Ресми

9 мамыр — 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының Жеңіс күнін өткізу және дайындық жоспары

1. Қаланы және мәдени-көпшілік шаралар өтетін орындарды мерекеге сай безендіру жоспарын әзірлеу, 3 мамыр. Қаланы безендірудің бөлек жоспары бойынша.

2. 1941-1945 ж.ж. ҰОС-ға байланысты БАҚ-та айдарлар ашу, Ұлы Отан соғысы ардагерлері және мүгедектерінің сөз сөйлеулерін ұйымдастыру, сәуір-мамыр. Электронды және баспа БАҚ.

3. Отан қорғаушылардың ескерткіштерін жөндеу және қайта жөндеу, жауынгерлердің зираттарында тазалық жұмыстарын жүргізу, сәуір, (бөлек жоспар бойынша).

4. Ақтөбе батырлары, соғыс ардагерлері атындағы саябақтарды, скверлерді және көшелерді тазалау жұмыстарын жүргізу, сәуір. Қаланың саябақтары, скверлері және көшелері, селолық округтер.

5. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерінің тұрғын үйлері аулаларында жиналған қоқыстарды шығару бойынша ақысыз қызмет ұйымдастыру, сәуір-мамыр. Тұрғылықты мекенжайы бойынша.

6. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне үйлерінде медициналық қызмет көрсету бойынша қалалық акция, сәуір-мамыр. Тұрғылықты

мекенжайы бойынша.

7. Білім ұйымдарында Жеңіс күніне арналған тәрбиелік-насихаттық, мәдени ойын-сауық және спорттық-көпшілік шаралар өткізу, сәуір-мамыр. Қаланың мектептері, жоғары және арнайы орта оқу орындары.

8. Әскерге шақырушыларды ҚР Қарулы Күштері қатарларына салтанатты түрде шығарып салу, мамыр.

9. Қала мектептері оқушыларының «Естелік вахтасы» (бөлек жоспар бойынша), мамыр. «Мәңгі алау» Мемориалы, Ә.Молдағұлова ескерткіші, «Даңқ аллеясы», В.Пацаев бюсты, «Зеңбірек» естелік белгісі, Ә.Молдағұлованың естелік-бюсті.

10. ҰОС ардагерлеріне пәтерлердің сертификаттарын табыс етуді ұйымдастыру,    9 мамыр. «Қара алтын» мейрамханасы.

11. Кітап көрмелері, оқырмандар конференциялары, тақырыптық сағаттар, ардагерлердің жас оқырмандармен кездесуі, 1 мамырдан 8 мамырға дейін, сағат 11.00. Қала кітапханалары.

12. Дөңгелек үстелдер, тәрбие сағаттары, конкурстар, фестивальдар, мерекелік концерттер, мұражайларға экскурсиялар, 2 – 7 мамыр, сағат 11.00-ден. Қала мектептері.

13. «Подвиг Алии» атты тақырыптық көрме, 9 сәуір, сағат 11.00. №29 ОМ.

14. «Колокола памяти» — тұңғыш әйел-профессор, ҰОС қатысушысы Халида Маманованы еске алуға арналған митинг, 11 сәуір, сағат 11.00. Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мұражай.

15. «Естелік вахтасы» — іздеушілер аптасының ашылуы, 13 сәуір, сағат 13.00. №27 ОМ.

16. «Естелік вахтасы» — іздеу жасақтарын Калуга облысы ұрыс жерлеріне салтанатты шығарып салуы, 20 сәуір, сағат 10.00. «Мәңгі алау» мемориалы.

17. «Әлия» қыздар патриоттық клубының ашылуы, 20 сәуір, сағат 14.00. Ә.Молдағұлова атындағы облыстық мұражай.

18. «Спорттық эстафета» — әскери-спорттық турнир, 23 сәуір, сағат 10.00.    №13 Жайсаң КТЛ.

19. Үйдегі медициналық көрсету акциясы, 1 – 9 мамыр. Қарғалы селолық округі.

