Тәрбиелік мәні зор

Мектеп
Қазіргі білім беру жүйесінде көркем еңбек пәні маңызды рөл атқарады. Оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытуда бұл пәннің алатын орны айрықша екені даусыз.
Көркем еңбек пәнібаланың қиялын ұштап, эстетикалық талғамын қалыптастырып қана қоймай, ұлттық мәдениет пен өнерге деген сүйіспеншілігін арттырады.
Менің педагогикалық тәжірибемде бұл пән— оқушылардың қызығушылығын арттыратын, еркін ойлауына мүмкіндік беретін ерекше сабақтың бірі. Осы пән арқылы әр баланың қабілетін айқындап, одан әрі дамыту үшін жағдай жасауға болады. Сабақ барысында оқушылар белгілі бұйымды жасап қана қоймай, өз ойын, қиялын шығармашылық жұмыс арқылы жеткізеді. Топтық жұмыстар кезінде балалар бір-бірімен пікір алмасып, өзара көмектесуге үйренеді. Көркем еңбек сабағы оқушыларды ұқыптылыққа, шыдамдылыққа, еңбекті бағалауға тәрбиелейді.
22 жылдық тәжірибемде ұлттық қолөнер элементтерін сабақта жиі қолданамын. Ою-өрнек салу, тұрмыстық бұйымдарды безендіру сияқты тапсырмалар оқушылардың туған халқының мәдениетіне деген қызығушылығын арттырады. Заманауи материалдар мен жаңа әдіс-тәсілдерді пайдалану сабақты қызықтыәрі нәтижелі етеді. Пән мазмұнында қазақ халқының дәстүрлі қолөнері — ою-өрнек, киіз басу, ағаш және металл өңдеу элементтері қамтылып, ұлттық тәрбиеге ерекше көңіл бөлінеді.
Қорытындылайкелгенде, көркем еңбек пәні — мұғалім үшін де, оқушы үшін де шығармашылыққа толы, тәрбиелік мәні зор пән. Оны тиімді ұйымдастыру—болашақта өнерді жақсы түсінетін, талғамы биік, еңбекқор тұлға тәрбиелеудің кепілі.
Мейрамгүл ЕРЖАНОВА,
Әлкей Марғұлан атындағы №71 орта мектептің
көркем еңбек пәнінің мұғалімі.
Ақтөбе қаласы.



