Заң мен тәртіп

Жол қауіпсіздігі: нақты міндеттер жүктелді

Облыс әкімінің орынбасары Ғалымжан Елеуовтің төрағалығымен жол-көлік оқиғаларына себеп болатын факторларды зерттеу және жол қауіпсіздігін арттыруға бағытталған шаралар мен ұсыныстарды әзірлеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.

Отырысқа құқық қорғау, мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде бұған дейін берілген тапсырмалардың орындалу барысы қаралды. Сонымен қатар нақты міндеттер белгіленіп, оларды іске асыру жолдары талқыланды.

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі департаменттің басшылығы ведомствоаралық топтың үйлестірушісі ретінде атқарылған жұмыстар туралы есеп беріп, жол-көлік оқиғаларының алдын алу, оларды болжау критерийлерін айқындау және заңнамалық бастамалар енгізу бойынша ұсыныстар енгізді.

Жиын қорытындысы бойынша барлық мүдделі органдарға жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықбұзушылықтардың алдын алу шараларын жалғастыру тапсырылды.

Д.АЙДАР.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button