Жаңалықтар

Ақтөбе облысында тас жолдарды күтіп ұстайтын арнайы техникаларға GPS навигаторлары орнатылуда

Қыстың қолайсыз ауа райы жағдайларында жедел әрекет ету және бірыңғай мониторинг жүйесіне интеграциялау мақсатында қазіргі уақытта облыстық маңызы бар автомобиль жолдарындағы және Алға, Қарғалы, Мартук, Темір аудандарының жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарындағы арнайы техникаларда GPS навигаторлары орнатылды, қалған аудандарда автомобиль жолдарын күтіп ұстау бойынша конкурс жарияланып, техникалық ерекшеліктеріне GPS навигаторларын орнату міндеттелді.

Облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының мәліметінше, бұл арнайы техниканың нақты орналасқан жерін және қозғалыс бағытын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, биыл қыста облыстың тас жолдарында қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында 5 мың тонна көктайғаққа қарсы инертті материал дайындалды, оның ішінде облыстық жолдарға – 2 900 тонна, аудандық жолдарға – 2 100 тонна қарастырылған. Сонымен қатар, 1,8 мың тонна дизель отынының қоры жасақталып, жол қызметтерінің үздіксіз жұмыс істеуіне жағдай жасалды. Жол бойларында қар ұстайтын құрылғылар орнатылып, көктайғақтың алдын алу мақсатында барлық учаскелерге қажетті жол белгілері қойылды. Бұл шаралар тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қозғалысын қамтамасыз етуге бағытталған және қыс бойы тұрақты түрде жалғасын табады.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button