Дәулетияр Тоғызбаев компания ұжымын құттықтап, еңбек озаттарын марапаттады.
Өз тілшіміз.



