Ресми

Облыс әкімінің облыстың 2011 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы және 2012 жылға арналған міндеттері туралы есебінің тезистері

Кіріспе

Мемлекет Президенті 2012 жылғы 27 қаңтардағы халыққа арнаған Жолдауында Қазақстандық жолдың жаңа кезеңін белгіледі,  халықтың тұрмыс-тіршілігін арттыруға және экономиканы нығайту бойынша жаңа міндеттерді қойды.  Елбасымыз «Қазақстан үшін экономикалық табыстар мен қоғамдық игіліктерді қамтамасыз етудің оңтайлы тең­ге­рімін табу – өмірлік маңызды нәрсе. Бүгінгі әлемде бұл – әлеу­мет­тік-эко­номикалық жаңғырту­дың түбе­гейлі мәселесі» деп атап өтті.  Сонымен, жақын онжылдықтағы Қазақстан дамуының негізгі векторы  белгіленді.

Бұл үшін он бағыт бойынша міндеттер кешенін іске асыру қажет.

Ақтөбе облысы алға қойған міндеттерді шешу үшін қажетті мүмкіндіктермен және жоғарғы әлеуеттің барлығымен қамтылған. Бұған өткен 2011 жылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі параметрлеріне қол жеткізуі,  стратегиялық бағдарламалық құжаттардағы  мақсаттар мен міндеттердің орындалу қорытындысы дәлел.

Өнеркәсіпте 1 трлн. 300 млрд. теңгеге өнім өндірілді, НКИ – 108,5%, оның ішінде тау-кен саласында 984,9 млрд. теңге (НКИ – 109,7%) өңдеу өнеркәсібінде – 193,5 млрд. теңге (НКИ – 103,7%), сонымен қатар, өңірдің жалпы өнімінде өңдеу саласының үлесі 0,4 пайыздық пунктке өсті және  8,4% құрады.

Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 15%-ға өсті және 111,2 млрд. теңгені құрады.

Бөлшек  тауар айналымының көлемі 242,7 млрд. теңгені немесе 121,1% құрады, бұл өңірдегі тұтынушылар сұранысының өскенін көрсетеді.

Бағалау бойынша экономиканың нақты өсімі 2011 жылы 7%-дан төмен емес деңгейінде күтілуде.

ӨЖӨ  1 трлн. 300 млрд. теңгеге жетеді немесе  8,9  млрд. АҚШ доллары. Бұл   тұрғындардың жан басына шаққанда  ӨЖӨ 11,4  мың АҚШ долл. құрайды.

Өңірдің экономикасының өсуі  әлеуметтік салаға да оң әсерін тиігізді: 2011 жылы тұрғындардың нақты ақшалай кірісі 9,2 % ,  нақты жалақы – 7,4%-ға өсті.

Жұмыссыздық деңгейі бағалау бойынша 4,9%-ды құрады,  бұл 2010 жылға қарағанда 0,4 пайыздық пунктке төмен.

Бүгінгі күні экономика саласында өте маңызды міндет – экономика құрылымын өзгерту тұр.

Оны  еліміздің экономикасын индустриалық жаңарту жөніндегі Мемлекет Басшысының алға қойған міндеттері мен бағыттары бойынша  жүзеге асыру керек.

Қазіргі уақытта,  жаңа серпілісті жүзеге асыру үшін жүйелі жұмыс жүргізілді: заңнамалық база құрылды,  салалық бағдарламалар, өндірістік қуаттарды оңтайлы орналастыру схемасы, Индустрияландыру картасы қабылданды.

Осыған байланысты, 2012 жылғы басымдықтардың арасында ерекше көңіл  экономиканы жаңғырту мәселесіне,  басымды секторларға инвестиция тарту,  еркін экономикалық аймақтарды және индустриялық аймақтарды дамыту,  минералды-шикізатты ресурстарды тиімді пайдалану,  жергілікті құрамды дамыту және шикізатты емес экспортты жылжыту болады.

Отандық тауар өндірушілер өнімінің сапасын арттыру Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі болып табылады. Бағдарламаны іске  асырудың негізгі акценті өңірлерге ауыстырылды.

Осыған байланысты,  орталығы Ақтөбе қаласы болатын, болашақтағы агломерация болып анықталған, Ақтөбе облысына да үлкен міндет жүктелуде.

 

Индустриялық-инновациялық даму

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру  Ақтөбе облысының әлеуметтік-экономикалық жаңғыртудағы негізгі басымдығы болып табылады.

Қазақстанның Индустрияландыру картасына енген инвестициялық жобаларды іске асыру бойынша облыста белсенді және жүйелі жұмыс жүргізілуде, бұл Мемлекеттік бағдарламаның басты құралы болып табылады.

Қазақстанның Индустрияландыру картасына Ақтөбе облысының жалпы сомасы 521,4 млрд. теңгеге  63 жобасы енді, онда 9,3 мың тұрақты жұмыс орны құрылады.

Бағдарламаны іске асырған екі жылда пайдалануға енгізілген 51 жобаның 2011 жылы  сомасы 74,0 млрд. теңгеге 27 объектісі енгізілді, 1379  жаңа жұмыс орны құрылды.

Маңызды объектілер:

–   құны 42,0 млрд. теңге және қуаты жылына 420,0 млн. куб. м. газ  өндіретін  газ өңдеу зауыты (газды пайдалану кешені) («Қазақойл Ақтөбе» ЖШС).

– құны 5,6 млрд.  теңге  және  қуаты 7,0 мың тонна катод мысын өндіретін катодты мысты өндіру және руданы қайта өңдеу жөніндегі кешен («КazCopper» ЖШС) және т.б.

Облыста жаңа қуаттарды игеру нәтижесінде, мынадай өндірістердің: полиуретандық композиция, полиэтилен құбырларын, металл жабынғыш (металлочерепица), профнастил және пенополиуретан, автожолдарды жабатын активтендірілген минералды ұнтақ, пісірме электродтар, дәрілік құралдар сияқты өнімдердің жаңа түрлері шығарылады.

Бұл өңдеу өнеркәсібіне инвестицияның  қарқынды өсімінің нәтижесі болып табылады,  ол 49,7 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден 12,8%-ға көп.

Облыстың негізгі капиталы  тартылған инвестицияның жалпы көлемі 385,9 млрд. теңгені құрады, бұл 2010 жылғы деңгейден 2,0%-ға көп.

Жаңа өндірістерді құру, инвестициялық салымдарды  және енгізілетін технологиялардың тиімділігі өнеркәсіп өндірісінің барлық негізгі салаларында өсу қарқынын қамтамасыз етті.

Өңдеу өнеркәсібінің еңбек өнімділігі 2011 жылы саладағы  бір жұмыспен қамтылғанға шаққанда 32,1 мың АҚШ долларын құрады,  бұл 2010 жылғы деңгейден  1,3 есе артық, агроөнеркәсіптік кешенде – 3,5 мың АҚШ долларын, өсімі — 20,7% (2012 ж. 01.12).

Жалпы өнімнің негізгі түрлерін шығару бойынша облыс 2010 жылғы деңгейден елеулі асты. Мәселен,  мұнай өндірісі көлемі 6,6%-ға ұлғайды және  8,5 млн. тоннаны құрады, ілеспе газ — 15,2% (3,7 млрд. м.куб), мыс рудасы – 16,4% (3,8 млрд. тонна), хром концентраты – 5,0% (3,7 млн. тонна), электр қуаты – 5,1% (2,8 млрд. кВт/сағ), жылу энергиясы – 3,1% (6,4 млн. Гкал) және т.б.

Үстіміздегі жылы  сомасы 128,1 млрд. теңгеге 655 жаңа жұмыс орындары құрылатын 8 жобаны іске асыру және республикалық мағынадағы  перспективалы ірі жобаларды іске асыру жалғастырылды, жекелеп айтқанда  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ үшінші Жаңажол газөңдеу зауыттарының  2-інші және 3-інші кезеңін салу,  «Қазхром» ТҰК» АҚ жоғарғы көміртекті феррохром өндіретін №4 қорыту цехы және күрделі минералды тыңайтқыштар, құрамында алтыны бар және темір рудаларын шығаратын басқа да жобаларды құрылысы бар.

Қазақстанды Индустрияландыру картасы  бойынша облыста жобалар санын ұлғайту жөнінде  жұмыстар жалғастырылды,  сонымен қатар,  негізгі  тірек инновацияларға, қазақстандық қамтуға, энерготиімділікке және жоғары қайта өндірістерді қарайтын технологияларға жасалады.

Орта мерзімді кезеңде (2012-2014 жылдарда) Қазақстанның Индустрияландыру картасына енген тағы да 12 жобаны іске асыру жоспарлануда.

Инвестициялық ахуалды жақсарту,  экономиканың басымды салаларына инвестиция тартудың жоғарғы деңгейіне қол жеткізу үшін Ақтөбе қаласында Индустриялық аймақты құру бойынша жұмыс жүргізілуде.

Бәсекеге қабілетті өнімнің  отандық  өндірісін дамыту үшін жағдай жасау мақсатында облыста 2010-2014 жылдарға арналған республикалық Қазақстандық қамту бағдарламасын  іске асыру жүргізілуде.

Облыста 2011 жылдың нәтижесі бойынша өңір аумағында өз қызметін жүзеге асыратын жүйе құраушы қомпаниялар мен ұйымдары, мемлекеттік мекемелердің  тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алудағы көлемінде қазақстандық қамтуды дамыту көрсеткіштерінің  нысаналы индикаторларын орындау толығымен қамтамасыз етілді.

Мысалы, 2011 жылы  мемлекеттік органдардың тауарларды сатып алуындағы аталған көрсеткіш нысаналы индикаторда 53,0%  болғанда 54,0%-ды құрады,  жұмыстар мен қызметтер бойынша жоспарда 85,3% болғанда  94,1%-ды құрады.

Жер қойнауын пайдаланушы компаниялар бойынша аталған көрсеткіштер тиісінше  8,0% – 13,4% және 81,1% – 82,0%, жүйе құраушы кәсіпорындар бойынша 52,0% – 60,1% және 85,3% – 94,1%.

2012 жылы өңірді экономикалық  дамытуда негізгі басымдық  «Өнімділік – 2020», «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламаларына қатысу арқылы индустриялық саясат, ірі, орта және кіші кәсіпорындарды жаңғырту және т.б. болып қалады.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

Көлемдерге жеткізу:

–         Өнеркәсіп өнімін 1,3 трлн. теңгеге дейін;

–          Негізгі капиталға инвестициялары – 400,0 млрд. теңге;

–          ӨЖӨ құрылымында  өндеу өнеркәсібінің үлесі – 9%-ға;

–          Сыртқы сауда – 10,9 млрд. АҚШ доллары;

–         Экспорттың жалпы көлемінде  шикізатты экспорттың үлесі – 34,4%-ға.

Сатып алулардың жалпы көлемінде қазақстандық қамту үлесін ұлғайту:

–         Жер қойнауын пайдаланушылар – тауарлар бойынша 11,0%-ға, жұмыстар мен қызметтер – 82,4%-ға;

–         Мемлекеттік органдар – тиісінше 55,0% және 85,0%;

–         Жүйе құраушы кәсіпорындар – 55,0% және 86,8%.

 

Сыртқы экономикалық қызмет

 

Есепті кезеңде Ақтөбе облысының әлем елдерімен сыртқы экономикалық қызметінің нәтижесі  оң сипатта.  2011 жылы  облыстың сыртқы сауда көлемі 10,4 млрд. долларға жетті, бұл  2010 жылға қарағанда 1,5 есе көп. Сонымен қатар, оң сальдо – 8,8  млрд. АҚШ долларына қол жеткізілді.

Сыртқы экономикалық қызметтің әртүрлі формалары дамытылды: тауарлар мен қызметтердің халықаралық саудасы,  бірлескен кәсіпорындарды құру, кредиттік-қаржылық қатынастар, ғылыми-техникалық ынтымақтастық, мәдени алмасу, туризм.

Қазақстанның Ресей Федерациясы және Беларусь Республикасымен Кедендік одаққа кіруі  сыртқы экономикалық қызметті жандандыруға қосымша импульс берді. Кедендік одақ 1 жыл жұмыс жасағанда  КО елдері-мүшелерімен облыстың тауар айналымы  1,3 есе ұлғайтылды және  1,6 млрд. АҚШ долларын құрады.

Бүгінгі күні облыстың сауда-экономикалық серіктестіктері – елдер саны 100  жуық, оның ішінде ТМД  елдері – 8,  Еуропа – 33, Азия – 27, Америка – 15, Африка – 10, Австралия және Океания – 2 мемлекетті құрайды.

Облыс аумағында қызметін жүзеге асыратын бірлескен кәсіпорындардың саны  19 бірлікке  ұлғайды және 294-ті құрады.  Шетелдік кәсіпорындар саны 280-нен 308-ге дейін ұлғайды.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

–         БЭК құру және жаңа мүмкіндіктер есебімен  Ресей және Беларусь рыноктарына өз өнімін шығару бойынша жұмысты жандандыру;

–         Орынбор облысымен сауда-экономикалық және басқа да қатынастарды бұдан әрі  жандандыру бойынша жұмысты жүргізу;

–         Шетел рыногына шикізаттық емес сектордың өнімін шығаруға ерекше көңіл бөлу.

Кәсіпкерлікті дамыту

Облыстың экономикалық дамуының негізгі басымдықтарының бірі — шағын және орта кәсіпкерлікті қолдау болып табылады.

2011 жылы шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің жалпы саны 28,0%-ға ұлғайды және  30,8 мың бірлікті құрады. Онда жұмыс жасайтын азаматтардың саны 117,3 мың адамға  жетті және  2010 жылмен салыстырғанда 5,5%-ға ұлғайды.

Олармен көрсетілген қызмет, жасалған жұмыс, өндірілген өнім 389,0 млрд. теңгеге жетті, бұл 2010 жылғы деңгейден 2,5%-ға жоғары.

Шағын және орта кәсіпкерліктен бюджетке түскен төлемдер 94,0 млрд. теңгені құрады немесе 140,4%.

Осындай нәтижелерге облыста «Бизнестің жол картасы — 2020», «Жұмыспен қамту — 2020» республикалық бағдарламалары және «Даму» қорымен бірлесіп жүзеге асырылатын «Даму-өңірлер-2» өңірлік бағдарламасын іске асырудың арқасында қол жеткізілді. Барлық қаржыландыру көздерінен сомасы 76,8 млрд. тг. (101,7%)  қаржылық-кредиттік қолдау көрсетілді.

«Бизнестің жол картасы — 2020» Бағдарламасын іске асыру ауқымында  пайыздық мөлшерлемесін субсидиялау түрінде бизнес-жобаларды іске асыру үшін жалпы несиелеу сомасы 18,6 млрд. теңгеге мемлекеттік қолдау ШОБ-тің 89 субъектісіне көрсетілді, 4 кәсіпорынға сомасы 604,3 млн. теңге кредитке кепілдеме берілді, 22 кәсіпорынға сомасы 0,9 млрд. теңгеге инфрақұрылымдық қолдау көрсетілді.

Бағдарлама ауқымында  халықаралық ұйымдардың қатысуымен «Назарбаев университеті» базасында облыстың 20 бизнесмені оқытылды, Германияда  іскерлік қатынастарды орнату бойынша    4 кәсіпкері ақысыз бір айлық тағылымдамадан өтті.

Қабылданған шаралар нәтижесінде облыста 3,6 мың жаңа жұмыс орны құрылды,  бағдарламаға қатысушылардан түскен салықтық төлемдер көлемі 1,8 млрд. теңгені құрады.

Өткен жылы «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы іске қосылды, оның негізгі мақсаты жұмыспен қамтуды тұрақты және өнімді  жүзеге асыру арқылы тұрғындардың кірісін арттыру болып табылады.

Бағдарламаның екінші бағыты бойынша  кәсіпкерлік негіздеріне 352 адам оқытылды, өзін-өзі жұмыспен қамтыған, жұмыссыздар  және аз қамтылған тұрғындар ішінен сомасы 120,0 млн. теңгеге 83 заем алушы несиеленді.

