Заң мен тәртіп

Мопед те көлік, енді оны тіркеу керек

Брифинг

Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингте полиция өкілдерімопедтергеқатыстыжол-көлікапаттары, отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастар және жасөспірімдер қылмысының алдын алу секілді үш маңызды мәселе туралы айтты.

Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Ардана Саймағамбетовтің айтуынша, былтыр облыс аумағында мопед жүргізушілерінің қатысуымен 87 жол-көлік оқиғасы тіркелген, оның ішінде 5 адам қайтыс болып, 98 адам жарақат алған. Жол-көлік оқиғасының 60-ы Ақтөбе қаласындаболған.

— Жол-көлік апаттарының негізгі себептері — маневр жасау ережелерін бұзу, жол белгілері мен жолақтарды елемеу және жылдамдықты асыру. Ерекше назар жасөспірімдерге аударылып отыр. Себебі жол-көлік оқиғаларының 50-і жас жүргізушілердің қатысуымен болған.Бұған дейін мопедтер көлік құралы ретінде ішкі істер органында тіркелмейтін. Енді тіркеу керек. Елімізде 5 сәуірден бастап мопедтер ресми түрде механикалық көлік құралдарына теңестірілді. Оларды басқару үшін А1, А немесе В санаты бойынша жүргізуші куәлігі, техникалық тексеру және азаматтық жауапкершілік болуы қажет, — деді Ардана Саймағамбетов.

ІІМ отбасылық-тұрмыстық қарым-қатынастардағы құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімін құрды. Өңірдегі осындай бөлім күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр.

Сондай-ақ Қылмыстық Кодекске өзгерістер енгізіліп, денсаулыққа жеңіл зиян келтіру (108-1-бап) немесе ұрып-соғу (109-1-бап) үшін түрмеде отыру жазасы қарастырылған. Бұл өзгерістер ел Президентінің бастамасымен әйелдер мен балаларды отбасылық зорлық-зомбылықтан қорғау және оның жазасын күшейту мақсатында енгізілген.

Ардана Саймағамбетовтің айтуынша, өткен жылдың нәтижесіне сәйкес жасөспірімдер арасындағы қылмыс саны 25 пайызға төмендеген.

— Осы қылмыстардың себептері мен жағдайларын объективті және жан-жақты зерттеу мақсатында барлық оқиға толық тіркеледі, — деп атап өтті облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары.

Айтпақшы, полиция өкілдері алдын алу іс-шаралары ретінде кездесулер ұйымдастырып, лекциялар және көңіл көтеру орындары мен ойын клубтарына рейдтер өткізеді.

Айнұр ІЛИЯСҚЫЗЫ.

 

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button