Басты жаңалықтар

АЯЛДАМАДА КІТАП ОҚИ АЛАСЫЗ

Оқитын өлке

Ақтөбенің Ы.Алтынсарин көшесінде орналасқан «Қазақстан» аялдамасында жүргіншілер кітап оқи алады.

Бұл — М.Ломоносов атындағы қалалық орталық кітапхананың қызметкері Назерке Абатқызының «Аялдамадағы әдеби әлем» жобасы аясында іске асқан мүмкіндік.

Жоба кітап оқу мәдениетін қалыптастыру, әдебиетті насихаттау мақсатында кез келген адамның кітапқа қолжетімділігін арттыру үшін қолға алынды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Озық ойлы ұлт болудың ең төте жолы — кітап оқу. Сондықтан кітап оқу мәдениетін қоғамда барынша орнықтыруымыз керек» — деді. Сондай-ақ «Ұлттық кітап күнін» белгілеу идеясы аясында 100 таңдаулы кітапты насихаттауға арналған жалпыұлттық сауалнама өтті. Осы сауалнамада таңдалған кітаптардың ішінде Ақтөбе өңірінен шыққан Тахауи Ахтанов, Қуандық Шаңғытбаев, Сағи Жиенбаев, Мейірхан Ақдәулетов, Қажығали Мұханбетқалиұлы, Өтежан Нұрғалиев сынды қаламгерлердің шығармалары бар. Аялдамада қала тұрғындары QR-код арқылы сауалнамада таңдалған 100 кітаптың толық нұсқасын жүктеп оқи алады.

Жоба шеңберінде еркін кітап алмасу бұрышы — буккросинг те орналастырылды. Мұнда әр адам өзіндегі артық кітаптарын ортақ сөреге қалдырып, басқа оқырманға қуаныш сыйлай алады.

Біз «Аялдамадағы әдеби әлем» сынды мазмұнды бастамалар көбейе берсе дейміз.

Айымгүл СҚАҚОВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button