Білім

Жаңа форма — ерекше дизайндағы бомбер

Колледж

Бірыңғай білім беру ұйымдары формасының мақсаты — тәртіпті нығайтып, білім ордасының беделін көтеру, балалардың адамгершілік қасиеттерін дамытып, мәдениетін арттыру.

Негізі, бірыңғай білім беру ұйымдары формасының талаптары 2007 жылғы  27 шілдедегі ҚР «Білім туралы» Заңының нормаларынан туындайды. Осы Заңға сәйкес Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 бұйрығымен білім беру ұйымдары үшін міндетті формаға қойылатын талаптар бекітілген болатын. Осы ретте Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің білім алушыларына 2024-2025 оқу жылынан бастап арнайы тапсырыспен, ерекше дизайндағы бомбер күнделікті форма ретінде енгізілді.

— Колледжіміз техникалық өндірістік мамандықтарды даярлайтын білім ордасы болғандықтан, қимыл-қозғалысқа ыңғайлы әрі заман талабына сай болуы керек. Колледж эмблемасы мен Білім және ғылым министрлігінің әр жұма сайын қазақша атрибуттары бар киімдерді қолдану, оны кеңінен насихаттау туралы бекіткен заңын ескере отырып, осы форманы оқу орнымыздың ішкі тәртібіне енгізуді жөн көрдік. Дизайнермен сөйлесіп, ұсынысымызды басшыға жеткіздік. Кейін топ жетекшілері мен білім алушылардың ата-аналарының да келісімін алдық. Осылайша көрген жұрт қызығатын, қайталанбас колледж формасы қолданысқа енгізілді. Жаңа форманы қазір оқушыларымыз киіп жүр. Бастысы білім алушылар дән риза, жаңа форма сабаққа да,өндірістік іс-тәжірибеге де ыңғайлы, — дейді колледж директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Мәдина Асылбекқызы.

 Сағыныш ОРЫНБАЕВА,

Ақтөбе өнеркәсіптік технологиялар колледжінің қызметкері.

Ақтөбе қаласы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button