Бизнесті дамыту үшін «Даму» Қорымен бірлесіп бірнеше бағдарлама іске асырылуда:

  • «Даму – өңірлер ІІ» бағдарламасы бойынша несиелеу сомасы 1,2 млрд. теңгеге 17 жоба қаржыландырылды, онда 600 жұмыс орнын құру көзделуде.
  • «Бизнес-Кеңесші»  бағдарламасы бойынша  облыстың барлық аудандарында және Ақтөбе қаласында  жаңадан бастаған кәсіпкерлерге және  кәсіпкерлік бастамасы бар тұрғындарға тренингтер жүргізілуде, 2011 жылы 728 адам оқытылды.

Облыс әкімдігі бизнестің әлеуметтік серіктестігіне ерекше көңіл бөлуде.

«ЛУКОЙЛ» ресей мұнай компаниясымен  Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен «Арай» әлеуметтік серіктестік бағдарламасы іске асырылуда,  ол шағын бизнесті  және  шығармашылық дарындарды дамытуға – 850 мың теңгеге дейін қайтарымсыз гранттарды алуға мүмкіндік береді.

Аталған бағдарламаны іске асыру ауқымында 2011 жылы  қайтарымсыз ақшалай гранттардың иелері

– Мұғалжар ауданының 35 тұрғыны сомасы — 14,5 млн. теңгеге;

– Байғанин ауданының 34 тұрғыны сомасы — 13,0 млн. теңгеге;

– Темір ауданының 24 тұрғыны сомасы — 9,1 млн. теңгеге.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

–   шағын және орта кәсіпкерліктің белсенді субъектілерінің санын 33,0 мың бірлікке дейін жеткізу;

–   белсенді субъектілерден  жұмыспен қамтылғандар санын 124,0 мың адамға  дейін ұлғайту;

–   шағын және орта кәсіпкерлік секторында  өндіріс көлемін 420,0 млрд. теңгеге дейін қамтамасыз ету;

–   облыстың шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінен ұлттық, жүйе құраушы компанияларының мемлекеттік сатып алулар үлесін өсіру бойынша шараларды іске асыру;

–   «Бизнестің жол картасы — 2020» және «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламаларын іске асыру бойынша жұмысты  жалғастыру.

 

Инфляциялық  үдерістер және ішкі сауданы дамыту

Тұтыну бағалар индексі %

 

  2011 жылы  инфляциялық үдерістерді тежеу бойынша жұмыстың басты бағыты  ішкі нарықты  азық-түліктің негізгі түрлерімен молықтыру,  өнімді өндіру бойынша жеке қуаттарды дамытуды қамтамасыз ету болып табылды.

 

ҮИИД Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру ауқымында  ет-сүт өнімін өндіретін жаңа объектілер енгізілді. Бұлар – «Анди» ЖШС 500 ІҚМ сүтті-етті фермасының құрылысы,  «Көктас-Ақтөбе» АҚ «Аққұс» құс фабрикасын реконструкциялау, 8,0 мың бас асыл тұқымды еділбай қойларын өсіру және  жылы 320 тонна көкөніс өндіретін «Әлем-Тағам» жылыжай кешенін құру бойынша «Ақтөбе» ӘКК» ҰК» АҚ жобалары.

Аталған жобаларды  іске асыру Ақтөбе қаласының Азық-түлік белдеуін әрі қарай дамытуда  ерекше үлесін қосты.

Сауда инфрақұрылымы  және  азық-түлік тауарларын сақтау белсенді дамытылуда. Ақтөбе қаласында  қазіргі заманғы «Олжа» және «Дина» супермаркеттері енгізілді,  3000 тоннаға «Килико-Тун» ЖШС  көкөніс қоймасы,  2000 тоннаға «Бизнесті дамыту орталығы» ЖШС енгізілді.

Жеміс-жидек өнімін сақтау және  сұрыптау  үшін сауда-логистикалық орталықты құру ауқымында  «Ақтөбе» ӘКК   алаңы 3000  шаршы м.  жеміс-жидек  қоймасын сақтау  бойынша жобаны іске асыру жүргізілуде, бірінші блогы 2011 жылдың желтоқсанында енгізілді. Жоба  қала тұрғындарын жыл бойы сертификатталған өніммен  жабдықтауға бағытталған. Жоба құны 500 млн. теңге.

297 облыстық және аудандық жәрмеңке өтті, онда  нарықтық бағадан 10-15%-ға төмен бағамен сомасы 528,9 млн. теңгеге  өнім өткізілді. Бұл тұрғындардың ағымдағы сұранысын қанағаттандыруды қамтамасыз етті.

Бағаны тұрақтандырудағы негізгі фактор  –  өңірде азық-түліктің әлеуметтік маңызды түрлеріне  тұрақтандыру қорын құру болды.

«Азық-түлік корпорациясы» ҰК» АҚ-нан облыстың азық-түлікті тұрақтандыру қорын құруға «Ақтөбе» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына 809,0 млн. теңге заем бөлінді.  4300 тонна картоп, 889 тонна көкөніс, 40 тонна ет, 300 тонна  қант,  50 тоннадан күріш және қарақұмық сатып алынып, Ақтөбе қаласының  сауда желілерінде өткізілуде,  бұл маусымаралық кезеңде  бағаның тұрақтылығына ықпалын тигізуде.

Іске асырылған өнімдерге 10% аспайтын сауда үстемеақысы  қолдану туралы Меморандумдар ауқымында  өндірушілермен, көтерме және бөлшектеп сату субъектілерімен  жұмыс жалғастырылуда.

Жүргізілген жұмыс  қала және аудан тұрғындарын  қамтамасыз етуді елеулі жақсартуға, негізгі азық-түлік тауарларына бағаның негізсіз өсуін болдырмауға ықпал етті.

Мониторинг деректері бойынша 2011 жыл бойы бақылауға жататын азық-түлік өнімдерінің 63 түріне, барлық позициялар бойынша бағалар  республиканың орташа көрсеткішінен  аспады.

Жанар-жағармай бағасының негізсіз өсуін және тапшылығын болдырмау бойынша шаралар қабылдануда.    Облыста ЖЖМ бағалары шекті баға деңгейінен аспады. Мұнай өнімдерін жеткізу тұрақты жүзеге асырылды.  Аталған өнім тапшылығы байқалмады.

Қабылданған шаралар нәтижесінде  тұтыну бағалар индексі 2011 жылы 106,8% құрады, бұл  республиканың орташа көрсеткішінен 0,6%-ға төмен (республика бойынша – 107,4%), оның ішінде  азық-түлік тауарлары – 108,7% (109,1%), азақ-түлік емес тауарлары – 105,4%  (105,3%), ақылы қызметтер – 105,7% (107,3%).

 

2012 жылға арналған міндеттер:

 

Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жұмысты жандандыру және бірқатар шаралар кешенін қолдану арқылы инфляциялық процестерді тежеу:

— Азық-түлік тауарларын өндіру бойынша қолданыстағы қуаттардың тұрақты жұмыс жасауын қамтамасыз ету және жаңаларын құру, сауда инфрақұрылымын, қоймаларды, көкөніс және  картоп қоймаларын тиімді пайдалану;

— Өңдеу саласындағы жобаларды жылжыту және іске асыру бойынша көмек көрсету;

— Әлеуметтік-маңызды өнімдерге өндірушілермен, жеткізіп берушілермен, бөлшектеп сатушылармен жасалған Меморандумдар бойынша  шарттардың сақталуы жөнінде біріккен жұмысты жалғастырсын;

— Жергілікті тауар өндірушілердің кең қолжетімділігін қамтамасыз ету арқылы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін  тұрақты өткізу;

— әлеуметтік-маңызды азық-түлік тауарларының  тұрақты қорын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, оның ішінде  қысқы кезеңге  көкөніс қоймаларына  көкөніс өнімін  жыл сайынғы сақтау  іс-тәжірибесін жалғастыру.

Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту

2011 жылы 6,9 млрд. теңге көлемінде көрсетілген мемлекеттік қолдаудың және ауыл еңбеккерлерінің жақсы жұмыстарының нәтижесінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі – 111,2 млрд.теңге, нақты көлем индексі 115,0 % құрады.

2011 жылы облыстың ауыл еңбеккерлері  453,3 мың тонна (алғашқы салмақта) астық, 10,4 мың тонна майлы дақылдар дәні, 95,6 мың тонна картоп, 87,6 мың тонна көкөніс және бақша өнімдерін өндірді, бұл негізгі азық-түлік өнімдеріне деген біздің қажеттілікті қамтамасыз етеді.

Есепті кезеңде мал шаруашылығы өнімдерінің жоспары: ет өндіру — 106,7 %, сүт — 112,9 %, жұмыртқа — 105,7 % орындалды. «Сыбаға» бағдарламасы шеңберінде 61 шаруа (фермерлік) қожалықтарымен 2570 бас ірі қара малы сатып алынды.  Алға ауданында «АқТеп» ЖШС  3000 бас ірі қараға арналған мал бордақылау алаңын пайдалануға беріп, 1200 малды бордақылауға қойды.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында сүт өндіру дамытылуда. Мәртөк ауданының «Айс» ЖШС  2011 жылы Германиядан 858 бас қара ала сиыр (гольштейн-фриз тұқымды), Ақтөбе қаласының «Болат» ЛТД  ЖШС Ресейден 147 бас асыл тұқымды қашар сатып алды. «Анди» ЖШС 500 бас сиырға арналған тауарлы-сүт фермасының құрылысын аяқтады.

Экспортқа бағытталған шошқа етін өндірумен «Парижская коммуна ХХІ» ЖШС айналысуда, онда 4406 тонна  (сойыс салмақта)  шошқа етін өндірді.

«Көктас – Ақтөбе» АҚ  «Аққұс» құс фабрикасында  3  құс қорасы қайта жарақтандырылып,   құс етін  өндіруді 2010 жылмен салыстырғанда 34,0 % арттырды.

Өндіріске инновация енгізу қолға алынуда. Ылғал қор сақтау технологиясымен 324,0 мың гектар дәнді-дақыл, 131,9 гектар тамшылатып суару енгізілді, жылыжайда 3,75 гектарға көкөніс өсіру, 16,3 мың бас аналық сиыр қолдан ұрықтандырылып, 43 шаруашылықта селекция жүргізілді. Асыл тұқымды мал саны артуда.

2012 жылға арналған міндеттері:

— Мал қыстату, төл алуды ұйымшылдықпен өткізіп, 2012 жылы ет өндіруді (сойыс салмақта) 60,0 мың тоннаға, сүтті 325,0 мың тоннаға, жұмыртқаны 175,0 млн.данаға жеткізу. Мал шаруашылығында ірі және орта шаруашылықтар ұйымдастыруды одан әрі жақсартып, өндірістік негізде ет өндіріп 2016 жылға қарай ет экспортын 16,0 мың тоннаға жеткізу;

— 2012 жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын егуді әртараптандырып, 2011 деңгейден мал азықтық дақылдар көлемін 30,0%-ға, картоп және көкөністің көлемін ауыл шаруашылығы  құрылымдарында 10,0%-ға ұлғайту және 500,0 мың тонна астық, 10,0 мың тоннаға майлы дақылдар дәнін, 129,2 мың тонна картоп,  101,3 мың тонна көкөніс пен бақша өндіру және мал шаруашылығының жем-шөбімен толық қажеттілігін қамтамасыз ету.

— Үстіміздегі жылы өндіріске инновациялық технологияны енгізу: астық өндірісінде ылғал қор сақтау технологиясын 60%-ға,  жабық топырақта (жылыжайда) көкөніс өсіруді 10,2 гектарға дейін ұлғайту. Ірі көлемде селекция жүргізетін шаруашылықтар санын 45 бірлікке жеткізіп, асыл тұқымды малдың үлесін: мүйізді ірі қара малды – 1,5%-ға, қойды – 8,0%-ға, жылқыны – 8,0%-ға, түйені – 2,5%-ға, шошқаны – 5,0%-ға жеткізу.

— «Сыбаға» бағдарламасын  одан әрі дамытып, 2012 жылы 1500 бас ірі қара өсіретін репродуктор – шаруашылық, 3000 бастық мал бордақылау алаңы және 3000 басқа фермерлік шаруашылықтар желісін құру.

— Облыстың оңтүстік аудандарында шалғайдағы жайылымдарда 100,0 мың бас етті-майлы, шығымдылығы аз,  қой өсіру жобасын  жүзеге асыру.

— Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдейтін жаңа өндіріс орындарын құру және жоғары құн қосылған азық түлік  өнімдерінің жоспарларын  әзірлеу.

— әрбір ауданда және Ақтөбе қаласының елді мекендерінде  типтік  мал қорымдарын салуға жыл сайын қаражат бөлуді қарастыру және жаңадан ұйымдастырылатын «Ветеринарлық станция» коммуналдық мекемесі жұмыс жасауына мүмкіндік жасау.

— Ақтөбе қаласында қазіргі заманғы технологиямен жарақтанған қоймаларды реконструкциялау және  салу арқылы логистикалық инфрақұрылымды дамыту;

— Тұрғындардың жеке шаруашылықтарына қызмет көрсететін, сервистік-дайындау орталықтарының ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындау,   қайта өңдеу, сақтау және өткізу жұмыстарын одан әрі  кеңейту.

 

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын дамыту

2011 жылы «2011-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту» бағдарламасы ауқымында Ақтөбе қаласында су, кәріз және жылу желілерін қайта жаңғыртудың 6 жобасы 1,6 млрд.теңге көлемінде жүзеге асырылды. 40,8 шақырым су-кәріз желілері және 3,0 шақырым жылу желілері қайта жаңғыртылды.

Сонымен бірге, 2011 жылы терможаңғырту мен күрделі жөндеу жүргізу бағдарламасы аясында облыс орталығында 54 үй жөнделді. Шатырлар, үйішілік инженерлік коммуникацияларды жөндеу және үйді қолдану шығындарын 30-40%-ға үнемдейтін автоматты жылу пунктері орнатылды.

Тұрғындардың таңдаған жұмыс түрлері мен көлемі шеңберінде үйлердің шатырларын, инженерлік желілерін, электр-жарық беру жүйелерін жөндеу және қалпына келтіру, үйлерге қарасты қасбеті және аумақтарына көріктендіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, 15 үйде лифтілерді алмастыру жүргізілді.

жөндеуге дейін                                                    жөндеуден кейін

 

 

2012 жылғы арналған міндеттер:

–         Республикалық бюджет есебінен жалпы сомасы 10,5 млрд. теңгеге 500 шақырым су-кәріз, жылу және электр желілерін жаңғырту бойынша 46 жобаны іске асыруды бастау;

–         облыстық бюджет қаражаты есебінен сомасы 11,4 млрд.теңгені құрайтын  инженерлік инфрақұрылымның 300 шақырым желілерін  реконструкциялаудың 44 жобасы бойынша  ЖСҚ әзірлеуді аяқтау;

–         бағдарламаның шеңберінде шамамен 100 үйді жөндеуден өткізу және 812,2 млн.теңге қаражатты игеру.

Ауыз сумен қамтамасыз ету

2011 жылы «Ақ бұлақ» бағдарламасы бойынша шараларды орындау аясында Ақтөбе облысы бойынша сумен жабдықтау жүйелерін салу және реконструкциялау бойынша 29 ауылдық елді мекенде жалпы сомасы 3,4 млрд. теңгеге жұмыстар орындалды.

Жалпы сомасы 3,2 млрд. теңгеге 18 жобаны жүзеге асыру аяқталды. Қарастырылған қаражат есебінен тұтынушылар үйлерінің шекараларына дейін жеткізуші жүйелерді есепке алумен құрылыс және 246 км су құбыры желілерін қайта құру бойынша жұмыстар орындалды, нәтижесінде 22 мыңнан астам адамды сумен жабдықтауға мүмкіндік берді.

 

 

 

 

 

2012 жылға арналған міндеттер:

 

2012 жылы 18 АЕМ-дегі 183,7 шақырым су құбыры желілерін салу бойынша жұмысты орындау, бұл 9 мыңға жуық тұрғынды құбыр суымен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Газдандыру

2011 жылы жергілікті бюджет қаражаты есебінен Қарғалы ауданы Петропавловка және Ш.Қалдаяқов ауылдары, Мұғалжар ауданы Ембі қаласы және Алға ауданының Тоқпансай ауылы газдандырылды. Барлығы 113 км газ құбыры салынды, 15,4 мың адам газбен қамтамасыз етілді.

