Заң мен тәртіп

Қыз бала қауіпсіздігі — ортақ жауапкершілік

Ақтөбе қаласындағы Мәлік Ғабдуллин атындағы №70 орта мектепте жасөспірім қыздардың қауіпсіздігі мен құқықтық сауатын арттыруға бағытталған тағылымды іс-шара өтті.

Кездесу «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы, «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында және «Жасөспірім және заң» профилактикалық онкүндігі шеңберінде ұйымдастырылды.
«BILIM QAZYNA» коммуналдық-мемлекеттік мекемесі мен мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Ақмарал Қалдыбаеваның бастамасымен өткен «Қыз бала — қоғамның айнасы, қауіпсіздік пен денсаулық кепілі» атты сырласу кешіне 8-11 сыныпта оқитын қыздар қатысты. Кездесуде Ақтөбе облысының кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының медиаторы, «Анаға тағзым» орталығының медиаторы Бибігүл Әбілдаева және облыстық «Jan ahual» психологиялық қолдау орталығының әдіскері Гүлжанат Сеитова қыз балаларға құқықтық және психологиялық маңызы бар мәліметтер ұсынды. Іс-шара барысында қыз баланың қоғамдағы рөлі, жеке қауіпсіздік, денсаулықты сақтау, жауапты мінез-құлық қалыптастыру, өмірлік құндылықтарды дұрыс айқындау мәселелері кеңінен сөз болды. Мамандар жасөспірімдердің өмірінде кездесуі мүмкін қауіп-қатердің алдын алу, саналы таңдау жасау және жауапкершілікті арттыру жөнінде нақты кеңес берді.
Кездесудің тәрбиелік маңызы зор болғанын оқушылар да атап өтті. 11 «А» сынып оқушысы Жансұлу Алиева, 8 «Б» сынып оқушысы Дария Сартабан және 9 «А» сынып оқушысы Нұргүл Тұрсынбай сырласу кешінен өздеріне қажет көп мәлімет алғанын айтты.
Іс-шара соңында ұйымдастырушылар арнайы шақырылған қонақтарға қолдауы мен мазмұнды ой-пікірі үшін алғыс білдіріп, естелік сый табыстады.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button