Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі іске қосылды

Аудит
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Ішкі мемлекеттік аудит комитеті мемлекеттік қаражаттың тиімді және мақсатты жұмсалуын қамтамасыз ету мақсатында онлайн бюджеттік мониторинг жүйесін енгізіп отыр. Жаңа жүйе — бюджеттік шығындарды бақылаудың заманауи әрі ашық тетігі.
Онлайн бюджеттік мониторинг жүйесі — нақты уақыт режимінде бюджеттік қаражаттың қозғалысын бақылауға мүмкіндік беретін цифрлық платформа. Оның көмегімен мемлекеттік мекемелердің қаржы игеруі туралы деректер халыққа ашық түрде ұсынылады.
Комитеттің мәліметінше, бұл бастама бюджетті жоспарлау мен орындау кезеңдеріндегі айқындықты арттыруға, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге және халықтың билікке деген сенімін күшейтуге бағытталған. Сонымен қатар бұл платформа өңірлер мен мекемелер арасында қаржылық салыстырмалы талдау жасауға жағдай туғызады.
Онлайн бюджеттік мониторинг құралы — «Ашық үкімет» тұжырымдамасын іске асырудың нақты көрінісі. Осы орайда Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №597 бұйрығымен бекітілген тәуекелдерді басқарудың типтік жүйесіне сәйкес жалақы төлеуге бағытталған бюджет қаражатының пайдаланылуын бақылауды күшейту мақсатында Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментіжалақы төлемдеріне білім,денсаулық сақтау,мәдениет және спорт салаларында мониторинг жүргізуде. Мәселен, бүгінге дейін департамент облыс бойынша 11 түрлі профиль бойынша 16 174тәуекел жағдайын тіркеді,оның ішінде 3063 материалқаралып,мекемелерге 162 хабарлама жолданды.
Мониторинг нәтижесі бойыншаХромтау ауданындағы Қарлау бастауыш мектебінде бір мұғалімге — 2,1 млн теңге, сондай-ақАқтөбе қаласындағы Қ.Сәтбаев атындағы орта мектеп-лицейінде бір мұғалім мен техникалық маманға 396,8 мыңтеңге артық жалақы аударылғаны анықталды. Қазір келтірілген шығындар мемлекеттік бюджетке толық өтелді.
Бану ЕҢСЕПОВА,
Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит
департаментінің жоспарлау, талдау, есептілік және сапаны
бақылау бөлімінің бас маманы.