Жаңалықтар
Қазақстан Республикасы Көлік вице-министрі Сәтжан Аблалиев Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді

2025 жылғы 11 сәуір күні ҚР Көлік вице-министрі Аблалиев Сәтжан Әйтенұлы Ақтөбе облысының тұрғындарымен кездеседі.
Күн тәртібінде ҚР Көлік министрлігінің құзыретіне кіретін мәселелер қаралады.
Кездесу сағат 09:00-де Ақтөбе қ., Алтын Орда шағын ауданы, 24г мекен жайы бойынша орналасқан Шығармашылық академиясының ғимаратында өтеді.
Тұрғындар мен БАҚ өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Толық ақпарат үшін тел: WhatsApp +7 707 617 12 93 – Сакен Кубышев