Республикалық бюджет қаражатының есебінен Алға ауданы Шибаевка ауылына және Байғанин ауданы Қарауылкелді кентіне ұзындығы 99,6 км жеткізуші газ құбырлары құрылды.

2011 жылы Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылының кварталішілік газ тарату желілерінің құрылысы басталды. Құрылыс жұмыстарын 2013 жылы аяқтау жоспарланып отыр.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

Республикалық бюджет қаражат есебінен газдандыру нысандарының құрылысы жоспарланған, оның ішінде Хромтау ауданының Абай, Никельтау ауылына, Мәртөк ауданы Қаратоғай, Саржансай (Нагорное) ауылдарына  газ құбырларын тарту және Қобда ауданының Қобда ауылына жоғарғы қысымды жеткізуші газ құбырының газ тарату станциясының құрылысы.

2012 жылы республикалық бюджет есебінен газбен жабдықтау 4 нысанының құрылысын бастау жоспарланып отыр, оның ішінде Әйтеке би ауданының Қарабұтақ ауылына, Ырғыз ауданының Шетырғыз-Ырғыз, Мәртөк ауданының Кеңсахара ауылына, Хромтау ауданының Табантал ауылына.

2012 жылы жергілікті бюджет есебінен Мұғалжар ауданының Жем, Бірлік ауылдарын, Мәртөк ауданының Родниковка, Алға ауданының Қарабұтақ, Шалқар ауданының Жылтыр және Ақтөбе қаласының Белогорка ауылдарын газдандару жоспарланып отыр.

 

Электроэнергетика

2012 жылдың 1 қаңтарына облыстық электр жүйелер ұзындығы

14,8 мың шақырым және жалпы саны 2058 дана төмендету стансаларын құрады.

Жаңажол ГТЭС екінші кезегін енгізумен, сондай-ақ  ГТЭС-45 («СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ) екі – машиналық тәртіпте тұрақты жұмыс жасау арқылы электр энергиясының өндірісі 2010 жылғымен салыстырғанда  175,7 млн. кВт/сағ. ұлғайды. Орташа облыс бойынша электр қуатын тұтынуының жыл сайынғы артуы 3-8 % құрайды

Жаңартылып тұратын энергия көздері объектілерін орналастыру мақсатында  әлеуетті инвесторлардың назарын аудару бойынша жұмыстар басталды.

2012 жылға арналған міндеттер:

Облыс орталығы мен жаңа құрылыс аудандарын электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін 2012 жылы РБ трансферттерінің есебінен жүргізу қажет:

– ПС 220/110/35/10 кВ «Ақжар-2» құрылысын жалғастыру;

– сомасы 340 млн.теңгеге салынып жатқан құрылыстағы «ВЛ 110 кВ Ақжар 2 — №41 разъезд» және «ВЛ 110 кВ Ақжар-2 — Қаратоғай» қосымша станциясынан электр жеткізуші желілерінің құрылысы;

– «Самұрық Қазына» ҰҚ АҚ бірлесе отырып, «Ақтөбе ЖЭО» АҚ негізгі құрал-жабдықтарын қайта жаңарту және қондырғысын жаңғыртуды қаржыландыру мәселесін қарастыру.

 

Тұрғын үй құрылысы

Бағдарлама жүзеге асырылған жеті жыл ішінде облыста 2710,5 мың ш\метр тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл алдыңғы 15  жылда енгізілгеннен  2 есеге артық.   Осы кезең ішінде 23 мың жанұя жайластырылған  тұрғын үймен қамтамасыз етілді, оның ішінде 6,5 мың жанұя бюджет қаражатының есебінен қаржыландырылатын коммуналды және несиелік тұрғын үйіне ие болды.

2011 жылы барлық қаржыландыру көздері есебінен 410,8 мың ш.м. тұрғын үй салынып пайдалануға берілді, яғни жылдық жоспардың 122,4%-ы және 2010 жылдың  сәйкес кезеңіне 101,6%-ды құрады.

Облыста 3042 жанұя жайлы тұрғын үймен қамтамасыз етілді.

Әлеуметтік қорғалатын санаттағы тұрғындардан коммуналдық және жалға берілетін тұрғын үйлерден облыстың 487 жанұясы пәтер алды.

Жергілікті бюджет есебінен мүгедектерге арналған 40 пәтерлі тұрғын үй құрылысы, Ақтөбе қаласындағы «Болашақ» ауданында 72 пәтерлі коммуналдық тұрғын үй құрылысы, Ойыл селосында  8 пәтерлі тұрғын үй құрылысы және Қобда селосында 1 бөлмелі 4 тұрғын үйдің құрылысы және Ақтөбе қаласындағы ҚР Қорғаныс Министрлігінің 140 пәтерлі тұрғын үй құрылысы аяқталды.

Тұрғын үй құрылысына 23,6 млрд. теңге мөлшерінде инвестиция салынды, бұл 2010 жылмен салыстырғанда 118,0 пайызды құрайды. Тұрғын үйлер құрылысының нысандарына  тек қана бюджет қаражаты есебінен 4714,5 млн. теңге сомасында қаражаттар жұмсалды, оның ішінде 3609,9 – республикалық және 1104,6 – жергілікті бюджеттердің қаражаттары.

Тұрғын үй құрылысының бағдарламасын іске асыру ауқымында 2011 жылы тұрғын үйлер салынатын аудандардың инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымын дамытуға республикалық бюджеттен 8575,7 млн. теңге бөлінді, соның 362,5 км инженерлік желілер, оның ішінде 107,2 км  – электр қуатымен жабдықтау, 53,86 км – сумен жабдықтау, 38,5 км – кәріз, 8,71 км – жылумен жабдықтау және 154,29 км – газбен жабдықтау желілерін пайдалануға беруге мүмкіндік берді.

«Нұрлы Көш» бағдарламасы бойынша әлеуметтік инфрақұрылым және тұрғын үй нысандарының құрылысы жалғастырылуда. Есепті жыл ішінде Хромтау ауданының 100 оралман жанұяларына 7,8 мың. ш\метрлі тұрғын үй салынып пайдалануға тапсырылды. 600 орындық мектеп пайдалануға берілді, сонымен қатар жалғастырылған және тұрғын үй салынып жатқан аудандағы ішкі орамды жалпы ұзындығы 67,2 км инженерлік желілер жүргізіліп жатыр.

2012 жылға арналған міндеттер:

– жоспарлы көлемі 346,1 мың. ш\метр тұрғын үйді пайдалануға тапсыруды қамтамасыз ету, оның ішінде:

– «Тұрғын үй құрылысы жинақ жүйесі арқылы» көлемі 38,3 мың. ш\метр пайдалануға тапсырылатын тұрғын үй құрылысы жобасын жалғастыру;

– әлеуметтік жағынан қорғалған азаматтар үшін жалға берілетін 11,9 мың.ш\метр тұрғын үйлердің құрылысын жалғастыру.

– «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы шеңберінде жалпы алаңы 3,92 мың ш\метр жалға берілетін тұрғын үй құрылысын бастау;

– көлемі 97,0 мың. ш\метр және сәйкесінше 195,0 мың. ш\метр пайдалануға тапсырылатын коммерциялық және жеке тұрғын үйдің құрылысының басталуына ықпал жасау;

– тұрғын үй құрылысының жер телімін инженерлік желілер және коммуникациямен қамтамасыз ету мақсатында республикалық бюджет есебінен қарастырылған 4353,4 млн. теңгені, тұрғын үй құрылыс бағдарламасы және «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасы бойынша қарастырылған қаражатты игеру.

Сәулет және қала құрылысы

Заманауи қала құрылысы нормасына сәйкес аумақтарды тиімді және орынды пайдалану үшін әрбір елді мекендердің бас жоспарларын әзірлеу бойынша кезеңдік жұмыстар жүргізіледі

Бүгінгі күнде облыс аумағында  Ақтөбе қаласын қоса алғанда тұрғындарының саны бес мың адамнан асатын 15 елдi мекен орналасқан, оның ішінде, 10 елді мекен жаңа бас жоспармен қамтамасыз етілген немесе 66,7 %.

Сонымен қатар тұрғындарының саны бес мың адамға дейiнгi 4 елдi мекеннің жаңа бас жоспары әзірленді. Оның ішінде 3 елді мекеннің бас жоспары  2011 жылы әзірленді, қазіргі уақытта келісу және бекіту сатысында.

2011 жылы облыс орталығының бас жоспарын түзету жөніндегі жұмыстар басталды. Табиғи – климаттық жағдайы, дамудың әлеуметтік – экономикалық жағдайы, аумақты инженерлік қамтамасыз ету бойынша бастапқы деректер толық жиналды. Көлік инфрақұрылым және экологиялық жағдайы бойынша деректерді жинау және өңдеу аяқталуда. Қаланың шаруашылық – экономикалық кешені мен оның даму тенденциясын бағалау аяқталды. Бау-бақша өсіру және саяжай құрылысын дамыту концепциясы орындалды. Аумақты инженерлік-геологиялық аудандастыру схемалары орындалды. Тірек жоспары 45%-ға (қала аумағын қазір пайдалану схемасы) дайындалды. Кестеге сәйкес жұмыстарды 2012 жылдың соңына таман аяқтау қарастырылуда.

Миллиондық қала мәртебесіне қол жеткізу бағдарламасы аясында және қазіргі таңда түзетулер енгізіліп жатқан Ақтөбе қаласының бас жоспарына сәйкес, аумақты игеруде үшін болашағы бар деп қаланың солтүстік-шығысында орналасқан «Актөбе Сити» ауданы анықталды. Бірінші кезекте массивті игеру алаңы 250-280 га., онда 60-70 мың адамды қоңыстандыруға болады. Болашақта 500 га. қосымша игеру және 240 мың адамға дейін қоңыстандыру жоспарлануда,

Нақты жоспарлау жобасының құрамында барлық инженерлік желілер құрылысы қарастырылған. Аталған массивте  тұрғын үй бағдарламасы мен әкімшілік блок (қалалық әкімшілік және т.с.с.) объектілерін, мәдени-тұрмыстық маңызы бар бір қатар (театрлар, АХАЖ, көрме кешендері және т.с.с.) объектілерді орналастыру жобалануда.

Шағын ауданда көп қабатты тұрғын үйлерді салу жобаланды. Қазірдің өзінде 9 қабатты тұрғын үйдің 28 блок-секциясының осьтерін бөлу жұмыстары орындалды.

Электронды Үкіметті қалыптастырудың Мемлекеттік бағдарламасы аясында мемлекеттік базалық деректерді «Мекен-жай регистрі» Ақпараттық жүйесіне»  енгізу бойынша және базалық деректерді өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізілуде.

ҚР 2011-2013 жылдардағы аумақтарын ұйымдастырудың Бас схемасын әзірлеу үшін бастапқы деректерге жинақтау жүргізілді.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

–  3 шағын қалалар мен 5 ауылдық елді мекеннің бас жоспарын әзірлеу;

–   Ақтөбе қаласының бас жоспарын түзетуді әзірлеуді аяқтау;

–  облыс бойынша «Мекен-жай регистрі»  ақпараттық жүйесінің деректер базасын толықтыру бойынша жұмысты жалғастыру.

 

Көлік инфрақұрылымының дамуы

Ақтөбе облысының аумағындағы жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдары 6090,7 шақырымды құрайды, соның ішінде республикалық маңызы бар автомобиль жолдары 1864 шақырым, облыстық – 1098,5 шақырым және аудандық – 3128,2 шақырым. Жалпы ұзындығы 4226,7 шақырымды құрайтын облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарында 150 көпір және 1855 су өткізгіш құбыр бар.

2011 жылы республикалық маңыздағы автомобиль жолдарын дамытуға 14 690,2  млн.теңге бөлінді.

Автомобиль жолдарының 105 км қайта салынды, 109 км орташа  жөнделді.

«Батыс Еуропа — Батыс Қытай» жобасын іске асыру шеңберінде «Самара- Шымкент» автомобиль жолының 215 км ұзындығымен «Қарабұтақ — Ырғыз» бөлігі пайдалануға берілді. «Орал — Ақтөбе» бөлігі ұзындығы 55 км қайта салынды, жұмыстарды аяқтау 2013 жылға жоспарлануда. «Самара — Шымкент» автомобиль жолының жалпы ұзындығы 109 км «Ақтөбе — Қарабұтақ» бөлігінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы жергілікті маңыздағы автомобиль жолдарын дамытуға 3702,5 млн.теңге бөлінді, оның ішінде республикалық бюджеттен – 632,7 млн.теңге және жергілікті бюджеттен – 3069,8 млн.теңге.

 

 

Бөлінген қаржыға 126 шақырым автомобиль жолы, оның ішінде күрделі жөндеу – 49,8 км; орташа  жөндеу –  20 км; ағымдағы  жөндеу – 56,2 км және 2 көпір жөнделді.

«Покровка— Темір — Кеңқияқ», «Қарабұтақ — Комсомол — Северное — Ұшқатты станциясы», «Ақтөбе — Болгарка — Шұбарқұдық» автожолдарын күрделі жөндеу жұмыстары жалғастырылды. Әйтеке би ауданының «Құмқұдық — Жабасақ» автожолын күрделі жөндеу жұмыстары басталды.

Жоспарланған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы облыстық және аудандық маңыздағы жолдардың үлесі 47 %-ға немесе  1986 шақырымды құрады (2010 ж. – 44%).

Жолаушылар көлігі

2011 жылы «Ақтөбе — Шалқар — Ақтөбе» және «Жем — Шалқар — Жем» әлеуметтік маңызды қатынастар бойынша темір жол көлігімен жолаушылар тасымалын субсидиялауға облыстық бюджеттен 284,7 млн. теңге бөлінді. Есептік кезеңде 228,4 жолаушы тасымалданды.

2010-2011 жылдары Ырғыз ауданының Ырғыз ауылындағы әуежай қайта құрылып, 86,9 млн. теңге игерілді. 2011 жылдың қазан айынан бастап «Ақтөбе — Ырғыз — Ақтөбе» әуе рейсі ашылып, тасымалды «Аэро» әуе компаниясы жүзеге асыруда. Осы маршрут бойына әуе тасымалын субсидиялауға 2011 жылы жергілікті бюджеттен 5,6 млн. теңге бөлінді.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

–  1 805,1 млн.теңге қаражатты игеру, оның ішінде республикалық бюджеттен – 1 205,1 млн.теңге және жергілікті бюджеттен – 600,0 млн.теңге;

– бөлінген қаражат есебінен «Шұбарқұдық— Ойыл — Қобда — Соль-Илецк» автожолының 7 км. қайта құру,  34 км автожолды және 3 көпірді жөндеу, оның ішінде,  «Покровка— Темір — Кеңқияқ», «Қарабұтақ — Комсомол — Северное — Ұшқатты станциясы», «Ақтөбе — Болгарка — Шұбарқұдық» автожолдарын күрделі жөндеу.

 

Байланыс және телефондандыру

2011 жылы «Қазтелеком» АҚ облыстық филиалымен мынадай жұмыстар орындалды:

– Құрашасай селосындағы ТК желісін жаңғырту;

– Ішкіаймақтық желіні жаңғырту – Ақтөбе-Мәртөк учаскесінде талшықты-оптикалық байланыс желісінің (ТОБЖ) құрылысы, Ембі-Жаңажол учаскесінде ТОБЖ  құрылысы, Ақтөбе қаласы  аймағында  Құрашасай бағытында;

– Ақтөбе қаласы маңындағы Жаңақоныс а. мен Ақжар-2 а. мультисервистік қатынау желісі мен  таратушы желінің құрылысы;

– Жерсеріктік жабдық базасында Ойыл ауданының Ойыл — Сарбие учаскесінде стансааралық байланысты жаңғырту;

– ТОБЖ базасында, Шалқар — Біршоғыр учаскесінде көліктік ортаны жаңғырту;

– Ақтөбе қаласы маңындағы Красносельский а. ДТ торабын ұйымдастыру;

Ақтөбе — Мәртөк, Ембі — Жаңажол учаскелерінде DWDM технологиясы  базасында 2 Гбит/с дейінгі деректерді тарату желісінің өткізу қабілеттілігін   кеңейтілді.

