Басты жаңалықтар

ЖҰМЫСШЫ МАМАНДЫҚТАР ЖӘНЕ КӘСІПТІК БАҒДАР

Байқау

Ақтөбе жоғары политехникалық колледжінде облыстық «JuniorSkills automation — 2026» байқауы өтті. Оған 20-ға жуық оқушы қатысты.

— Мемлекет басшысының 2026 жылды Цифрландыру және жасанды интеллект жылы деп жариялағаны белгілі. Атаулы жылға орай әрі жұмысшы мамандықтарды насихаттау мақсатында облыстық жастар ресурстық орталығымен бірігіп, жасөспірімдер арасында кәсіби шеберлік байқауын ұйымдастыруды жөн көрдік. Аталған шара колледжіміздегі апталық аясында өтті. Мұндағы мақсат — мектеп оқушыларының кәсіптік бағдарын қалыптастыру, автоматтандыру, электроника және инженерлік графика бағыты бойынша тәжірибелік дағдыларын дамыту, жалпы техникалық мамандықтарға қызығушылығын арттыру, — дейді жоғарыда аталған оқу орнының бөлім меңгерушісі Дархан Шаңбаев.

Сайыс «Ақылды үй технологиясы», «Электроника», «Инженерлік графика CAD» құзыреттілігі бойынша өтті. 14-16 жас аралығындағы оқушылар бақ сынаған байқау аясында сала бойынша түсінік беріліп, шағын көрме де ұсынылды.

Қазылар алқасының шешімімен әртүрлі аталым бойынша Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Айдын Есен, сол мектептің 9-сынып оқушысы Диас Қарсақов және М.Құсайынов атындағы облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Қайсар Жайлыбаев бас жүлдені жеңіп алды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге диплом табыс етілді.

Айбек СЕРІКҰЛЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button