Соғыста қаза тапқандарды іздейміз

«Atamnyn Amanaty» қоғамдық бірлестігі Ұлы Жеңістің 80 жылдығы аясында көптеген шаралар атқарып, оның ішінде соғыста хабар-ошарсыз кеткен боздақтарды іздестіру жөніндегі жұмыстарға үлес қосып келеді. Бірлестік құрылғалы бері «Atamnyn Amanaty» ресми сайты, әлеуметтік желілер мен байланыс телефондары арқылы хабарсыз кеткендерді іздестіруге 12 мыңнан астам өтініш келіп түскен.
Бірлестік өткен жылы Еуропа аумағында жерленген, аты-жөндері анықталған 20 мыңға жуық қазақстандық жауынгердің дерекқорын қалыптастырған. Олардың тікелей ұрпақтары мен туған-туыстарын ел аумағынан анықтау мақсатында барлық аудан және ауыл әкімдіктері арқылы іздестіру жұмыстары жүргізілген. Аталған бағыттағы жұмыстарды одан әрі жалғастыру мақсатында неміс концлагерьлері мен лагерьлерінде қаза болған қазақстандық сарбаздардың анықталған тізімі жолданып отыр.