4 ауылдық елді мекенде (АЕМ) ID-TV қызметі енгізілді.

Темір ауданының Темір қ., Шұбарши а.  және Мұғалжар ауданының Жем қ. деректерді тарату (ДТ) тораптарын  пайдалануға енгізілді.

17 нысанда CDMA-450 сымсыз қатынау желісі орнатылды.

КЖҚ абоненттерінің порттық сыйымдылығын 17 мың портқа кеңейту жүргізілді, 23 CDMA-450 базалық стансасында EVDO технологиясы бойынша сымсыз КЖҚ енгізілді.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

– Ақтөбе қ. 8328 тұтынушыны КЖҚ-ға   қосу үшін FTTH абоненттік қатынаудың оптикалық желісінің құрылысы;

– Ақтөбе қ. құрылысы жүріп жатқан «Ақтөбе Сити» тұрғын үй кешенінің ТК желісі көліктік ортасының құрылысы;

– Ақтөбе қ. – Бадамша а. бағытындағы  ТОБЖ құрылысы;

– DWDM жабдығы базасында Ақтөбе — Қызылжар, Ақтөбе — Қарабұтақ, Ақтөбе — Комсомол, Ақтөбе — Қарауылкелді, Ақтөбе — Қобда, Ақтөбе — Бадамша учаскелерінде көліктік желіні жаңғырту;

– 6 ауылдық елді мекенге ДТ тораптарын ұйымдастыру;

– 6 ауылдық елді мекенді сымсыз қатынау құралдарымен телефондандыру.

 

Денсаулық сақтау

Денсаулық саласында басымдықтарды  және  2011 жылға  қойылған  міндеттерді   орындау  үшін  қаржыландыру 25,4 млрд.теңгені  құрады,  оның  ішінде  тұрғындарға   кепілді  мемлекеттік тегін  медициналық  көмек көрсету –  19,0 млрд.теңгеден  асты.

Ауылдық  жерлердегі  денсаулық  сақтау  саласына  16 медициналық  пункт  пен  дәрігерлік  амбулатория  пайдалануға берілді. Қарғалы  елді  мекенінде   қалалық  аурухананың  80 кереуеттік  перзентхана  бөлімшесінің және   ауысымына  500 қабылдау  жасай  алатын   қалалық  емхана құрылысы аяқталуға  жақын. Денсаулық сақтау  саласындағы   үлкен  объектілердің  бірі  300 төсектік көп салалы клиникалық   аурухана   құрылысының  1- кезеңі  аяқталды.

Медициналық  мекемелерін  материалдық-техникалық  жабдықтау  үшін  республикалық  және  жергілікті   бюджеттен 1,0 млрд.теңгеден  астам  қаржы  бөлінді.

Жаңа  заманға  сай   құрал-жабдықтармен жабдықталған  шұғыл  көмек көрсетуге  арналған  8 реанимобил,   1  жылжымалы  қан дайындау  бекеті,   жылжымалы  флюрографиялық және мобильді кешендер алынды. Бұл  кешендер    облыстың  алыс-шалғай  елді-мекендеріндегі  тұрғындарға  облыс орталығының   тәжірибелі  дәрігерлері  мен  медициналық университетінің  ғалым-дәрігерлерінің   көмек  беру  мүмкіндігін  арттырады,  50 ауылдық елді мекенге шығу жүзеге асырылды.

Жыл қорытындысы бойынша оң демографиялық  трендке қол жеткізілді: туудың ұлғаюы,  нәресте және ана өлімінің төмендеуі, өмір сүрудің орташа ұзақтығы ұлғайды.

Өткен жылы барлығы  –  17612 нәресте дүниеге  келді (2010 ж – 17373).   Тұрғындардың    облыстық  жалпы өлім көрсеткіші  республикалық  көрсеткіштен  төмен (1000 тұрғынға  шаққанда 8,82 қарағанда 7,47). Тұрғындардың табиғи өсімі 1000 адамға шаққанда 15,39 дейін өсті (2010 ж. – 14,66). Орташа  өмір  сүру  ұзақтығы  2010 жылғы 69,3 жасқа қарағанда  2011 ж – 69,7 жасқа дейін ұлғайды (ҚР – 68,41).

Әлеуметтік   маңызды аурулар  түрлері  бойынша  да  оң серпінге  қол  жеткізілді. Қан айналым  жүйесі ауруларынан   өлу  25 %-ға – 100 мыңға шаққанда 2010 жылғы 322,8 қарағанда 2011 жылы 246,7 (ҚР – 316,0) төмендеді.   Қатерлі  ісік  ауруларынан  қайтыс  болу  23% – 2010 жылғы 98,3 қарағанда 84,3 (ҚР – 99,9)  төмендеді. Есепті жыл қорытындысы бойынша 100 мың адамға шаққанда туберкулезбен ауру 2010 жылғы 79,3 қарағанда 76,4  (ҚР – 86,8), туберкулезден өлу 2010 жылғы 8,8 қарағанда 7,0 құрады (ҚР – 8,1).

Облыста  ауруларды  алғашқы  кезеңде  табу  үшін  ұлттық  скринингтік  бағдарлама енгізілді. Амбулаториялық-емханалық   мамандар есеп беру жылында   203 мыңнан астам    баланы  қарады.

125 мың  ересек  жүрек қан тамыр аурулары  жүйесінің   ауруларына,  ал  45 мыңнан астам  әйел  қатерлі  ісік ауруларының алдын алу табуға, 543 мың  адам  туберкулезге  қаралды.

13 денсаулық  нығайту  орталығы, 4 темекіге  қарсы күрес кабинеті, 2  жастар денсаулық  орталығы, 169   денсаулық мектептері    ашылды (артериялдық гипертонияның , қант  диабетінің,  демікпенің алдын-алу және  отбасын  жоспарлау, салауатты  өмір салтын  қалыптастыру, балалар жасындағы  ауруларды  ықпалдастыру) .

Бастапқы  медициналық-санитарлық  көмек  деңгейінде  әлеуметтік  психологиялық   көмек  қызметі  ұйымдастырылды – психологтар мен  әлеуметтік  қызметкерлер  лауазымдары  енгізілді.

Өзіміздегі  кардиоорталықта да жас  балалардың  жүрегіне  ота жасалуда. Өткен жылы  жүрегінің  туа  біткен  ақауы  бар  43 балаға  ота  жасалды.

2011 жылы  салынған  облыстық  балалар  ауруханасы  ғимаратында Батыс Қазақстан  аймағының әртүрлі  ақауы  бар жаңа  туған балаларына  жоғарғы  мамандандырылған көмек  көрсету  үшін Өңірлік  хирургия  орталығы  ұйымдастырылды.  Облыстың  денсаулық  сақтау  саласында  алғашқы  рет  бүйрегі  ауыратын  балаларға  қазіргі  заманғы  әдістер  қолданылып,  ағзасына  детоксикация  жүргізілді. Медициналық қызметкерлердің алдында тұрған міндет – денсаулық сақтау  мәселесі бойынша қоғамның барлық күштерін шоғырландыру,  негізгі акцент аурудың алдын алу және  бастапқы кезеңде анықтау болуы қажет.

 

Медициналық қызметтің сапасы туралы

Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің Департаментімен 2011 жылы  денсаулық сақтау субъектілерінде  159 (195-2010ж) тексерістер жүргізілді.

Жоспарлы тексерістердің қорытындысы негізінде 13 әкімшілік шара қабылданды, сондай-ақ экономикалық шара қолдану  үшін  Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің Ақтөбе облыстық департаментіне тексеру  актілері жіберілді.

2011жылы  қаралуға тиісті 67 өтініштің барлығы уақытылы қаралды.

Жалпы, тексеру нәтижесінде қаралған  өтініштердің  20-сы расталды, 17-сі жартылай расталды, 30-ы  расталған жоқ.

Тұрғындардан түскен өтініштердің  негізгі бөлігі  медициналық  қызметтің сапасының нашарлығына шағымданған. Барлық өтініштерді тексеріс нәтижесінде 2011 жылы 18 жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі, басқа жағдайларда  тәртіптік және басқа да  әсер ету шаралары  қолданылды.

39 жоспардан тыс тексерістер нәтижесі бойынша, оның ішінде:

2011жылы ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің тапсырыстары негізінде 17 жағдайда  жалпы сомасы 3,1 млн. теңгеге  әкімшілік шаралары және экономикалық әсер ету шаралары жүргізілді;

Құқық қорғау және басқа да мемлекеттік органдардың тапсырмалары бойынша  21 тұлғаға қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің баптары қолданылды және  бір жағдайда мерзімінің өтіп кетуіне байланысты іс қозғалмады.

Есепті жылы инфекциялық, паразитарлық және аса қауіпті жұқпалы  аурулар  бойынша эпидемиологиялық жағдай тұрақты. Оба, тырысқақ, күйдіргі, сібір жарасы, туляремия, іш сүзегі, қызылша, дифтерия, қызамық, сіреспе, полиомиелит, геморрагиялық қызба  індеттері, сонымен қатар елді мекендерде, ұйымдасқан  ұжымдарда, медициналық мекемелерде қоғамдық тамақтану мен сумен жабдықтау объектілерімен байланысты топтық тамақтан улану тіркелген жоқ.

2010 жылмен салыстырғанда туберкулез аурушаңдығы 1,5%, жіті ішек инфекциясы 15,2%, соның ішінде бактериалды дизентерия 28,6%, перинатальдық кезеңдегі аурушаңдықтың 16,4 %-ға төмендегені байқалады.

Вакцинамен басқарылатын аурулардың алдын алу мақсатында жергілікті бюджеттен  87,2 млн. теңге жұмсалды. «А» вирустық гепатитіне қарсы 71,2 млн. теңгеге  33660 мөлшер вакцина сатылып алынды және 2009 жылы туылған 15 830 бала егілді, сонымен қатар, 16,1 млн. теңгеге  тұмауға қарсы  25000 мөлшер вакцина сатып алынды.

Ауыз су сапасының көрсеткіштері жақсарды. Микробиологиялық көрсеткіштер бойынша сәйкес келмейтін сынамалардың үлес салмағы 1,5%, санитарлық-химиялық көрсеткіштер бойынша 1,8%.

Кедендік одақ аясында шеттен әкелінетін және таратылатын сауда орындарындағы, қоғамдық тамақтану объектілеріндегі, бөлшек сауда орындарындағы азық-түлік өнімдерінің қауіпсіздігіне бақылау күшейтілді. Азық-түлік өнімдерінің  микробиологиялық көрсеткіштер  бойынша  сәйкес келмейтін сынамалары 1,2%, санитарлық-химиялық көрсеткіштері бойынша 0,3% екендігі анықталды. Ақтөбе облысы аумағында радиациялық жағдай тұрақты.

Тұрғындарға көрсетілетін медициналық көмектің сапасын көтеру, тиімділігін арттыру үшін 2012 жылы төмендегі  мәселелерді шешу қажет:

– Меморандум индикаторларына сәйкес  өлімді төмендетуді және  облыс тұрғындарының өмір сүру ұзақтығын 2012 жылы сәйкесінше 7,3 және 70,0 жасқа дейін ұлғайтуды қамтамасыз ету;

– облыс тұрғындарының салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша  ведомствоаралық және сектораралық өзара әрекетті күшейту ауқымында темекі тарту, алкоголь өнімдерін қолдану, семіздік ауруының көрсеткіштерін 1,5% төмендету;

– денсаулық сақтаудың 14 объектісін пайдалануға енгізу, оның ішінде  300 төсектік облыстық клиникалық ауруханасы және 12-шағын ауданда 500 қабылдауды жүзеге асыратын қалалық емхана және Қарғалы ауылында перзентхана;

– материалдық-техникалық базасын жаңғырту арқылы, оның ішінде лизинг негізінде, облыстың  денсаулық сақтау ұйымдарын медициналық жабдықпен жарақтандырылу көрсеткішін  75% дейін ұлғайту;

–  Кедендік одақ аясында облыс аумағына шеттен әкелінетін және таратылатын азық-түлік өнімдеріне санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды қамтамасыз ету.

 

 

Білім беру

Білім беру жүйесін жыл сайын тұрақты әрі өсімді қаржыландыру нәтижесінде облыста білім беруді дамытудың басты көрсеткіштерінің позитивті өсуіне қол жетті.

Білім беруді қаржыландыру көлемі 2010 жылмен салыстырғанда 4,7 млрд. теңгеге жоғарылап (2010 жылы – 36,1 млрд. теңге) 40,8 млрд. теңгені құрады.  2011 жылы білім беруге арналған шығыстар облыстық бюджеттің     32,7 % құрады.

 

көрсеткіштер/жылдар 2006 2007 2008 2009

2010

2011

Қаржыландыру көлемі (млрд. тенге)  

13,9

 

19,8

 

26,0

31,4  

36,1

 

40,8

Мектептің 1 оқушысына жұмсалатын шығын

(мың.тенге)

 

70,0

 

98,0

 

109,0

139,0  

173,0

 

175,0

МДҰ-да 1 балаға жұмсалатын шығын

(мың.тенге)

 

67,1

 

81,7

 

75,0

 

96,0

 

97,0

 

99,0

КЛ-дің  1 оқушысына жұмсалатын шығын

(мың.тенге)

 

72,4

 

92,2

 

117,5

 

149,7

 

190,8

 

219,0

 

Материалдық-техникалық базаны нығайту.

Облыста жалпы білім беретін мектептерді жаңа модификациялық пәндік оқыту кабинеттермен жабдықтау жұмыстары жалғастырылуда. Осы мақсатқа облыстық және республикалық бюджет есебінен 808, 8 млн. теңге бөлінді, оның ішінде  республикалық бюджет есебінен  272,5 млн. тенге, жергілікті бюджеттен  536,3 млн. теңге.

Облыс бойынша соңғы 5 жылда  303 мектеп физика кабинеттерімен, 149 мектеп биология, 124 мектеп химия және 193 мектеп лингафонды-мультимедиялық кабинеттермен жабдықталды. Облыс бойынша пәндік кабинеттермен жабдықтау  48,3%-ды (2010 ж. – 36,6%) құрайды.

Білім беру нысандарының материалдық-техникалық базасын нығайту мақсатында 210,6 млн. теңге бөлінді, оның ішінде 68,9 млн. теңгеге мектеп жиһаздары, 50,1 млн. теңгеге компьютерлер және басқа да құралдар, 82,5 млн. теңгеге спорттық құралдар алынған және т.б.

Білім беру ұйымдарын оқу жылына дайындау мақсатында 807,1 млн. теңгеге 71 білім беру нысандарына күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2011 жылы облыста республикалық және жергілікті бюджет қаржылары есебінен үш аусымдық мектептерді жою, апаттық мектептерді алмастыру мақсатында 4004,3 млн. теңгеге (РБ – 1449,5 млн. теңге, ЖБ – 2554,8 млн. теңге) 27 білім беру нысандарының құрылысы жүргізілуде.  Оның ішінде жергілікті бюджет есебінен 13 мектеп, 3 балабақша 4 өзге де білім беру нысандарының құрылысы жүргізілсе, республикалық бюджет есебінен 5 мектеп және 2 балабақша құрылысы жүргізілуде.

2011 жылы пайдалануға 6 мектеп, 3 балабақша және 4 өзге де білім беру нысандары берілді.

Мектепке дейінгі білім беру.

Мектепке дейінгі ұйымдардың өсу серпіні

 

Облыста мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің контингентінде 35970 бала бар 505 мектепке дейінгі ұйымдар жүзеге асырады, оның ішінде 26671 контингентімен 231 балабақша және 9299 бала тәрбиеленетін 273 мектепке дейінгі шағын орталықтар. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 61,2 %, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар -80,3%-ды құрайды.

2010-2014  жылдарға арналған «Балапан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асырудың іс-шаралар жоспарына сәйкес 2011 жылы облыста 1675 орынды  31 мектепке дейінгі білім беру нысандары ашылды.

