Заң мен тәртіп

Полиция үй аралайды

Брифинг

«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасының аясында учаскелік полиция инспекторлары үй-жай аралап, тұрғындармен жүздеседі.
Бұл іс-шара облыс аумағында қыркүйектің 1-інен басталып, қарашаның біріне дейінгі аралықта өтеді.
Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз жиынында айтылды. Жиынға облыстық полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Нұрлыбек Сүйінтаев қатысты.
«Учаске» жедел-алдын алу іс-шарасы барысында учаскелік полиция инспекторлары тұрғындармен танысып, өзіне бекітілген аумақтағы проблемаларды зерделеп және түрлі құқықбұзушылыққа жол берген адамдарды анықтау үшін барлық үй-жай мен ұйымдарды тексеріп, аралап шығады.
Бұл іске облыс бойынша күн сайын 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылып, оларға қоғамдық көмекшілер мен еріктілер жәрдемдеседі. Облыстағы жеке үй мен пәтердің жалпы саны 253 993 болса, бүгінге дейін полиция қызметкерлері оның 9,8 пайызын аралап шыққан.
Сондай-ақ саяжайдағы үйлер мен жатақханалар да тексеріледі. Қазіргі күні 82 жатақхана тексеріліп, студенттерге ақпарат берілген.
Бүгінге дейінгі жұмыс барысында тұрғын үйді салық органдарына тіркемей жалға берген 106 дерек анықталған. Тұрғылықты жері жоқ 6 адам ұсталып, қабылдау-тарату орнына орналастырылды. Ал тіркеусіз тұрғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылғандар саны — 579. Сонымен қатар іс жүзінде бірге тұрмайтын жеке тұлғаларды тіркеген үй иелері де жауапкершілікке тартылады.
Тексеру барысында аулалар мен үйлердің қабырғасынан 10 есірткі жарнамасы табылып, жойылды.

А.САРЫБАЙ.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button