Заң мен тәртіп

«АДАЛ АЗАМАТ —  ҚОҒАМ АЙНАСЫ»

«Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету бағытында Ақтөбе жоғары гуманитарлық колледжінде «Адал азамат қоғам айнасы» тақырыбында профилактикалық кездесу өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты – оқушыларға құқықтық мәдениеттің маңызын түсіндіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы иммунитет қалыптастыру және адал өмір сүрудің құндылығын дәріптеу.  Іс-шараға колледж директоры, топ кураторлары, арнайы мамандар және колледж оқушылары қатысты.
Кездесу барысында қатысушыларға адалдық, жауапкершілік, заңға бағыну, өз әрекетінің салдарын түсіну сияқты маңызды құндылықтар туралы кең көлемді ақпарат берілді. «Жастар рухы» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Әлішер Тыныштық, полиция майоры Қарлығаш Шауқалиева,  «Аңсар» ақпараттық-талдау орталығының жетекшісі  Тоқтар Тобажанов, облыстық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі, полиция подполковнигі Олжас Оспанов және  «JAN AHUAL» психологиялық қолдау орталығы директорының орынбасары Медеухан Жасжанова жастарға өз кеңестерін айтты. Сондай-ақ құқық бұзушылықтың түрлері, оның алдын алу жолдары, киберқауіпсіздік, әлеуметтік желілердегі мәдениет және азаматтық жауапкершілік туралы нақты деректер мен мысалдар келтірді.

Оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық диалог алаңында пікір алмасып, адал азамат болудың қоғам дамуы үшін қаншалықты маңызға ие екендігін талқылады. Кездесу барысында жеке тұлғаның адамгершілік қасиеттерін дамыту жолдары, өмірлік мақсаттар мен құндылықтарды дұрыс қалыптастырудың маңызы ерекше атап өтілді.
Шара соңында қатысушыларға құқықтық мәдениетті нығайту, заң талаптарын сақтау және қоғамға пайдалы, адал азамат болып қалыптасу бойынша ұсынымдар берілді.  Аталған кездесу жастардың азаматтық ұстанымын нығайтып, олардың өмірлік бағыт-бағдарын айқындауға зор ықпал етті.

 

К.ҚОПАЕВА.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button