Заң мен тәртіп

Қоғамдық тұрақтылықтың тұғыры

Әйтеке би ауданыТемірбек Жүргенов ауылында  «Халық заңгері» республикалық акциясы өтті. Акцияға аудандық прокуратура, полиция бөлімі, әділет бөлімі, нотариустар мен адвокаттар, сот орындаушылары және өзге де мемлекеттік орган өкілдері қатысты. Тұрғындар түрлі бағыттағы сұрақтарын қойып, заңгерлерден тегін кеңес алды. Әсіресе жер телімін рәсімдеу, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақылар, еңбек қатынастары, мұрагерлік пен отбасылық даулар секілді өзекті мәселелер кеңінен талқыланды.

Іс-шараның басты мақсаты —  халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, азаматтардың заң алдындағы жауапкершілігін күшейту және өз құқығын қорғауға деген сенімін нығайту.

Кездесу барысында құқық қорғау органдарының мамандары әрбір мәселені заң аясында шешу жолдарын түсіндіріп, жеке өтініштер мен шағымдарды қабылдады. Бірқатар сұрақ аудандық прокуратураның бақылауына алынды.

Мұндай шаралар азаматтар мен билік арасындағы өзара сенімді нығайтып, қоғамда заңға құрмет мәдениетін қалыптастыруға жол ашады. «Заң мен Тәртіп» идеологиясын насихаттаған акция тұрғындарға нақты көмек көрсетумен қатар, әділет пен адалдықтың маңызын айқындай түсті.

Республикалық деңгейде ұйымдастырылған «Халық заңгері» акциясы алдағы уақытта да өз жалғасын табады. Бұл — халыққа жақын биліктің, әділетті қоғам құрудың айқын көрінісі.

 Е.ӘБДІРАЕВ,

Әйтеке би ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button