Білім

Мектептерде интернет сапасы жақсарады

Облыс әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдің білім беру жүйесін цифрландыру мәселесі қаралды.

Білім басқармасының басшысы Бұлбұл Күзембаева мектептерді сапалы интернетпен қамтамасыз ету және оқу процесін автоматтандыру туралы баяндама жасады. Бүгінде аймақтың барлық мектебі интернетке қосылған. Атап айтсақ,249 мектепте интернет жылдамдығы 100 Мбит/с және одан жоғары болса, 184 мектеп интернетті 50-80 Мбит/с жылдамдықпен пайдаланады.Сондай-ақ 221 мектеп талшықты-оптикалық байланыспен, 167-і— радиорелелік байланыспен, 45-і Starlink желісімен қамтылған.

Жиында Асхат Шахаров педагогтерді аттестаттау және олардың біліктілігін арттыру тиімді автоматтандыруды талап ететін негізгі процесс екенін атап өтіп, оны оңтайландыру үшін цифрлық шешімдерді енгізуді жеделдету туралы тапсырмалар берді.

Өз тілшіміз.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button