Заң мен тәртіп

Құқық пен заң — қауіпсіз ортаның кепілі

Ақтөбеде Ахмет Байтұрсынұлы атындағы мектеп-гимназияда «Қауіпсіз орта менің әрекетімнен басталады» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Іс-шара «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Заң және тәртіп» құндылығын насихаттау мақсатында ұйымдастырылды.
Дөңгелек үстелге қалалық полиция басқармасы учаскелік полиция инспекторы Абзал Сатаев пен полиция аға лейтенанты Мақсат Абдолов қатысты.
Іс-шараны мектеп-гимназия директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Гүлнар Мамутова ашып, жиынның мақсатына тоқталды.
Жиында оқушылар өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойып, қауіпсіз орта қалыптастырудағы саналы әрекеттің маңызы кеңінен талқыланды. Ал облыстық балалар құқығын қорғау омбудсмені және аталған мектеп-гимназияның 10-сынып оқушысы Нұрайым Піралиева Астана қаласында өткен Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне арналған республикалық конференцияға қатысып қайтқаны туралы әңгімеледі. Бұл жиынға облыстық бала құқығын қорғау уәкілі Айгүл Нұркеевамен бірге барған оқушы алған әсері көп екенін айтты.
Дөңгелек үстелде полиция қызметкерлері заңды білу заман талабы екенін айта келіп, жасөспірімдерді құқықтық сауаттылыққа шақырды. Сонымен қатар заң талаптарын сақтау, адалдық пен әділеттілік қағидаттарын ұстану, құқық бұзушылықтың салдары, сондай-ақ қауіпсіз орта қалыптастырудағы саналы әрекеттің маңызы кеңінен талқыланды. Бұл басқосу жасөспірімдерді заңды құрметтеуге, өз іс-әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауға және белсенді азаматтық ұстаным қалыптастыруға бағытталған.

К. ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button