20. «Ерліктің мәңгілік алауы» — кітап көрмесі, 2 мамыр, сағат 11.00. С.Жиенбаев атындағы облыстық кітапхана.

21. «Ақтөбе облысы Ұлы Отан соғысы жылдарында», жылжымалы көрме, дәрістер, 2 – 6 мамыр, сағат 10.00-ден 17.00-ге дейін. Облыстық тарихи-өлкетану мұражайы.

22. «Бақыт гүлін терген күн» — кітап көрмесі, 3 мамыр, сағат 10.00. Н.Байғанин атындағы облыстық кітапхана.

23. «Жеңістің ұлы күні»  кітап көрмесі, 3 мамыр, сағат 14.00. С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана.

24. «Сап түзейді сарбаздар» атты патриоттық ән байқауы, 3 мамыр, сағат 15.00. «Геолог» Мәдениет үйі.

25. «Поклонимся и мертвым, и живым!» — Ақтөбе батырлары І.Үргенішбаев (100 ж.), К.Губин (110 ж.), Н.Папиловтың (90 ж.), Х.Доспанованың (90 ж.) мерейтойларына арналған салтанатты шара, 4 мамыр, сағат 11.00.  «Даңқ Аллеясы».

26. «Жеңіс тойы, жаса мәңгі» — ертеңгілік,    4 мамыр, сағат 11.00. Н.Байғанин атындағы облыстық кітапхана.

27. «Батырларға тағзым» кездесу кеші, 4 мамыр, сағат 11.00. С.Бәйішев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапхана.

28. Ұлы Жеңістің 67 жылдығына арналған әскери-спорттық эстафета   , 4 мамыр, сағат 12.00. Ақтөбе қаржы-экономика колледжі.

29. «Зарница» әскери-спорттық эстафета, 4 мамыр, сағат 12.00. Ақтөбе мұнай және газ колледжі.

30. «Поклонимся великим тем годам…»  қайырымдылық концерт, 4 мамыр, сағат 15.00. Қарттар үйі.

31. «Мәңгі есімізде» — ардагерлермен кездесу, 4  мамыр, сағат 15.00. М.Оспанов атындағы БҚМУ.

32. Ардагерлермен кездесу, концерттік бағдарламалар, сынып сабақтары, «Жас Ұлан» атты сап өлеңдерінің байқауы, 4 – 8 мамыр. Новый селолық округінің мектептері.

33. Әскери техниканы алаңға орнату, 4 – 8 мамыр. «Мега – Ақтөбе» ССО.

34. «Желбіре, Жеңіс жалауы» — салтанатты шара, 5 мамыр, сағат 11.00. Ақтөбе қаржы-экономикалық коледжі.

35. Қала әкімінің қатысуымен Ақтөбе гарнизоны жеке құрамының салтанатты жиыны, «ҚР Республикасының Қарулы Күштері — Қазақ халқының мақтанышы!»  атты мерекелік концерт, 5 мамыр, сағат 11.00. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.

36. «Естен кетпес отты жылдар» атты салтанатты жиналыс, 5 мамыр, сағат 13.00. ҚазТКА колледжі.

37. Джип триалдан турнир, 5-6 мамыр, сағат 11.00. Кирпичный ауылы.

38. Спорт ардагерлері арасында спартакиада. Волейбол, әйелдер, 5 – 9 мамыр, сағат 11.00-ден. №2 ОБЖСМ.

39. «Оксана», «Не старейте душой, ветераны» атты «Оксана» Украин ұлттық-мәдени орталығының мерекелік концерті, 6 мамыр, сағат 12.00. Облыстық Достық үйі.

40. «Ұлы Жеңіс» суреттер көрмесі, 6 мамыр, сағат 15.00. Облыстық есту қабілеті нашар балалар үшін арнайы мектеп-интернат.

41. «Мәңгі есімізде» кездесулер кеші, 6 мамыр, сағат 15.00. Облыстық есту қабілеті нашар балалар үшін арнайы мектеп-интернат.