Облыста балабақшаларды ашу мәселесіне жеке инвесторларды тарту жұмыстары қолға алынды. Аталған жұмыстар Темір, Мұғалжар аудандарында және Ақтөбе қаласында белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2011 жылы жеке инвесторлар есебінен облыс бойынша 215 орындық 2 балабақша салынды, оның ішінде 75 орындық 1 балабақша қайтарымсыз жергілікті атқарушы органдарға берілді.

Жалпы орта білім беру.

2011 жылы облыстың 8913 оқушысы (2010 жылы – 8 722) облыстық, республикалық және халықаралық интеллектуалдық сайыстарда жоғарғы деңгейден көрініп,  олардың 21,6%-ы жеңімпаз атанды (2010 жылы –20%).  95 оқушы халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар жарысының қатысушысы болып, 69-ы жеңімпаз атанды, соның ішінде 19 – алтын, 28 – күміс, 22 – қола медальдар иегерлері.

Мектеп оқушыларының білім сапасы артып келеді. ҰБТ қорытындысы бойынша 2010 жылмен салыстырғанда орташа 84,3 балды құрады.

Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінде  жалпы орта білім беретін мектептердің 138 түлегі ( үміткерлер санынан 52,5%) жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестатының иегерлері болып, 85 бітіруші үздік аттестат алды.

Оқушыларға ыстық тамақ ұйымдастыру. Жалпыға міндетті оқыту.

2011 жылдың қорытындысы бойынша оқушыларды ыстық тамақпен қамту облыстың 428 жалпы білім беретін мектептерінде  (96,8%) ұйымдастырылды. Ыстық тамақпен  қамту 87 %-ды құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен жоғары (72%).

Тегін ыстық тамақпен барлық жалпы білім беретін мектеп оқушыларының 58 %-ы қамтылған. 1-4 сынып оқушылары  100 % тегін тамақпен қамтылды.

Облыс бойынша ыстық тамақпен қамту

Аз қамтылған отбасындағы барлық балалар ыстық және буфеттік тамақпен қамтылған.

Арнаулы білім беру. Балалар құқығын қорғау. Қазіргі таңда облыста нақты мәліметтер бойынша 4009 мүмкіндігі шектеулі балалар тіркелген. Бұл санаттағы балаларды арнаулы білім беру бағдарламаларымен қамту – 70,7% құрайды, 2010 жылмен салыстырғанда 10,6% – ға артты.

Облыста қазіргі таңда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала саны – 1960, бұл 0 мен 18 жас аралығындағы барлық балалар санының 0,8% құрайды. Олардың ішінде: 1184 бала қорғаншылық пен қамқоршылықта; 111 бала қазақстандық отбасындағы патронаттық тәрбиеде.

Облыс әкімдігімен «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамы арқылы облыстық жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушілеріне тұрғын үй алу үшін 47668,0 мың теңге бөлінді. 2011 жылы облыстық жасөспірімдер Үйінің 7 тәрбиеленушісі пәтер алды. Соңғы 5 жылда мемлекеттік тұрғын үй қорынан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 33 бала тұрғын үй алды.

Ақтөбе облысы бойынша балалардың құқықтарын қорғау департаменті қызметінің негізгі мақсаты: балалардың сапалы өмірінің әлеуметтік және құқықтық кепілдіктерін  қамтамасыз ету.

Есепті жылдың қорытындысы бойынша облыста екі жоба: «Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу бағдарламасы» және «Жаңа туылған сәбилерден бас тартудың алдын алу» бағдарламасы құрылды. Бағдарламаның іске асырылуына 1,4 млн.теңге бөлінді.

2011-2012 оқу жылында 170 студенттер қайырымдылық «Бөбек» қорынан  көмек стипендиясын алады, (өткен жылы-142).

2011 жылы «Анашым, мені тапшы!» жобасы бойынша 11 бала отбасына орналасты, оның ішінде: 5 – бала патронат тәрбиесіне, 3 – бала асырап алынды, 3 – бала қорғаншылық/қамқоршылыққа орналастырылды. Облыстық Алға балалар үйінен 83, Үміт балалар үйінен 394 бала отбасына орналастырылды.

Облыстық Алға балалар үйінде 2011 жылдың 15 шілдесінде «Қабылдаушы ата-аналар клубы» ашылды. Департаментке 59 азамат өтініш жасады.

КТБО-да кәмелетке жасы толмаған бала саны 2,1 есеге азайып, 2011 жылы 165 бала құрады. 2010 жылмен салыстырғанда өзіне-өзі қол жұмсау оқиғасы елеулі азайып келеді (10-нан 8-ге дейін).

Балалардың құқығын қорғау саласында мүдделі мемлекеттік құрылымдар, жергілікті атқарушы және қадағалаушы органдар, үкіметтік емес қоғамдық ұйымдар арасында ведомствоаралық өзара іс-қимыл әрекеттестігінің  тиімді жүйесін құру мақсатында 1 меморандумға, 2 келісімге қол қойылды.

 

Қосымша білім беру.

 

 

 

2011-2012 оқу жылындағы қосымша білім беру ұйымдарының желісі оқушыларды қосымша біліммен қамту контингентінде  33534  оқушысы бар 47 бірлікті құрайды.  Қосымша білім берумен қамту 29,3%-ке өсті, республикалық көрсеткіштен жоғары.

 

 

Жазғы демалыс, сауықтыру.

Облыста  балалардың жазғы демалысын өткізу барысында басымдылық атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасы балаларын қамтуға бағытталды. Облыс бойынша  аз қамтылған отбасыларындағы 12292 бала және мектеп – интернаттық ұйымдарда  тәрбиеленетін 511 оқушының барлығы дерлік демалыс, сауықтыру шараларымен қамтылды.

Жазғы кезеңде демалыс, сауықтыру шараларымен 1 — 10 сыныптардағы оқушылардың жалпы санынан 77380 (72,7%) оқушы қамтылды (2010 жылмен салыстырғанда 17,7% артты). Жыл қорытындысы бойынша облыс балаларды жазғы демалыспен қамтуда республикадағы үздік бестіктің қатарына кіреді.

 

Кадрмен қамтамасыз ету.

Облыстың білім беру ұйымдарында 15886 педагогикалық қызметкерлер жұмыс жасайды.  Оның ішінде  38,3%-ы жоғары білімді және бірінші категориялы мұғалімдер.

 

Облыс педагогикалык кадрларының сапалық құрылымы

 

 

 

Мұғалімге мемлекеттік қолдау көрсету және статусын көтеру мақсатында облыстық педагогикалық жетістіктердің конкурс-марафоны өткізілді. Педагогикалық жетістіктер конкурс-марафонының қорытындысы бойынша облыстың 916 мұғалімі аталған байқаудың жеңімпазы және  облыс әкімі грантының иегерлері болды.

Техникалық және кәсіптік білім беру.

Облыста 42 оқу орны техникалық және кәсіптік білім беру  бағдарламасымен мамандар даярлауда, онда 38,0  мың жас оқып білім алуда. 15 кәсіптік лицейде жергілікті бюджет қаржысы есебінен 5,6 мың білім алушы 45 мамандық бойынша, 27 колледжде 87 мамандық бойынша 32,0 мың білім алушы оқытылып даярлануда.

Облыста мемлекеттік тапсырыс 12 пайызға өсіп, 4690 адамды құрады, оның ішінде колледждерде – 2230, кәсіптік лицейлерде – 2460.

Есепті кезеңде 6034 колледж түлектерінің 5113 жұмысқа орналасты немесе 84,7%. 2268 кәсіптік лицей бітірушілердің жұмысқа орналасқаны 2033 немесе 89,6%, өткен жылмен  салыстырғанда сәйкесінше   9 % және 2%-ға өсті.

2012 жылға арналған міндеттер:

Білімді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру  аясында:

  • 25 мектеп пен 3 бала бақшаның күрделі жөндеу жұмыстарын жалғастыру;
  • Салынып жатқан 8 мектептің пайдалануға берілуін және 11 мектептің құрылысын бастауды қамтамасыз ету;
  • Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға балаларды тартуда 1 мен 6 жас аралығындағы балаларды 65%, 3 пен 6 жас аралығындағы балаларды 85%-ке жеткізу;
  • Білім сапасын арттыру, 2012 жылы ҰБТ нәтижесін республикалық орташа деңгейге дейін ұлғайту;
  • Асханалары мен ас блоктары жаңа технологиялар мен қамтамасыз етілген мектептер үлесін 5 пайыздан 7 пайызға дейін ұлғайту;
  • Алға, Ойыл, Байғанин аудандарында педагогикалық-психологиялық түзету кабинеттерін ашу.
  • ҚР Президентінің «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларды жүзеге асыруды қамтамасыз ету.

Әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту

Экономикалық потенциалдың өсуі, жаңа  өндірістерді ашу және жұмыс жасап тұрған өндірістерді кеңейту, шағын және орта бизнесті және жеке еңбек қызметтерді дамыту  2011 жылы 19,0 мың жаңа және 3,0 мың  әлеуметтік жұмыс орындарын құруға ықпал етті. 

13608 жұмыссыз азаматқа жұмысқа орналасуға көмек берілді, қоғамдық  жұмыстарға 5091 адам жіберілді.

Жастар арасында жұмыссыздықты қысқарту мақсатында  «жастар іс-тәжірибесіне» 2315 адам, оның ішінде  «Бизнестің жол картасы — 2020» бағдарламасы бойынша – 866 адам жіберілді.

2011 жылдың 1 шілдесінен бастап облыста «Жұмыспен қамту — 2020» бағдарламасының пилоттық жобасы іске асырылды, оның үш бағыты бойынша өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және облыс тұрғындарының  аз қамтылған  азаматтарынан  4150 адам қатысты. РБ барлығы 564,7 млн. теңге бөлінді және игерілді.

«Оқыту және жұмысқа орналасуға жәрдемдесу»  Бағдарламаның бірінші бағыты бойынша:

–   әлеуметтік жұмыс орындарына  1210 адам жіберілді;

–    оқуға 1913 адам бағытталды.

Бағдарламаның  «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» екінші  бағыты бойынша:

–   83 заем алушы 120,0 млн.теңге көлемінде шағын несие алды;

–   сомасы 14,3 млн. теңгеге 352 адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды.

«Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» үшінші бағыты бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендерден экономикалық даму орталықтарына көшуіне жәрдемдесу бойынша 26 отбасы   (104 адам) жоспарланды.

Қазіргі уақытта 26 отбасының (104 адам) Хромтау ауданның Көктау ауылында «Нұрлы көш» Бағдарламасы бойынша салынған үйлерге көшуге тізімдері келісілді.

Халықты жұмыспен қамтуға  қабылданған шаралар жұмыссыздардың санын азайтуға ықпалын тигізді.

2012 жылдың 1 қаңтарына  тіркелген жұмыссыздық деңгейі  0,2% немесе 958 адамды құрады, жалпы жұмыссыздық деңгейі 2011 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша орташа республикалық көрсеткіш  5,3 %-ға қарағанда 4,8 % (немесе 20,7 мың адам).

2011 жыл бойы компанияларда  2690 жаңа жұмыс орны құрылды,  оқуға  122 қазақстандық маман жіберілді (біліктілікті арттыру есебімен), 103 шетел маманы қазақстандық маманмен алмастырылды.

Шетел жұмыс күшін тартуға рұқсаты бар 52 кәсіпорында жұмыс жасайтын қазақстандықтардың саны 20457 адам.

Жалғыз басты қарттармен  және  мүгедектермен жұмыстар жүргізілуде. 2012 жылдың  1 қаңтарына  облыс бойынша 18003 мүгедек есепте тұр, солардың ішінде 1947-ге жуығы 16 жасқа дейінгі мүгедек балалар.

Мүгедектерді оңалту жеке бағдарламаларға сәйкес 2011 жылы 4,1 мың мүгедекке  168,2 млн. теңге көлемінде әлеуметтік көмектер көрсетілді.

Жан басына шыққандағы орташа кірістері жоғары емес отбасыларымен мақсатты жұмыстар жүргізілді. 2012 жылдың 1 қаңтарына жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне құрамында 1171 адамы бар 344 аз қамтылған отбасы өтініш жасады.

Облыс халқының санынан  аз қамтылған азаматтардың үлесі (кірістері кедейшілік шегінен төмен), 2010 жылғы сәйкес кезеңіндегі 0,3 %-ға қарағанда 2012 жылдың   1 қаңтарына 0,1 % құрады, кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтың үлесі 2011 жылдың 3 тоқсанында 2,2 % құрады (орташа республикалық көрсеткіш – 5,0 %).

2011 жылы мемлекеттік  атаулы  әлеуметтік  көмек 1123  аз қамтылған азаматқа    25,8 млн. теңге  көлемінде тағайындалды,  сомасы 196,1 млн. теңгеге 4949 отбасына   тұрғын үй көмегі,   18 жасқа дейінгі  25079 балаға 317,4 млн. теңге көлемінде  жәрдемақы  тағайындалды.

Жергілікті атқарушы және орындаушы органдардың шешімдері бойынша халықтың әлеуметтік-әлсіз топтарын қолдау үшін қосымша төлемдер және өтемақылар,  әр түрлі жеңілдіктер 2012 жылдың 1 қаңтарына 124,5 мың. азаматқа 1969,7  млн.теңге көлемінде тағайындалды.

Есепті жыл ішінде  әлеуметтік – еңбек саласы тұрақты болды.

2011 жылдың басында жалақы бойынша берешек 9 кәсіпорында 141,5 млн. теңгені құрады, қабылданған шаралары нәтижесінде  2012 жылдың 1 қаңтарында  берешек сомасы 48,1 млн. теңгеге 3 кәсіпорында қалды.

Халықтың жағдайын әрі жақсарту үшін  жеке кәсіпкерліктің субъектілерінің қоғамның алдында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті құрастыруға және жоғарлатуға бағытталған, «Парыз» республикалық сайысқа облыста жыл сайын кәсіпкерлердің қатысуы бойынша ұйымдастыру жұмыстар жүргізіледі.

Бұл бағыттағы жұмыстар 2011 жылы жалғасын табуда. «Ең үздік жылдық әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша 1-орынды және алтын мүсіншені «Қазақтүрікмұнай» ЖШС алды, екі екінші орынды «Ең үздік әлеуметтік жауапкершілікті мекеме» және «Ең үздік келісім шарт» номинациялары бойынша «Трансэнерго» ЖШС және «Евразия медициналық орталығы» алды, сонымен бірге, «Экологияға  қосқан  үлесі» номинациясы  бойынша  үшінші  орынды  –  «Гелиос» ЖШС алды.

2012 жылға арналған міндеттер:

–   15000 жаңа тұрақты және 2700 әлеуметтік жұмыс орындарын құру,  кемінде 2000 жұмыссызды  оқыту, «жастар практикасына» 2200 адамды жіберу.

–   Өңірдің экономикалық белсенді орталықтарында адамдарды еңбекке орналастыру арқылы табиғи ресурстардың ұтқырлығын арттыру.

–   «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламасына қатысуға 4706 адамды тарту, жалпы қаржыландыру көлемі 2242,6 млн. теңгені құрайды.

–   Аз қамтылған азаматтарды жұмыспен қамтудың,  қайырымдылық  көмек көрсету, жер телімдерін, микрокредиттерді  бөлудің белсенді формаларын қолдану  арқылы  күнкөріс шегінен төмен кірісі бар тұрғындардың үлесін 5,7%-дан 5,0%-ға дейін төмендету.

–   Қиын өмірлік жағдайда тұрған тұлғаларға  арнайы әлеуметтік қызметтерді стандарттарға сәйкес ұсынуды қамтамасыз ету.

 

Мәдениет.

Мәдениет деңгейі өңірдің  тұрақты экономикасының индикаторы болып табылады.

Осы саланың ең басты мақсаты мен міндеті – өңірдің тұрғын халқының рухани және эстетикалық сұранысын қанағаттандыруда сапалы да қолжетімділікпен мәдени қызмет көрсету.

