Спорт

Айболдың жүлдесі

Татарстанның Қазан қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында жерлестеріміз Айбол Сұлтанбай мен Сұлушаш Бөгенбайқызы топ жарды.

Жеңімпаздарды Мәртөк ауданының әкімі Медет Ысқақов арнайы қабылдап, құрмет көрсетті.
Байрақты спорт додасында Айбол Сұлтанбай қарсыластарын айқын басымдықпен жеңіп, әлем чемпионы атанды. Ал Сұлушаш Бөгенбайқызы ел қоржынына күміс медаль сыйлады.
Қабылдау барысында аудан басшысы спортшыларды жарқын жеңістерімен құттықтап, олардың бұл табысы — қажырлы еңбек пен табандылықтың, жүйелі дайындық пен мықты рухтың нәтижесі екенін атап өтті. Әлемдік аренада көк Туымызды желбіретіп, аудан абыройын асырған спортшылар мен бапкерлеріне ризашылығын білдіріп, Алғыс хат табыстады.
— Әлем чемпионатында Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстаннан келген спортшылармен белдестім. 68 келі салмақта ел намысын қорғадым. Спорт додасына әлемнің 19 мемлекетінен іріктелген спортшылар қатысты. 2018 жылдан бері белбеу күресімен айналысамын. Биыл Қазақстан чемпионатында күміс жүлдемен қоса, ел біріншілігінің Кубогын да иелендім. Қолдау көрсеткен ата-анама, бауырларыма және жаттықтырушыларыма ерекше алғысымды білдіремін, — дейді белбеу күресінен әлем чемпионатының жеңімпазы Айбол Ақалмасұлы.

Ақмарал МҰҚАШЕВА,
Мәртөк ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button