Басты жаңалықтар

ТӘРТІП ПЕН ТАЗАЛЫҚ  

Ақтөбе гуманитарлық-техникалық колледжінде облыстық жастар ресурстық орталығының бастамасымен «Заң және тәртіп» пен «Таза Қазақстан» қағидаттарын насихаттаған кездесу өтті.

Кездесуге Ақтөбе қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Нұрасхан Ермекбаев, полиция лейтенанты Дильназ Мұханбетова, облыстық «Жасыл ел» штабының менеджері Иса-Бек Дүйсенбаев, облыстық жастар ресурстық орталығы басшысының орынбасары Заманай Қайнарұлы қатысты.

Іс-шара барысында спикерлер жастарға заң талаптарын сақтау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, құқықбұзушылықтардың алдын алу жолдары және экологиялық сана мен «Таза Қазақстан» бастамасының маңыздылығы жөнінде мазмұнды ақпарат берді.

Кездесу соңында студенттер жеке құқықтары мен заңға қатысты сұрақтарын қойып, мамандардан тұшымды жауап алды.

А.БАЛЖАНАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button