Білім

Сабақ тақырыбы — Сәңкібай батыр

Ақтөбе облысының 80 жылдығы аясында облыстық С.Жиенбаев атындағы жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері №36 қазақ орта мектебінде «Тарихымыздың тау тұлғасы — Сәңкібай батыр» атты тарихи-танымдық сабақ өткізді.

Еліміз тәуелсіздік алғалы Тама Есет батыр, Әйтеке би, Есет Көтібарұлы, Асау-Барақ, Қайдауыл батырларға арналған игі шаралар халқымыздың рухани болмысы мен ұлттық санасына ерекше әсер етті.  Алайда әлі де толық зерттеліп болмаған тұлғалар баршылық. Солардың бірі әрі бірегейі – Сәңкібай батыр.

Танымдық сабақта «Ел есінде — Сәңкібай ер» деген атпен кітап көрмесі ұйымдастырылып, оған «Қазақ батырлары», «Ел ырысы — ердің ісі» секілді т.б кітаптар, мәліметтер қойылды. Осындай деректерге сәйкестендіріліп түсіндірілген мағлұматтардың маңызы өте зор болды.

Бақтыгүл ХАМИДУЛЛИНА,

кітапханашы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button