42. Ақтөбе гарнизоны жеке құрамының салтанатты сапқа тұруы, «Әскер, Отанымыз — Қазақстан Республикасы күзетінде!» атты мерекелік концерт, 7 мамыр, сағат 10.00. Тұңғыш Президент атындағы саябақ.

43. В.Тихвинскийдің «Ат тұяғын тай басар» спектаклі, 7 мамыр, сағат 11.00. «Алақай» қуыршақтар театры.

44. ҰОС ардагерлері үшін  «Ұлы Жеңіс жаңғырығы!» атты салтанатты кеш,    7 мамыр, сағат 12.00. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университеті.

45. «Отан үшін от кешкен ерлердің ерлігі ұмытылмайды» атты мерекелік шара, 7 мамыр, сағат 12.30. Ақтөбе техникалық колледжі.

46. Еңбек  ардагерлерімен «Қаһармандарға мың тағзым!» атты кездесу, 7 мамыр, сағат 15.00. Сазды Мәдениет үйі.

47. «Бейбітшілік — ұранымыз» — футболдан біріншілік, 7 мамыр, сағат 15.00. Облыстық есту қабілеті нашар балалар үшін арнайы мектеп-интернат.

48. «День Победы со слезами на глазах» атты мерекелік бағдарлама, 7 мамыр, сағат 15.00. «Дүние» университеті.

49. Ардагерлер арасында футболдан турнир, 7 – 9 мамыр, сағат 11.00-ден. №2 ОБЖСМ.

50. Соғыс және еңбек ардагерлері үшін тегін көркем фильмнің көрсетілімін ұйымдастыру, 8 мамыр, сағат 10.00.  «Локомотив» кинотеатры.

51. «Парыз» әскери-патриоттық үйірмесі мергендерінің арасында жарыс, 8 мамыр, сағат 10.00. №3 ОМ.

52. «Ардагерлерді аялайық» қайырымдылық акциясы, 8 мамыр, сағат 10.00-ден. Қазақ-орыс халықаралық университеті.

53. С.Балыковтың  «Тізгініңді босат та, құстай самға!» атты спектаклі, 8 мамыр, сағат 11.00.  «Алақай» қуыршақ театры.

54. Пневматикалық мылтықтан атудан қала біріншілігі, 8 мамыр, сағат 11.00. «Альфа – Авиа» СК.

55. ҰОС ардагерлерімен кездесу,  «Мәңгі Жеңіс — нәрлі жеміс» атты мерекелік бағдарлама, 8 мамыр, сағат 11.00. Алматы экономика және статистика институтының Ақтөбедегі бөлімшесі.

56. «Ешкім де, еш нәрсе де  ұмытылмайды!» — соғыс және еңбек ардагерлерімен кездесу, 8 мамыр, сағат 11.00. Ақтөбе ауылшаруашылық колледжі.

57. «Ерлік ескірмейді» — ҰОС ардагерлерімен салтанатты кездесу кеші, 8 мамыр,

сағат 11.00. Қазақ зағиптар қоғамының Мәдениет үйі.

58. ҰОС ардагерлерімен салтанатты кездесу кеші «Ешкім де, еш нәрсе де ұмытылмайды», 8  мамыр, сағат 12.00. Ақтөбе заң институты.

59. «Ерлік — елге, ұрпаққа — ұран» — мерекелік кеш, 8 мамыр, сағат 13.00. Ақтөбе гуманитарлық колледжі.

60. «Ұлы Жеңіске шашу!» концерттік бағдарламасы, 8 мамыр, сағат 13.30. Қазақ саңыраулар қоғамының Мәдениет үйі.

61. Кеңес Одағының батыры Ә.Молдағұлованың мұражайына экскурсия, 8 мамыр, сағат 14.00. Ә.Молдағұлованың мемориалды мұражайы.

62. «Ерліктің мәңгі алауы» атты мерекелік шара, 8 мамыр, сағат 14.00. Ақтөбе медицина колледжі.

