38 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Аудит
Ақтөбе облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті биыл бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша 36 аудиторлық іс-шара өткізді. Оның ішінде 35-і жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектілері, біреуі республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен квазимемлекеттік сектор субъектісі.
Аудиторлық іс-шаралар кезінде жалпы сомасы 11980,1миллион теңге бюджет қаражаты және мемлекет активі қамтылып, жалпы сомасы 11972,0 млн теңгеге бұзушылықтар анықталды. Анықталған бұзушылықтардан қаржылық бұзушылықтардың сомасы426,2 миллион теңгені және рәсімдік бұзушылықтар мөлшері 11545,8 миллион теңгені құрады.
Есепті кезеңде анықталған жалпы сомасы 426,2 миллион теңге қаржылық бұзушылықтардан 165,3 миллион теңге өтелді және қалпына келтірілді. Оның ішінде бюджетке 14,9 миллион теңге өтелді және жалпы сомасы 150,4 миллион теңгеге тауарларды жеткізу, жұмыстарды орындау, қызметтерді көрсету және есеп бойынша көрсету арқылы қалпынакелтірілді.
Департамент тарапынан есепті кезеңде 38 лауазымды тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылып7,0 миллион теңге айыппұл салынды және ол толығымен бюджетке өндірілді.
Сондай-ақ ағымдағы жылдыңаудиторлық қызмет нәтижелері бойынша 28 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
К.ҚОПАЕВА.



