Заң мен тәртіп

Қоғам және құқықтық мәдениет

Әр адам өзінің, ұрпағының әділетті әрі қауіпсіз елде өмір сүргенін қалайды. Ал ондай мемлекетті құру жолындағы ең маңызды міндеттің бірі — заң мен тәртіп үстемдігін орнықтыру.
Қоғамда құқықтық мәдениетті қалыптастыру үшін қандай нақты қадамдар жасалып жатыр? Конституция құндылықтарын, елімізде қабылданып жатқан заңдарды насихаттау мақсатында қандай іс-шараларға әлі де көбірек көңіл бөлінуі керек? Бүгінде өзекті мәселеге айналған алаяқтық, жол тәртібін бұзу сынды заңсыздықтарға қайткенде тосқауыл қойылады?
Қазақстан Республикасы Конституциясының қабылданғанына 30 жыл толуына орай «Ақтөбе Медиа» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ұйымдастырылған дөңгелек үстелде осы және басқа да мәселелер төңірегінде сөз қозғалды.
Дөңгелек үстелге әділет саласының ардагері, Н.Шәйкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Серожатдин Барышев, облыстық ішкі істер департаменті жергілікті полиция басқармасы бастығының орынбасары Айбек Борашев, Ақтөбе қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры Темірлан Сапақов, Ақтөбе қаласы әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының судьясы Анар Айтжанова, облыстық әділет департаментінің аға сот орындаушысы Айнұр Көшкінбаева қатысты. Дөңгелек үстел үстіндегі әңгімені «Ақтөбе Медиа» ЖШС директоры, Қазақстан Журналистер одағы облыстық ұйымының төрағасы Раукен Отыншин жүргізіп отырды.
— Мемлекет басшысы құқық қорғау органдарының кеңейтілген алқа мәжілісінде сөйлеген сөзінде «Заң — қысым көрсетуге немесе қудалауға арналған құрал емес. Заң — әр адамның құқығы мен бостандығының қорғаны. Біз осы ақиқатты терең түсінетін азаматтық және мәдени орта қалыптастыруымыз керек» деп атап өтті. «Заң мен тәртіп» қағидатын дәріптеу — өте маңызды іс. Осы орайда білікті заңгерлердің, заң, құқық қорғау саласы мамандарының мақалаларын, сұхбаттарын, пікірлерін әрдайым жариялап келеміз, — деді Раукен Сағызбайұлы өзінің алғы сөзінде.
Бас қосуға қатысушылар көтерілген мәселелерге байланысты ой-пікірлерін ортаға салды.
Дөңгелек үстел үстіндегі әңгімені газетіміздің 29 тамыз күнгі санынан оқи аласыздар.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button