63. «Ерлік жолы» концерттік бағдарламасы, 8 мамыр, сағат 14.30. Облыстық есту қабілеті нашар балалар үшін арнайы мектеп-интернат.

64. М.Мәметованың 90 жылдығына арналған  «Соғып тұр мерген қыздың жүрегі» атты театрландырылған қойылым, 8 мамыр, сағат 15.00. «Геолог» Мәдениет үйі.

65. Таэквандодан қала біріншілігі, 8-9 мамыр, сағат 11.00.     «Динамо» СК.

66. Ғарыштық модельдеудің көрмесі, 8 – 12 мамыр. Техникалық шығармашылық орталығы.

67. «Ер есімі — ел есінде» — еске алу митингі, салтанатты гүл қою рәсімі, 9 мамыр, сағат 9.30.  «Мәңгі алау» мемориалы, Ә.Молдағұлованың мемориалды кешені, Ә.Молдағұлованың ескерткіш-бюсті, «Зеңбірек» ескерткіші, Бауырлар зираты.

68. Далалық асхана  орнату, ардагерлерге ас беру, 9 мамыр, сағат 11.00. Тұңғыш Президент атындағы саябақ,  А.С.Пушкин атындағы саябақ.

69. «Ұлы Жеңіс жасасын!» атты театрландырылған мерекелік бағдарламасы (Әуе Қорғаныс күштерінің әскери институты), 9 мамыр, сағат 11.00;

«Жеңіс жыры» атты «Халықтық» «Наставник» соғыс және еңбек ардагерлері хор ұжымының және үрлемелі аспаптар оркестрінің мерекелік бағдарламасы (Қалалық Мәдениет үйі), сағат 12.30;

«Ұлы Жеңіс — ел мен ердің Жеңісі» атты мерекелік бағдарлама (ҚР ІІМ АЗИ), сағат 14.00;

«Желбіресін, Жеңіс Туы!» атты «Ақтөбе» вокалды-аспапты ансамблінің мерекелік бағдарламасы (Қалалық Мәдениет үйі), сағат 19.00.  Тұңғыш Президент атындағы саябақ.

70. «Жадымызда жаңғырығы Жеңістің» атты театрландырылған  мерекелік бағдарлама (Облыстық Достық үйі), 9 мамыр, сағат 11.00;

«Ұлы ерліктер мәңгі есте сақталады» атты театрландырылған мерекелік бағдарламасы (Ақтөбе мемлекеттік педагогика институты), сағат 12.00;

«Жырлаймыз Ұлы Жеңісті» атты мерекелік бағдарламасы (Облыстық филармония), сағат 13.00;

«Ұлы ерліктер мәңгі есте сақталады» атты театрландырылған мерекелік бағдарламасы (Ақтөбе кооперативтік колледжі), сағат 14.00. «Мега – Ақтөбе» ССО.

71. «Жеңіс күні жасасын!» атты театрландырылған мерекелік бағдарламасы (Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры), 9 мамыр, сағат 11.00;

«Ұлы ерліктер мәңгі есте сақталады» атты театрландырылған мерекелік бағдарламасы (Ақтөбе медицина колледжі), сағат 12.00;

«Ерлік — ерге мұра, ұрпаққа — ұран!» атты театрландырылған мерекелік бағдарлама (Ақтөбе көлік, коммуникация және жаңа технологиялар колледжі), сағат 13.30.  Қобыланды батыр атындағы Орталық стадион.

72. «Достықтың төл перзенті» атты театрландырылған  мерекелік бағдарлама (№6655 әскери бөлімі), 9 мамыр, сағат 11.00;

«Жеңіс жыры» атты  театрландырылған мерекелік бағдарламасы (М.Оспанов атындағы БҚМУ), сағат 12.00;

«Бейбітшілік — ел ұраны» атты мерекелік бағдарламасы (А.Жұбанов атындағы музыкалық колледж), сағат 13.30;

«Желбіресін, Жеңіс Туы!»  атты эстрадалық-үрлемелі оркестрінің мерекелік бағдарламасы (Қалалық Мәдениет үйі), сағат 19.00. А.С.Пушкин атындағы саябақ.

