Экономика

Байғанинде цемент зауыты салынады

Инвестиция

Ауданда жылына 1 млн 300 тонна өндірістік қуаты бар «ҚазЦемент» зауыты салынбақ.

Қазақстандық «Primus Capital» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіқытайлық «Cement Itd» инвестициялық компаниясымен Байғанин ауданында зауыт салу жөнінде келісімге келіп, шартқа қол қойған.

Осы айдың басында аудан әкімі Айбек Көпенов аталған инвесторлармен арнайы кездесті. Кездесуде екі тарап арасында жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту, қажетті мамандарды оқыту сынды мәселелер талқыланды.

— Цемент зауытының құрылысы биыл басталады. Жоба құны— 200 миллион АҚШ доллары. Құрылыс жұмыстарына 3 мың адам тартылмақ. Оның 80 пайызы жергілікті жердің тұрғындары болады, — деді аудан әкімінің орынбасары Рүстем Раушанов.

Оның айтуынша, зауыт құрылысы18 айға жоспарланған.

Рита ХАЛЫҚҚЫЗЫ,

Байғанин ауданы.

Басқа жаңалықтар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button