Мәдениет

Абай — адамзаттың рухани шамшырағы

Байқау

Абай — бір ғана халықтың емес, адамзаттың ақыны. Оның шығармалары адамгершілік пен даналықтың шыңы іспеттес. Данышпан ақынның 180 жылдығына орай Әлкей Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін орта мектебінде пән бірлестіктері арасында «Абай — адамзаттың рухани шамшырағы» атты шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Бұл байқау ақынның бай әдеби мұрасын насихаттауға бағытталған.

Іс-шара барысында ұстаздар Абайдың қарасөздері мен өлеңдерін жаңа заманауи технологияларды қолдана отырып, жаңа қырынан жеткізе білді.Қатысушылар әртүрлі номинациялар бойынша өз жұмыстарын ұсынды. Абай әндерін әуелете шырқап, шығармашылық қабілетін шыңдады.

Байқау жұмыстары Абайдың тек өткен ғасырдың ақыны емес, қазіргі жастардың рухани нұсқаушысы екенін көрсетті. Сонымен қатар байқау мұғалімдердің шығармашылық әлеуетін ашып, олардың кәсіби дамуына зор ықпал етті. Бұл — білім беруді сапалы жаңа деңгейге көтерудің нәтижелі тәсілі. Шығармашылық байқау мұғалімдердің шеберлігін, шығармашылық ізденістерін көрсетуге жол ашты.

«Абай — адамзаттың рухани шамшырағы» атты байқауы — ұлы дананың өсиеттерін сабақтастырып, жаңаша бағытта жеткізуге бағытталған ұжымдық педагогикалық талпыныс. Әрбір ұсынылған жұмыс — Абай мұрасының өміршеңдігінің, оның тек тарихи дерек емес, бүгінде өзекті рухани нұсқаулық екенінің айғағы.

Сандуғаш САРПЫҚОВА,Құттыгүл БОҚАНОВА,

Әлкей Марғұлан атындағы №71 жалпы білім беретін

орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button