Үстіміздегі жылдың 1 қаңтарына облыс бойынша 486 мәдениет ұйымдары қызмет көрсетуде. Мәдениет саласын қаржыландыру 2011 жылы 3,0 млрд. теңгені құрады, оның ішінде бюджеттен 2,9  млрд.теңге бөлінді немесе 96,7%.

2011 жылы  6 мәдени орын жаңадан ашылды, оның ішінде 4 кітапхана, 2 клубтық мекеме бар.

17 нысанның құрылысы мен қайта жаңғыртуға, күрделі жөндеуге  359,1 млн. теңге, материалдық базасын жабдықтауға  201,1 млн.теңге бөлінді және  игерілді. Ақылы қызметтен түскен қаражат көлемі 2011 жылы  90,5 млн.теңгені құрады (2010 жылы – 75,6 млн. тг). Облыстағы мәдениет және өнер қызметкерлерінің саны  өсуде,  2011 жылы  салада жаңадан 60 тұрақты жұмыс орны ашылды. Облыстағы «халықтық» және «үлгілі» атақтарын алған өнер ұжымдарының саны  да 13 бірлікке  артты.

2011 жылы Байғанин, Ырғыз, Темір, Шалқар аудандарында және Қобда ауданында 2 – барлығы 6 ауылдық кітапхана жаңартылды (2010 жылы – 5), 105 мың дана жаңа әдебиет сатып алынды. Облыс кітапханаларының жалпы кітап қоры 4 млн. дананы құрады, 2010 жылмен салыстырғанда  кітап қоры 2,6%-ға өсті.  Кітапханалардың электрондық қызметтерін тұтынушылар саны 3,5 мың адамды, оқырман саны 230 мыңға жуық адамды құрады.

Облыс қорында 157,1 мың экспонаты бар 18 мұражай  жұмыс жасайды, 2011 жылы  260,2  мың келушіге қызмет жасалды.  «Руханият» облыстық мұражайының тұсаукесері өтті.

«Мәдени мұра» бағдарламасы ауқымында  100 мәдени-тарихи ескерткіштері паспортталды.  «Хан моласы» қорымында Кіші жүз ханы  Әбілқайыр ханның  жерлену орнын анықтау бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары аяқталды, көп жылдық зерттеулер нәтижесі «Еуразия тарихы мен мәдениеті аясындағы Арал Каспий аймағы» атты ІІ халықаралық ғылыми конференциясында жарияланды.

2011 жылы облыс бойынша барлығы 20 мыңнан астам мәдени шаралар мен театралды-концерттер өткізілді. Оған 3,5 миллионнан астам көрермен қамтылды. ҚР Тәуелсіздігінің 20 жылдығына байланысты Астанада өткен Ақтөбе облысының күндері,  «Ақтөбе джаз-2011» халықаралық фестивалі, Кердері Әбубәкірдің 150 жылдық мерейтойына арналған республикалық ақындар айтысы жоғарғы шығармашылық және ұйымдастыру деңгейінде өткізілді.

Алыс және жақын шетелдермен мәдени байланыс нығайтылуда.

Сонымен қатар,  салада уақытылы шешімін табуы күтілетін өзекті мәселелері де бар:  облыстың 26 ірі  перспективалы елді мекендерінде нормативке сәйкес 35 мәдениет мекемесін ашу қажет.  Мәдениеттің 70 объектісіне күрделі жөндеу керек. Жалпы желі санына шаққанда  жеке ғимаратпен қамтамасыз етілгені — 47%.

Аудан әкімдері, негізінен Қарғалы, Мұғалжар және Алға аудандарында,  кітапханаларды жаңғыртуға және кітап қорын толықтыруға тиісті көңіл бөлінбейді,  тек қана мемлекеттік тапсырыс арқылы жүзеге асырылады.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

–   Мәдениет мекемелерінің желісін  дамыту, соның ішінде 4 кітапхана, 2 клуб, 1 мұражай ашу;

–   кітапхана жүйесін жаңғырту және материалдық базасын нығайту және жарақтандыру, құрылысы, реконструкциялау,  күрделі жөндеу бойынша жұмысты жалғастырсын;

–  Бөкенбай батыр және т.б. тарихи тұлғаларды зерттеу, Шалқар, Ырғыз, Мұғалжар, Байғанин аудандарының ескерткіштер Жинағына материалдар жинау, Ойыл ауданының ескерткіштер Жинағын шығару, Байғанин ауданы Індібай тамы мавзолейін қайта қалпына келтіру, тарих және мәдениет ескерткіштерін паспорттау және Қобда ауданының Жиренқопа селосында халықаралық археологиялық қазба жұмыстарын жүргізуді жалғастыру;

–  Мәдениет және өнер мекемелеріне мамандар даярлау және олардың біліктілігін көтеру жұмыстарын жақсарту.

Мемлекеттік тіл саясаты

Облыста мемлекеттік тілді еркін меңгерген адамдар саны жылдан-жылға  өсіп келеді, оның ішінде қазақтармен басқа ұлт өкілдері де бар.  Мемлекеттік тілді еркін деңгейде меңгергендердің үлесі  48 % құрады, соңғы үш жылда бұл көрсеткіш 10%-ға артты.

Мемлекеттік тілді белгілі бір деңгейде меңгерген облыс тұрғындарының үлесі 80% құрайды.

 

 

 

Мемлекеттік тілді оқып үйренушілер саны артып келеді. Жыл сайынғы әлеуметтік зерттеулер бойынша тұрғындардың 80 пайызы өздеріне және балаларына қазақ тілін оқып үйренуді қажет деп есептейді. Облыс бойынша 2010 жылмен  салыстырғанда мемлекеттік тілді меңгерген басқа ұлт өкілдерінің саны 3 пайызға өсті.

Қазақ тілінде тәрбиелеп, оқытатын мекемелер саны көбеюде. Жалпы  білім беретін қазақ мектептері 65% (республика бойынша — 53%),  ал мектепке дейінгі білім мекемелерінде 71% (республика бойынша — 49%) оқу-тәрбие процестері мемлекеттік тілде жүргізіледі.

Тілді  үйренемін деген адамға облыста барынша мүмкіндік жасалып отыр. Бұл бағытта ең керекті форма тілдік курстар болып табылады. Бұдан басқа ағылшын тілін оқып үйрену үшін жағдайлар жасалды. 2007 жылдан бері  5000 адам мемлекеттік тілді, 479 адам ағылшын тілін оқу курстарына тартылды. Ұлттық-мәдени бірлестіктер жанындағы  жексенбілік мектептерде басқа ұлттың 290 өкілі туған тілдері мен мемлекеттік тілді  оқып үйрену курстарына тартылды.

Мемлекеттік тілді оқытумен қамтылған тыңдаушылар  саны 2010 жылмен салыстырғанда 8%-ға, оның  ішінде  жеке тұлғалардың  үлесі  8%-ға артып отыр.

Құжат айналымының мемлекеттік тілдегі  үлесі 2011 жылдың қорытындысымен 97 пайызды құрады және құжаттарды мемлекеттік тілге ресми аудару жылмен салыстыру бойынша  34%-ға өсті. (2006 ж.- 63%)

2012 жылы мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту мақсатында курстар, радио  желісінде  сабақтар мен  арнайы  радиохабарлар,  БАҚ   арқылы  қазақ  тілді  сабақтар  циклдары, ересектер  және  балалар  үшін оқыту  сипатындағы   телехабарлар  ұйымдастырылды.  Мемлекеттік  тілді оқытудың  әдістемелік  негізі  жасалуда.  Мемлекеттік  тілді  үйренудің  20 салалық  кешендері  мен  оқу-әдістемелік  құралдары,  балалар  үшін  дамытушы  әдебиеттер  жарық көрді.

Сонымен бірге, мемлекеттік  тілді  дамытуда  тілдің дамуының қоғамның әлеуметтік-коммуникативтік  кеңістігінде, каржылық, нормативтік-құқықтық қамтамасыз етуде төменгі дәрежеде көрінетін   ішкі  және  сыртқы  факторлар да кездеседі.

2012 жылға арналған міндеттер:

– қоғамдық өмірдің әр қилы салаларында мемлекеттік   тілді  үйрету  үлесінің сапасын  көтеру;

–         мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға, кең көлемде насихаттауға, жағымды образ қалыптастыруға бағытталған жобалар санын ұлғайту.

–         мемлекеттік тілді оқытуға 1600 тыңдаушыны қамту;

– Қарғалы   ауданында  тілдерді  оқыту  орталығының   өкілдігін   ашу

Туризм, дене шынықтыру және спортты дамыту

Туризм, дене шынықтыру мен спорттың дамуы өміріміздің әлеуметтік маңызды факторларының бірі болып табылады. Облыста дене шынықтыру мен спорттың дамуына үлкен көңіл бөлінеді. Өңірде спортпен шұғылдануға жағдай жасалып, тұрғындарды дене шынықтыру құралдары арқылы спортпен айналысуға жан-жақты қамту мәселелерін іске асыру тәсілдері мен әдістері үнемі жетілдірілуде.

Қолда бар 1493 (2010 ж. 1454;) спорт құрылғыларында 59 спорт түрінен 180,5 мың (2010 ж. 150,8 мың.) адам дене шынықтыру және спортпен айналысады, бұл жалпы тұрғындар санының 22,9%-ын (2010 ж. 19,6%) құрайды.

Қазіргі уақытта 27 балалар мен жасөспірімдер спорт мектептерінде 15,6 мың (2010 ж. 14 мың) тәрбиеленуші спортпен айналысады.

2011 жылы 7 халықаралық дәрежедегі спорт шебері (2010 ж. 2), 42 ҚР спорт шебері (2010 ж. 37), 142 спорт шеберлігіне үміткер (2010 ж. 176), 113 бірінші разрядты спортшы (2010 ж. 99) дайындалып, 238 спортшы Қазақстан құрама командаларына енді.

2011 жыл спорт түрлері бойынша көптеген облыс спортшыларына жемісті жыл болды. Дойбыдан Жекеев Мирас — әлем чемпионы, Сұлтанов Қадыржан қысқы Азия ойындарының чемпионы болды. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, 2008, 2010 жылдардағы Қазақстан Суперкубогының иегері, 2011 жылғы қола жүлдегер «Ақтөбе» футбол клубы ақтөбеліктердің басты мақтанышы болып есептеледі.

Біздің спортшыларымыз төрт жылда бір рет өтетін Қазақстан Республикасының ІІІ жазғы Спартакиадасында жалпы командалық 8-орынды иеленіп, өздерінің көрсеткіштерін екі есеге жақсартты.

Дене шынықтыру және спортпен айналысушылардың саны үнемі өсіп келеді. 2011 жылы 2 мыңдай спорттық-сауықтыру шаралары өткізіліп, 350 мың адам қамтылды.

Ұлттық спорт және ат спорты түрлері бойынша облыс фестивалінің өткізілуі осы спорт түрлерінің дамуына соны серпін қосты.

Облыста спорттың материалдық-техникалық базасының нығаюы үшін ауқымды жұмыстар жүргізілуде. Олимпиада резервін даярлау орталығына қарасты «Мұнайшы» стадионын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды (жобалық-сметалық құны – 750,0 млн. теңге). Ақтөбе қаласында 5, Темір ауданында 4 жасанды төсенішті көп құрылымды спорт алаңдары салынды, ат спорты мектебінің құрылысы жүргізілуде.

«Ауылдың гүлденуі  — Қазақстанның гүлденуі» марафоны аясында 150 қарапайым спорт алаңдары қайта жаңғыртылды.

2011 жылы туристік іс-шараларды іске асыру үшін 32,7 млн. теңге бөлінді. 2010-2012 жылдарға арналған туристік кластерді дамыту «Шеберлік жоспары» жұмыс жасайды.

«ITFA – 2011. Туризм. Саяхат. Спорт» ІХ халықаралық туристік көрмесі және республикалық «Шеберлер ауылы» қолданбалы өнер шеберлерінің фестивалі өткізілді. Облыстың туристік әлеуеті көптеген республикалық және халықаралық көрмелерде ұсынылды. Жетекші туроператорлар үшін жарнамалық-ақпараттық турлар ұйымдастырылды.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

–  бұқаралық-спорт жұмыстарының өңірлік орталығын (клуб) құру;

– балаларға (жасөспірімдер) арналған 5 аула клубын жасақтау жұмыстарын жалғастыру;

– қазіргі заманғы 20 жасанды төсенішті шағын футбол спорт алаңдарының құрылысы;

– Лондон қаласында өтетін ХХХ жазғы Олимпиада ойындарына қатысуға үміткерлердің оқу-жаттығу процесіне қажетті жағдай жасау;

– спортта дарынды балаларға арналған мектеп-интернаттың, №7 ОБЖСМ-інің материалдық-техникалық базасын жасақтау;

– ат спорты түрлері бойынша спорт мектебінің құрылысын аяқтау;

– Ақтөбе қаласының «Батыс-2» ауданында  бассейн құрылысын бастау;

-«Батыс Еуропа  – Батыс Қытай» көлік дәлізінің туристік инфрақұрылымын кеңейту.

 

Экологиялық қауіпсіздік және қоршаған ортаны  қорғау

Мемлекеттің экологиялық саясатын іске асыру қоршаған ортаға техногендік әсер етуді төмендетуге қол жеткізді.

Атмосфералық ауа:

Облыстың  экологиялық жағдайын анықтайтын факторлардың бірі атмосфералық ауа жағдайы болып табылады. Ілеспе мұнай газын пайдалану Бағдарламасын табиғатты пайдаланушылармен орындауы нәтижесінде  алауларда ілеспе мұнай газын жағу көлемінің төмендеуіне  қол жеткізілді. Егер 2006 жылы облыс бойынша 56,1% пайдалана отырып, алауларда 1,5 млрд. м3 газ жағылса, ал 2011 жылы  барлығы 0,6 млрд. м3 жағылған, бұл 85% пайдаға асырғандығын көрсетеді.

2011 жылы 10 мұнай компанияларымен 26 алауда ілеспе мұнай газының 2010 жылғыдан 24 млн. м3 аз жағылды.

Негізінен,  газ алаулары жағылады – «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (290,4 млн. куб.м), «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (184,4 млн. куб. м.) және  «Қазақмыс Петролиум» ЖШС (54,4 млн. куб.м.) — 93,5%.

2011 жылы ауаға ластаушы шығарындыларының көлемі 185,5 мың тн. құрады.  Барлық шығарындылардың 50%  үш компанияның – «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ (53 мың тонна), «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС (17,9 мың тонна), «Интергаз Орталық Азия» УМГ «Ақтөбе» АҚ (14,5 мың тонна)  үлесіне келеді.

Алдағы кезеңде де шырақтарда газды жағудан шығарылатын ластаушы заттарды қысқартудың оң серпіні сақталады. «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ 2012 жылы ілеспе мұнай газы пайдалануды 95,59% дейін жеткізуді жоспарлауда.

2011 жылы енгізілген «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС газ өңдеу зауыты  газды пайдалану көлемін  2012 жылы – 53,7%-ға дейін, ал 2013 жылы 99,4%-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Жылжымалы көліктің шығарындылары,  олардың саны ұлғаюына байланысты,  жалпы ластаушы заттардың көлеміне шаққанда 39,4%-ға жуығын құрайды. Осы себеппен,  Ақтөбе қаласы ауасының  ластану индексі 2011 жылы жоғары болып қалуда, бұл облыс орталығын Қазақстанның ауасы қолайсыз 5 қаласы қатарында ұстауда.

Су қорлары

Ластаушы заттардың тікелей келіп түсуі, «Ақбұлақ» АҚ қоспағанда, жоқ.  Ол  Ақтөбе қаласының кәріздік желісінде қызмет көрсетеді. Ақтөбе және Қарғалы су қоймаларының тазартылған ағын суларынан түсетін ластаушы заттардан  Елек өзенін  ластану деңгейін төмендету мақсатында су өткізу жүзеге асырылады.

2011 жылы Ақтөбе қаласында  кәріздік-тазарту құрылғыларына реконструкциялау аяқталды.  2008 жылдан бастап 2011 жыл  бойы республикалық бюджеттен 4,1 млрд. теңге игерілді.

