Заң мен тәртіп

Әскери психологтар біліктілігін арттырады

Ақтөбе гарнизонының әскери прокуратурасы «Әскердегі заң және тәртіп» ведомствоаралық бағдарламасын іске асыру шеңберінде гарнизонның әскери бөлімдері мен мекемелерінің психологтарымен дөңгелек үстел өткізді.

Кездесу барысында психологтар оң тәжірибе алмасып, сондай-ақ олардың біліктілігін арттыру, мерзімді әскери қызметшілермен және курсанттармен жұмысқа жаңа серпін беру мақсатында алдағы іс-шаралардың бірлескен жоспары әзірленді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасын тауып, жандана түседі.

Айбол БАҚСИЫҚ,

Ақтөбе гарнизоны әскери прокуратурасының

аға прокуроры,

әділет капитаны.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button