Өз баламыздай болып кетті

10 жылдан астам уақыт бойы учаскелік инспектор қызметін атқарып келе жатқан полиция майоры Рауан Алекенов – Ақтөбедегі 8-мөлтек ауданның тыныштығын күзетіп жүрген адал тәртіп сақшысы.
Тұрғындар оны «өз баламыздай болды» деп сипаттайды.
– Көпқабатты үй болғасын, мәселелер туындап тұрады. Кіреберіске маскүнемдердің келуі, түнде тыныштықты бұзу, ортақ мүліктердің бүлінуі, отбасылық-тұрмыстық мәселелер, ұрлық т.б. Рауан күндіз-түні жүгіріп келіп, шаралар қабылдайды -дейді олар.
Себебі учаскелік инспектор тек құқық бұзушылықпен күресіп қана қоймай, әр отбасының, әр баланың амандығына шын жанашырлық танытады.
Өткен жылы ол маскүнемдік салдарынан қарт ата-анасына қауіпті болған ер азаматтың қыр соңынан қалмай жүріп, мәжбүрлеп емдеткен. Нәтижесінде тұрғын түзу жолға түсіп, өз отбасының асыраушысына айналған.
Тұрғындардың мүлкінің сақталуы да – майор Алекеновтің қырағы назарында. Биыл ол үш велосипед ұрысын ізін суытпай ұстап, тұрғындарға мүлкін қайтарған.
Рауан Алекеновтың әкімшілік аумағын кезекті аралауға шыққан кезі – бейнекамелар назарында.