Облыстың ірі кәсіпорындарында суды тиімді пайдалану  мақсатында айналмалы сумен жабдықтау  жүйесі  іске қосылған.

«АЗХС» АҚ жер асты ластанған суларынан алты валентті хромды тазарту бойынша  оқшаулау станциясының өнімділігін арттыру есебінен Елек өзеніндегі оның құрамы  төмендеуде.

Өндіріс және тұтыну қалдықтары

Құралған қалдықтардың негізгі көлемін тау-кен өндіру өнеркәсібі кәсіпорындарының қалдықтары құрайды. 2011 жылы жиналған өнеркәсіптік қалдықтардың жалпы көлемі 62,7 млн. тоннасының 99%-ы «Коппер технолоджи» ЖШС, «Қазхром» ТҰК ДКБК және т.б. тау-кен өндіру кәсіпорындарына келеді. Өнеркәсіптік қалдықтарды пайдалану деңгейі 31,0%-ға дейін жеткізілді.

Құрамында мұнайы бар  қалдықтарды  жою проблемасы шешілді, өңірде  мұнай өндіру кәсіпорындарының қалдықтарын орналастыру және қайта өңдеу бойынша 13 кәсіпорын жұмыс жасауда.

Аудан орталықтарына салынатын ҚТҚ полигондары үшін дайындық жұмыстары жүргізілуде, Қандыағаш қаласы және Шұбарқұдық ауылдары  полигондары үшін жұмыс жобалары әзірленді, Қарауылкелді және Мәртөк елді мекендеріне полигондары үшін техникалық-экономикалық негіздемелер дайындалды.

Ірі кәсіпорындардың жеке қаражаттарын инвестициялау есебінен  сомасы 37,4 млрд. тг. 279 табиғатты қорғау іс-шаралары орындалды, оның ішінде  ауа сақтауға – 29,85 млрд. теңге, су қорғауға – 1,67 млрд. теңге, жерлерді қалпына келтіру және қалдықтар саласында – 4,94 млрд. теңге бөлінді.

Облыстағы 10 кәсіпорынның қызметі ISO 14001 экологиялық менеджмент халықаралық стандартына сәйкестендірілді. Бұлар  «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС, «СЗТК Мұнай Тас» АҚ, АЗФ, ДТБК, «Ақтөбе» УМГ,  «Көктас-Актөбе» АҚ,  «Қазстройсервис» НГК АҚ,  «Қазтрансойл» АҚ ЗФ.

«Көкжиде құм» жер асты және жер үсті суларының мониторингі ұйымдастырылды. Мониторинг ауқымында  мұнай өнімдерімен ластанған учаскелері жойылды, иесіз гидрогеологиялық ұңғымаларды түгендеу бойынша жұмыстар жүргізілді,  мұнай өнімдерінің түсуін болдырмау бойынша шаралары қабылданды.

Бұрын әзірленген жұмыс жобасына сәйкес, Ақтөбе қаласы өнеркәсіп аймағындағы қатты тұрмыстық және басқа да қалдықтардың қалалық қоқыс төгетін орнын жою жұмыстары біртіндеп басталды.

Орман қорын ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілді. Орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерімен 607,5 га алқапқа орман көшеттері отырғызылды, 2012 жылға 305 га жерге орман дақылдарын егетін  жерге қолмен күтім жұмыстары жүргізілді.  1135 кг. орман тұқымы дайындалды,  7,4 га тәлімбаққа тұқым отырғызылды,  162,3 млн. көшет өткізілді. Облыстың ауылдық елді мекендері арасында 223,7 га алқапқа жасыл аймақты құру бойынша іс-шаралар өткізілді.

300 га алқапқа орман дақылдары егілді, бұл 2010 жылғыдан 121 га артық. Шалқар ауданында жасыл желектерді дамыту  жобасы әзірленді және зерттеу жүргізілді.

Жануарлар  дүниесін қорғау, киіктердің популяциясын сақтау және халықтың денсаулығын қорғау, құтыру ауруының алдын алу мақсатында облыс аумағында қасқырлар санын азайту бойынша іс-шаралары жүргізілуде.

Облыстың су  айдындарында бағалы балық түрлері санын 400 мыңға дейін молайту.

Ақтөбе облысының су қоймаларына (Ақтөбе, Сазды, Қарғалы және шағын су қоймалары, Қарғалы өзенін қосқанда) және негізгі көлдерде (Орал-Каспий бассейіндегі) су қорғау аймағы  мен белдеулерінің жобалау жүргізілді.

Ақтөбе облысының коммуналдық меншігіндегі су шаруашылығы құрылғыларын паспорттандыру шараларын жүргізу іс-шаралы бойынша жұмыстары орындалды. Ақтөбе қаласы аумағында және  облыстың аудандарында гидротехникалық және топографиялық-геодезиялық зерттеулер жүргізілді.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

1.      Облыстың су айдындарын карп, ақ амур, дөңмаңдай сияқты түрлерімен  430 мың данаға дейін балықтандыру.

2.      Су қорғау аймақтары мен су қорғау белдеулері бойынша: Ор, Ойыл, Қобда өзендерін және Ащыбек, Мағаджан, Қызылсу, Әулие, Айталы кіші су қоймаларының су қорғау аймақтары мен белдеулерін жобалауда жалғастыру.

3.      Жалпы алаңы 710 га алқапқа орман дақылдарын егу.

4.      «Көкжиде құмы» жер асты суларының сапасына мониторингті жалғастыру

 

Жер қатынастары

01.01.2012 жылғы жағдай бойынша Ақтөбе облысының жер қоры 30062,9 мың га, оның ішінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер 7795,6 мың га құрайды.

Бүгінгі таңда Ақтөбе облысының аумағында 5051 агроқұрылымдар тіркелген.

Жер заңнамасына сәйкес облыс әкімдігі жер қойнауын пайдалану, құбырлар мен мұнай және газ өңдеу объектілерінің құрылысы мақсатында  жер пайдалану құқығын беру туралы 123 қаулы қабылдады.

Уақытша өтеулі жер пайдалану құқығы берілген ауданы 3207 га және 2,6 млн.теңге сомасына 123 жалдау шарты жасалды.

Ауыл шаруашылығына байланысты емес мақсаттар үшін берілген жер учаскелері үшін өтелуі тиіс ауыл шаруашылығы шығындары 163,5 млн. теңге сомасында бекітілді. Ауыл шаруашылығы өндірісінің шығындарын өтеуден түскен түсімдер сомасы 314,9 млн.теңге құрайды.

2011 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәніне түгендеу жүргізу және одан әрі мемлекеттік меншікке қайтару мақсатында аудандарда және Ақтөбе қаласында жұмыс топтары құрылды.

Түгендеумен 7855,6 мың га аудандағы барлық агроқұрылымдар қамтылды. Олардың ішінде 500,6 мың га, соның ішінде егістік 74,1 мың га аудандағы 712 жер учаскелері пайдаланылмайтыны анықталды, 107,8 мың га аудандағы 155 жер учаскелері иесіз мүлік ретінде есепке қойылды, 50,1 мың га аудандағы 38 материал Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстары бойынша Өңіраралық жер инспекциясына берілді, жер учаскесін жалдау шартын бұзу арқылы 342,7 мың га, оның ішінде егістік 29,2 га аудандағы 519 жер учаскесі мемлекеттік меншікке қайтарылды.

Сондай-ақ 2011 жылы облыстың Шалқар, Байғанин және Ырғыз аудандарындағы су көздерінің болуына суландырылған жайылым алқаптарына түгендеу жүргізілді.

Түгендеумен суландырылған жайылымдық алқаптар алып жатқан 5488,0 мың га жер қамтылды. Жоғарыда аталған аудандардағы жүргізілген түгендеу нәтижесі бойынша жұмыс істеп тұрған су көздері бар, яғни, мал суаттары үшін жарамды 322,4 мың га жер белгіленді, 3916,5 мың га қайта жаңғыртуды талап етеді және 1249,1 мың га су көздерінің болмауына байланысты есептен алып тастауды талап етеді.

Облыс орталығындағы ерекшеліктерге және жергілікті жағдайларға байланысты «Ақтөбе облысында жеке меншікке жер учаскелерін беру кезінде олар үшін базалық төлем мөлшерлемелерін белгілеу туралы» бірлескен облыстық әкімдіктің қаулысы мен облыстық мәслихаттың шешімі қабылданды. Облыс орталығында базалық төлем мөлшерлемесі 1 шаршы метрге 1287 теңге белгіленді.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

– Облыс аудандары бойынша жеке меншікке жер учаскелерін беру кезінде олар үшін базалық төлем мөлшерлемелерін белгілеу;

– Ауылшаруашылық мақсатындағы жерлерге тексеру жүргізу. Пайдаланылмайтын, тиімсіз пайдаланылатын және мақсаты бойынша пайдаланылмайтын жерлерге тексеру жүргізу;

– Әкімшілік процедураларды оңтайландыру, азайту, мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерін автоматтандыру жөнінде ұсыныс енгізу;

– Мемлекеттік қызметтің төрт түрі бойынша регламенттер әзірлеу және бекіту.

Қаржы

2011 жылы  мемлекеттік бюджетке түскен салықтар мен басқа төлемдер  Ұлттық қорды  есептегенде 560,5 млрд. теңгені құрады, 2010 жылдың деңгейінен 1,4 есе артық . Оның ішінде Ұлттық қор- 362,3 млрд. теңге(өсім-1,5 есе),  республикалық бюджет- 134,0 млрд. теңге (1,3 есе), жергілікті бюджет 64,2 млрд. теңге (110%).

Мемлекеттік бюджеттің жылдық болжамы 102,7% орындалды (Ұлттық қорды қоспағанда), оның ішінде республикалық бюджет-103%, жергілікті бюджет  101,9% орындалды.

Жергілікті бюджет түсімінің үлес салмағы мемлекеттік бюджеттің түсімінің жалпы көлемінің 32,4%. құрайды

Облыстың бюджетінің шығындары 2010 жылмен салыстырғанда 7 пайызға ұлғайды немесе 126,5 млрд. теңгені құрады.

Оның ішінде шығындардың негізгі үлес салмағы әлеуметтік саланы қаржыландыруға (57%), көліктік инфрақұрылымдар (4,1%)  мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты (16,8%) дамытуға бағытталды.

Негізгі бағыттар бойынша бюджеттің шығындары

млн. теңге

 

Сала

 

2010 жыл

Шығындардың жалпы көлеміндегі үлес, %  

2011 жыл

Шығындардың жалпы көлеміндегі үлес, %
ШЫҒЫНДАР

Білім

Денсаулық сақтау

Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамтамасыз ету

118 024, 9

37 000, 0

18 355, 3

 

4 389, 9

100

31,3

15,6

 

3,7

126 456

43 004

17 669

 

4 085

100

34

14

 

3,2

Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы 15 041, 1 12,7 21 239 16,8
Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік 8 063, 5 6,8 7109 5,6
Ауыл, су, орман, балық шарушылықтары, ерекше қорғалатын табиғи аймақтар, қоршаған ортаны қорғау мен жануарлар әлемі, жер қатынастары 6 906,1

 

5,8 9367 7,4
Көлік және коммуникация 6 474, 0 5,5 5153 4,1
Басқалары 21 795 18,6 18830 14,9

 

2012 жылға арналған міндеттер:

– дағдарысқа қарсы  күрес шараларын есепке ала отырып экономикалық өсімді қамтамасыз ете алмайтын  бюджет шығындарын қысқарту бойынша талдама жүргізу және ұсыныстар енгізу.

– тиімділік пен нәтижелілік индикаторларына негізделген бюджетті орындау мен қалыптастыру жүйесін енгізуді жүзеге асыру.

 

Кадр саясаты

2012 жылғы 1 қаңтарына облыста 4623 мемлекеттік қызметкер (өткен жылы – 4609) жұмыс жасайды, оның ішінде 2640 әйел немесе 59,4 %-ы. Жалпы саннан   2267   мемлекеттік   қызметкер   облыстық   бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарда қызмет етеді, оның ішінде 172 саяси мемлекеттік қызметкерлер.

Облыста мемлекеттік қызметкерлерді ротациялау жөніндегі жұмыс басталды.

ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауында берген өңірлік деңгейде инвестиция және индустриализацияландыру мәселелері бойына әкімнің  арнайы орынбасарларын тағайындау жөніндегі тапсырмасына сәйкес Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі, қала әкімі лауазымдарын атқарған Н.Қ.Әбдібеков облыс әкімінің  бірінші орынбасары лауазымына тағайындалды.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары  лауазымын атқарған Е.Б.Омаров Ақтөбе қаласы әкімі лауазымына тағайындалды.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде сектор меңгерушісі болып қызмет еткен Ғ.М.Тасмағамбетов Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

Басшылық санатта әйелдер санының артқаны байқалады. 19 облыстық басқарманың үшеуінде бірінші басшы лауазымын әйелдер атқарып отыр. 2011 жылғы қазан айында Г.Т.Төлебаева облыстық тілдерді дамыту басқармасының бастығы лауазымына, З.Ж.Жұмабаева облыстық ішкі саясат басқармасының бастығы лауазымына тағайындалды.

А.ж. ақпан айында облыстық білім басқармасының бастығы лауазымына Ж.Б.Самұратова тағайындалды.

2012 жылғы 1 қаңтарына 29 жасқа дейінгі мемлекеттік қызметкерлер саны жалпы саннан 1162 немесе 26,1 % құрайды. Басқа жас ерекшеліктерімен салыстырғанда бұл үлкен көрсеткіш болып отыр.

2012 жылғы 1 қаңтарына жоғары білімді мемлекеттік қызметкерлер саны жалпы саннан 3752 немесе 84,4 % құрайды. Бұл өткен жылғы 83,0 % көрсеткіштен артық.

Мемлекеттік қызметтегі орта қызмет өтілі 11,0 жыл.

2011 жылы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында 30 мемлекеттік қызметкер қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарынан өтті. Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығында 668 мемлекеттік қызметкер курстардан өтті, өткен жылғы көрсеткіш 588 мемлекеттік қызметкерді құрады.

 

2012 жылға арналған міндеттері:

– Әбден қалыптасқан кадрлардың, әсіресе жастар тарапынан, карьералық өсуін қамтамасыз ету. Жоғары оқу орындарын үздік аяқтаған, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқу бітірген жас мамандарды қызметке тарту.

– Өз лауазымдық нұсқаулықтарын орындауда, қызметтік тәртіпті және Ар-намыс кодексін сақтауда мемлекеттік қызметкерлердің жауапкершіліктерін арттыру, сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық көріністерін болдырмау атмосферасын қалыптастыру.

– Лауазымдық нұсқаулықтарды орындауда жаңа ақпараттық технологияларды тиімді пайдалануға қол жеткізу.

– Жергілікті басқару органдарында басшылық лауазымдарға әбден қалыптасқан және ынталы әйелдерді жоғарылатуды жалғастыру.

 

Мемлекеттік қызмет көрсету процестерін оңтайландыру

Бүгінгі күнге жергілікті атқарушы органдар көрсететін барлық 47 мемлекеттің қызмет стандарттары бекітілген.

2011 жылы «Мұрағаттық анықтамалар беру» жөнінде мемлекеттік қызметтің 1 регламенті бекітілді. Қалған регламенттер әзірленіп ҚР көлік және коммуникация министрлігі мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес сараптамасы институтымен келісу процесінде

«Өңірлік шлюз, «Электронды үкімет» (Е-әкімдік) шлюзінің ішкі жүйесі» ақпараттық жүйесін енгізу аясында  жергілікті атқарушы органдардағы мемлекеттік қызметтің 19 түрі электронды форматқа ауыстырылды.

«Е-әкімдікке» 3 облыстық басқарма (мұрағаттар және құжаттама, табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу, жер қатынастары басқармалары) және Ақтөбе қаласының 5 бөлімі  қосылды.

«Халыққа қызмет көрсету орталықтары үшін ықпалдастырылған ақпараттық жүйе» (ХҚКО ЫАЖ) жобасы аясында 2011 жылы ҚР байланыс және ақпарат министрлігімен (ХҚКО ЫАЖ)–ні аудандық деңгейде енгізу және дамыту бойынша шаралар жүргізілді.