73. «Ұлы Жеңіске тағзым!» атты спорттық ойындары, 9 мамыр, сағат 11.00. «Қоныс» Спорт сарайы.

74. «Отан үшін от кешкендер!» атты театрландырылған мерекелік бағдарлама (Ә.Молдағұлова атындағы гуманитарлық колледж), 9 мамыр, сағат 11.00;

«Бейбіт өмір сыйлаған Ұлы Жеңіс!» атты мерекелік бағдарлама (Облыстық халық шығармашылығы үйі), сағат 12.30;

«Пусть всегда будет солнце!» атты «Рюкзак» «Халықтық» бард клубының мерекелік бағдарламасы, сағат 19.00. «Ретро» саябағы.

75. «Әрқашан күн сөнбесін!» атты театрландырылған мерекелік бағдарлама (Облыстық «Алақай» қуыршақ театры), 9 мамыр, сағат 11.00;

«Бейбітшіліктің төл перзенті» атты театрландырылған мерекелік бағдарлама (Ақтөбе политехникалық колледжі), сағат 12.00;

«Ұлы Жеңіске мың тағзым» атты театрландырылған мерекелік бағдарлама (Ақтөбе көлік және коммуникациялар колледжі), сағат 13.00. «Авиатор» саябағы.

76. «Согреть ветеранов сердца» мерекелік бағдарламасы, 9 мамыр, сағат 10.30. Металлургтер Мәдениет үйі.

77. Далалық асхана орнату, ардагерлерге ас беру, георгий ленталарын тарату, 9 мамыр, күні бойы.             «Мега – Ақтөбе» ССО.

78. «И помнит мир спасенный…» атты Қалалық көркемсурет лицей оқушыларының көрмесі,          9 мамыр, сағат 10.00. Қалалық көркемсурет лицейі.

79. «Жеңіс туы желбіресін!» атты мерекелік бағдарлама, 9 мамыр, сағат 10.00. Қарғалы селолық округінің «Жеңіс» саябағы.

80. «Қаһарман ұрпаққа мың тағзым!» — Жеңіс күніне арналған митинг, 9 мамыр, сағат 10.00.             «Зеңбірек» мемориалы.

81. Ардагерлермен кездесу, «Сендерге Жеңіске жету абыроймен тапсырылды!» атты мерекелік концерт, 9 мамыр, сағат 11.00. Балалар және жасөспірімдер үйі.

82. «Жеңіс күні — бейбіт күні» — мерекелік концерт, 9 мамыр, сағат 11.00. Құрайлы селолық округінің әкімдігі.

83. Мектеп оқушылары арасындағы спартакиада. Қыздар, кросс, 9 мамыр, сағат 11.00. Тұңғыш Президент атындағы саябақ.

84. Арбалы-мүгедектер арасында жеке біріншілік,   9 мамыр, сағат 11.00. «Динамо» стадионы.

85. «Желбіре, Жеңіс жалауы» — мерекелік концерт, 9 мамыр, сағат 11.00;

Ұлы Отан соғысы жылдары туралы кинофильм көрсету, сағат 15.00. Сазды мәдениет үйі.

86. «Жеңіс күні» — концерт, 9 мамыр, сағат 16.00. Ғ.Жұбанова атындағы облыстық филармония.

87. Ү.Байжомартовтың «Алтын түйме» спектаклінің премьерасы, 9 мамыр, сағат 17.00. Т.Ахтанов атындағы облыстық драма театры.

88. «Откройте Вселенную в телескоп!» — жұлдызды аспанды бақылау, 9 мамыр, сағат 21.00.             Сулы-жасыл гүлзар.

89. Мерекелік от шашу, 9 мамыр, сағат 21.00. «Мега – Ақтөбе» ССО.

90. «Эстафета Памяти» — «Әлия» іздеушілер жасағымен кездесу, 11 мамыр, сағат 10.00.             Ә.Молдағұлованың мемориалды  мұражайы.

 

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button