Білім

Сәнім мен Жангүл — үздік оқырман

Ақтөбе қаласындағы №41 орта мектепте «Кітапхана — білім ордасы» атты танымдық кеш өтті. Кешке мектептегі бастауыш сынып оқушылары қатысты.

Басқосуда мектеп кітапханасының қызметкерлері балалардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында тәрбиелік мәні зор әңгімелер айтып, кітап туралы көп малұмат берді. Кеш барысында оқушылар «Кітап — рухани қазына» атты көрініс қойып, жаттаған тақпақтарын айтты, би биледі.

Кітапханашылар Гүлнар Оразалина мен Шынар Алмағанбетова жас оқырмандарды кітапханаға келген жаңа кітаптармен таныстырды. Мектептің 3-сынып оқушылары Сәнім Аманғазы мен Жангүл Еңсеген үздік оқырман атанып, сый-сыяпат алды.

 Клара ДОБРАШЕВА,

Жанар УӘЛИЕВА,

№41 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімдері.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button