Ақтөбе облысы бойынша  ХҚКО ЫАЖ-на  ХҚКО қызметкерлері,  ҚР Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 «Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызмет тізбесін бекіту туралы» қаулысы бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуге қатысатын аудандық және қалалық деңгейдегі жергілікті атқарушы органдар қосылған,

2012 жылға арналған міндеттері:

–   Е-әкімдігін облыстың 12 ауданына тарату;

–   жергілікті атқарушы органдардағы  әлеуметтік-мәні бар 5 қызмет түрлерін электронды форматқа көшіру;

–   «Е-әкімдік» АЖ аясында жүзеге асырылған электронды мемлекеттік қызмет регламенттерін әзірлеу және бекіту.

 

Қоғамдық-саяси ахуал

Ақтөбе облысында қоғамдық-саяси жағдай тұрақты.

Қазіргі таңда облыста 9 саяси партиялардың облыстық филиалдары жұмыс жасауда, партия филиалдарымен тікелей қарым-қатынас жүйелі жолға қойылған. Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы жанынан қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету және әлеуметтік келіспеушіліктің алдын алу жөнінде арнайы құрамына облыстағы барлық саяс партиялардың өкілдері кірген қоғамдық-саяси Кеңес құрылып, жұмыс жасауда. Кеңес отырысы барысында облыстағы барлық саяси құрылымның пікірлері мен ұсыныстары тыңдалып, сонымен қатар, туындаған проблемалы сұрақтарды дер кезінде шешудің жолдары қарастырылады.

Облыстағы ұлтаралық жағдай тұрақты, этностар арасында қақтығыстар тіркелген жоқ, барлық ұлт өкілдері бейбітшілік пен келісім аясында өмір сүруде.

Этномәдени орталықтар көптеген қоғамдық маңызы бар мәдени акциялардың ұйымдастырушысы мен белсенді қатысушылары болып табылады.

Ақтөбе облысында 114 діни бірлестік жұмыс жасайды. Жергілікті атқарушы органдармен облыстағы діндік жағдайларды тұрақтандыру бойынша кешенді шаралар қабылданды.

Үкіметтік емес ұйымдар жергілікті атқарушы органдардың Кеңесі мен комиссия жұмысына белсене қатысып, әлеуметтік проблемаларды шешу бойынша бірлескен іс-шаралар өткізеді. Облыс әкімдігі жанындағы мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің өзара іс-қимыл жасау жөніндегі Кеңесі жұмыс жасайды.

Конфессияаралық келісімді нығайту мақсатында көптеген шаралар өткізіліп тұрады.

Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Қазақстан халқына Жолдауын насихаттау бойынша  ақпараттық-насихаттық  топтар облыс тұрғындарымен  14 мыңға жуық кездесулер өткізіп, 500 мыңнан астам адамды қамтыды.

Тәуелсіздіктің 20 жылдығы – облысымыздың тәуелсіздік жылдарындағы  жетістіктері мен табыстарына баға беретін  аса маңызды және жарқын оқиға, бүкілхалықтық тарихи құндылығы бар төл мереке.

Жергілікті атқарушы органдар барлық жұмыс жасап тұрған бұқаралық  ақпарат құралдарымен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Жастар саясатын іске асыру жөнінен Ақтөбе облысы республика бойынша бірінші сатыда келеді.

Соңғы бес жылда жастар саясатын  қаржыландыру көрсеткіші 30 есе артып, 256 млн. 800 мың теңгені құрады. Бұл көптеген әлеуметтік-маңызды бағдарламаларды қаржыландыруға, жастардың өзекті мәселелерін шешуге мүмкіндік берді.

2011 жылы  стипендия мен гранттар иегерлерінің саны  10 еседен астам көбейіп,  қаржыландыру сомасы 45,5 млн. теңгені құрады.

Жастарды әлеуметтік қолдау бойынша жүйелі жұмыс нәтижесінде жасөспірімдер Үйінің тәрбиеленушілеріне, жетім балаларға 60 млн. теңгеге жуық мөлшерде шоттары толтырылды.

Күндізгі бөлімде оқитын  оқушылар мен  студенттерге қоғамдық көлікте жүруге  жеңілдік жасалды.

2011 жылдың наурызында  Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың қатысуымен Ақтөбе қаласында «Ауылдың гүлденуі — Қазақстанның гүлденуі» жастар марафон-эстафетасы,  студенттік құрылыс және «Жасыл ел» көгалдандыру жасақтарының еңбек маусымының ашылуына орай Республикалық форум бастау алды.

Биылғы жылы марафон-эстафетаға 90 мыңнан астам студенттер мен оқушылар қатысып, 1 млн.түп ағаш отырғызды.

6 жыл қатарынан облыста студенттер құрылыс жасақтарының қозғалысы белсенді  дамып келеді. «Жасыл ел» жалпыұлттық бастамасы қоғамдық -саяси мәнге ие болды. Жыл  сайын студенттер жасақтарында еңбек ететін жастар саны артып келеді.

2011 жылы жұмыс семестрінде жауынгерлер саны 6500-ден асып, 10 еседен астам  жұмыс көлемі атқарылды.

«Қазақстанның болашағы үшін» бастамасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын мерекелеу аясында Ақтөбе облысында ірі шаралардың біріне айналды. Ол мемлекеттік рәміздерге, Тәуелсіз Қазақстанға деген мақтаныш, патриоттық сезімді қалыптастыру негізінде азаматтарды топтастырып, біріктіруге игі ықпалын тигізді.

 

2012 жылға арналған міндеттер:

– Қоғамдық-саяси тұрақтылықты, ұлтаралық және дінаралық келісімді нығайтуға, азаматтық қоғам институтын дамытуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді түрде жүзеге асыру;

– «Қазақстан-2030» Стратегиясын, ҚР Президентінің «Әлеуметтік –экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауын, Қазақстанның үдемелі индустриялы-инновациялық даму Мемлекеттік  бағдарламасын насихаттау және түсіндіру бойынша мақсатты жұмыстар ұйымдастыру;

– Мемлекеттік ақпараттық саясатты мемлекеттік және тәуелсіз аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарымен бірлесе отыра жүзеге асыру;

– Жастардың шығармашылығын дамыту үшін жағдайлар жасау, оларды мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық дамуы жұмысына тарту, аз қамтылған, мүгедек және жетім балаларды әлеуметтік қорғау, жас мамандарды ауылдарға тарту жұмыстарын жүргізу.

 

Қоғамдық тәртіпті қорғау

Ақтөбе облысы әкімдігімен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жүйесін нығайту, қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың деңгейін азайту жөнінде кешенді жүргізілді.

2011 жылы облыстық бюджеттен бөлінген қаражат есебінен ішкі істер департаментімен 20 бірлік Дэу Нексия автокөлігі, сондай-ақ 10 бірлік УАЗ автокөлігі алынды.  Бұдан басқа, 5 объектінің жөндеуі өткізілді: «Динамо» спорт кешені, облыстық ІІД ғимараты, Шалқар аудандық ІІБ-нің ғимараты мен Алғашқы дайындық училишесі және қоғамдық қауіпсіздікті қорғау басқармасының ғимараты қайта жоспарланып, жөнделді. Сонымен бірге, Темір ауданының Кеңқияқ КПБ күрделі жөндеуден өтіп, Мәртөк ауданының ІІБ әкімшілік ғимараты газдандырылды.

Сонымен қатар, есептік кезең ішінде Ойыл ауданының Ойыл селосындағы аудандық прокуратура мен сотының бірлескен ғимараты салынып, пайдалануға берілді.

Қоғамдық құрылымдар мен жұмыстар жалғасын табуда. Ақтөбе облысы аумағында ішкі істер органдарымен 656 қоғамдық құрылымдар 2645 адаммен қызмет жасайды,  228 консьерждер, оның ішінде Ақтөбе қаласы бойынша 72 адам. Облыстағы қоғамдық құрылымдардың құқық қорғау органдарымен: «Сарбаздар» тобы – 405 (1420 адам), «Сақшы» тобы – 12, студенттер тобы – 12, учаскелік полиция пунктері жанындағы қоғамдық кеңес – 69, сондай-ақ, 158  қоғамдық көмекшілер жұмыс жасайды.

2011 жылғы 12 айында қоғамдық құрылымдардың қатысуымен 124 қылмыс ашылды, түрлі әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін 2148 адам ұсталды.

Сонымен бірге Қазақстан Республикасы Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Ақтөбе облысы бойынша басқармасының статистикалық деректері бойынша өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 2011 жылғы 12 айында  қылмыстар саны 5 734-тен 8 719-ға дейін, 1,5 есеге өскен.

Оның ішінде аса ауыр қылмыстар 23,7%, ауыр қылмыстар 15,8%, қоғамдық орында жасалған қылмыстар 73,5%, көшедегі қылмыстар саны  37,6%, бұзақылық 68,8%,  ұрлық 93,4%, мал ұрлығы 23,7%, айдап әкету 70,3% өскен.

Есірткімен байланысты қылмыс саны 3 есеге, оның ішінде есірткіні өткізу 2,5 есеге азайды. Сонымен қатар, жасөспірімдер қылмысы -11,4%, кісі өлімі  -2%, қорқытып алушылық -38,5 төмендеді.

Қылмыстардың ең көбі Ақтөбе қаласы аумағында, Хромтау, Мұғалжар, Алға, Мәртөк, Шалқар аудандарын да қылмыс тіркелген.

Қылмыстардың ашылуы 2011 жылғы 12 айында 51,8%, өткен жылғы ұқсас кезеңде – 72,0% құрайды.

Қылмыс санының көбеюі және оның ашылу деңгейінің төмендеуі республика бойынша қылмыс туралы барлық өтініштер мен хабарламаларды толық және объективті тіркеудің қатаң курсы жүргізілуімен түсіндіріледі. Сондай-ақ, қылмыстық қудалау органдар басшыларының қылмыстарды есепке алудан жасырып қалу жауапкершілігі күшейтілген.

Сонымен қатар, 67 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді, өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда – 22,1 %-ға төмендеген.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық үшін 186 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда – 24,1 %  (2010 жылдың 12 айында – 245) төмендеген.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес саласында мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру мақсатында облыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі Өңірлік комиссия жұмыс істейді. Тоқсан сайын комиссияның отырыстарында  сыбайлас жемқорлықпен күрестің түйінді мәселелері, Ақтөбе қаласы және аудан әкімдері мен облыстың атқарушы орган басшыларының есептері тыңдалады.

Ақтөбе облысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға іс-шаралар жоспары әзірленді.

2012 жылға арналған мақсаттар:

–         қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу және ескерту жұмыстарының сапасын жақсарту;

–         құқықтық түсіндіру жұмыстары мен мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саясатын насихаттауды күшейту жөнінде шаралар қабылдау;

–         ұйымдасқан қылмысқа, нашақорлыққа, экстремизм және заңсыз көші қонға қарсы сенімді жүйені қамтамасыз ету;

–         мемлекеттік органдардың басшыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жауапкершілігін қатаңдату;

–         бұқаралық ақпарат құралдары мен азаматтық қоғам институттарымен бірігіп қарым қатынас жүйесін жетілдіру;

 

 

Төтенше жағдайларды болдырмау жөніндегі шараларды қамтамасыз ету

 

 

Облыста  табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алуды және жоюды ұйымдастыру бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілді.

Көктемгі су тасқының  қауіпсіз өткізу үшін  бюджеттен  35,5  млн. теңге бөлінді.  Су тасқыны науқаны алдында 97 мың тонна қар шығарылып тасталды.  Ашық типті арық жүйесін, жолдардағы, автомобиль  мен теміржол көпірлерінің астындағы  су өткізгіш құрылғыларды тазарту жұмыстары жүргізілді. Апаттан құтқарушылар және құрал-жабдықтар толық дайындықта болды.  Қолданылған шаралар нәтижесінде су тасқынына байланысты төтенше жағдайды болдырмауға қол жеткізілді.

Қысқы кезеңде  ауа-райы бұзылған жағдайда төтенше жағдайларды болдырмау бойынша шаралары  қабылданды,  қар тазарту жұмыстарына бақылау,  дауыл болатындығы туралы ақпараттандыру жүзеге асырылды.

Үстіміздегі жылы қауіпті өрт кезеңінің алдында барлық аудандардың селолық округтерінде ерікті өртке қарсы құрылымдармен арнайы-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді, мұнда орман-дала өрттерін сөндіруде барлық қызметтер мен құрылымдардың іс-әрекеттері жасалынды.

«Ғарыштық зерттеу институты» МКД  арасында 2011 жылға орман-дала өрттеріне күнделікті ғарыштық мониторинг жүргізуге келісімшарты жасалды.

Ерікті өрт сөндіру құрамаларын жабдықтау үшін 94,8 млн. теңгеге  мотопомпалы ыдыстар мен жеңіл өрт сөндіру автокөліктерін сатып алынды.

Облыс аудандарында құрамында 3255 адамы, 721 бірлік әр түрлі техникасы, 122 мотопомпасы, 348 су жеткізетін ыдысы, 1300  аспалы өрт сөндіргіші, 852 топтамалы арнайы киімі, 2845 сапалағы бар  263 ерікті өртке қарсы құрылымдар құрылды.

Орман-дала өрттерін уақытында сөндіруді ұйымдастыру бойынша іс-шаралар қабылданды. 2010 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда өрттер мен өрттен зардап шеккен далалық алқаптардың аумағы елеулі азайды.

Жергілікті және объективті ауқымдағы ТЖ жоюға, Мұғалжар ауданы аумағында табылған радиоактивті заттарды шығаруды және өртке қарсы іс-шаралардың алдын алуды ұйымдастыруға, ғарыштық мониторинг нәтижелерін пайдаланып оларға  шұғыл ден қоюға қатысты.

Есепті кезеңде облыс аумағында 50 табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай тіркелді, бұл 2010 жылға қарағанда 3 есе төмен.

Зардап шеккендер саны 2 есе азайды және 62 адамды құрады. Төтенше жағдайлардың әсерінен материалдық шығын болған жоқ.

2010 жылмен салыстырғанда техногендік төтенше жағдайлар 16 жағдайға немесе 36 % төмендеді.

Табиғи сипаттаға төтенше жағдайлардың саны 21 жағдайды құрады немесе ТЖ жалпы санының 42 %  (81 % төмендеді).

 

2012 жылға арналған міндеттер:

азаматтық қорғаныс бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және іске асу, табиғи және техногенді сипаттағы ТЖ алдын алу және жою жөнінде уақытылы іс-шараларды қабылдау үшін АҚ пен ТЖ өздерінде бар құралдар мен күш топтарының жедел дайындығын  толық қамтамасыз ету;

қардың көктемгі еруіне, су тасқынына, гидро құрылғылардың нығайтуға дайындық жұмыстарын қамтамасыз ету.

 

Қорытынды

Мемлекет Басшысының  Қазақстан халқына  арнаған жаңа Жолдауы  адамдар өмірінің барлық жақтарын қамтыды және  Қазақстандық қоғам өмірінің жаңа кезеңі – әлеуметтік жаңғырту кезеңінің бастамасы болды.

Әлеуметтік қайта құрылымдаудың түпкі мақсаты  интеллектуалды ұлттың жаңа мүмкіндіктерге қол жеткізуі, жаңа заманауы әлемде өз орнын тауып, өз мүмкіндіктерін дамыту және кеңейту, сонымен қатар, инновациялық ойлауға негізделген мүмкіндігін дамыту болып табылады.

Елбасының жаңа бастамасы Ақтөбе жерінде де тұрғындар арасында  кең қолдауға ие болды. Еліміздің болашағына деген сенім тұрғындарды Мемлекет Басшысының алға қойған  міндеттерін шешуге жұмылдырды  және тәуелсіздіктің 20 жылдық кезеңдегі өңірдің әлеуметтік-экономикалық  дамуында жоғарғы белестерге жетуіне қол жеткізілді. Бүгінгі таңда  Мемлекет Басшысының Жолдауында қойылған кезекті міндеті өңірдің жұмыскерлері игере алатындығы және ақтөбеліктер оны абыроймен орындайтындығына нық сеніммен айта аламыз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button