Заң мен тәртіп

Тегін құқықтық кеңес берілді

Мемлекет басшысының бастамасымен әзірленген «Қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдамасы» аясында «Заң мен тәртіп» акциясы өтті.

Шара барысында Ақтөбе қаласындағы халық көп шоғырланған «Keruen city» сауда, ойын-сауық орталығында тұрғындарға тегін құқықтық кеңес берілді.
Акцияның негізгі мақсаты — азаматтарға туындаған мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізе отырып, құқықтық кеңес беру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін түсіндіру.
Ақтөбе қаласының прокуроры Берік Қыдырәлі бұл бастаманың маңыздылығына тоқталып, әр келген тұрғынның мәселесі назардан тыс қалмайтынын жеткізді.
Акцияда прокуратура, полиция, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің, қалалық тұрғын үй инспекциясының қызметкерлері қоғамдық қабылдау жүргізді.
Қоғамдық қабылдауға 30-ға жуық азамат келді. Өтініштер әртүрлі тақырыптарды қамтыды. Атап айтсақ, алаяқтық, жер даулары, алимент бойынша берешекті өндіру және өзге де өзекті мәселелер. Оларға мәселені шешу бойынша нақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар азаматтарға нашақорлыққа қарсы ақпарат берілген жадынамалар таратылды.
Мұндай қоғамдық қабылдаулар алдағы уақытта да жалғасын табады.

Ақбота ҚАЛДЫБЕК.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button